Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668 – 1781 ) қазақтың ұлы жырауы. 18 ғасырдағы жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ – жоңғар соғысының бастау-шысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.
Шыккан тегі Арғын тайпасының Қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны « көмекей әулие » деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысы-ның 66 шы ауыл . " Қарақ " деген жер
Әдебиеттанушылар Бұқар жырау толғауларының жазба әдебиетке тән сипат белгілерін атап айтканда, әлеуметшілдік сарының, азаматтық нысанасын, сондай – ақ, жыраудың даралық өзгешеліктерін талдаса ( Әуезов ), екіншілері өмірі мен шығармаларына үңіледі ( Мұқанов, Жұмаға-лиев , Мұқаметканов, Мағауин ), соңғылары жыр-аудың тілі мен стилін қарастырады ( Сыздықова). Сөз жоқ Бұкартану ілімінің қалыптасуы мен да-муы тарихы бар. Болашақта ұлы жырау мұрала-ры жанаша көзқарас, дүниетаным тұрғысынан тексерілуге тиіс.
Бұқар жырау
Бұқар жырау
Жыраудың шығармаларын жинастырған Мәшһүр Жүсіптің айтуынша, Бұқар арғын ішінде Төртуыл Қаржастан шыққан. Бұқардың әкесі Қалқаман, батыр болған көрінеді. Жыраудың туған, өлген жылдары жайында да нақты деректер жоқ.
Заманының бізге бір табан жақын тұрғанына, өмір сүрген дәуірдегі көптеген тарихи оқиғалар халық жадында жақсы сақталғандығына қарамастан, Қазақтың ескіде өткен басқа ақын жыраулары сияқты Бұқар өмірі хақында да біздің білеріміз тым тапшы.
Қорытынды
Бұқар жырау - Абылайдың жанындағы уәзірі, заман күйін сынға салып, қорытынды айтып , бет нұсқайтын кемел ақылшысы. Абылайдай ханмен бірге қалың елге өcuem айтады. Айтатын сөзінің барлығы да күнде қазақ елінің басына келіп тұрған саяси хал, тарихи дәуірге арналады.