Өмірдің мәні не?



Дата04.10.2022
өлшемі14,45 Kb.
#41230
Байланысты:
Өмірдің мәні не


Орындаушы: Нақыпбек Дильназ
Өмірдің мәні не?
Шыны керек, бұл сұраққа тоқталып жауап беріп көрмеппін. Жалпы бұрында естіген болатынмын, бірақтан жауап ойыма бірден келмейтін еді. Осы өзіндік жұмыстың тақырыбы жайлы естіген соң мың ойландым. Тіпті санамда сан алуан сұрақтармен өмірдің мәнін ойлап, өз-өзіме бірнеше сұрақтар қойып, біраз ойландым. Соның нәтижесінде ойыма өзімнің күнделікті ойлайтын қарапайым заттарым келді.
Өмірдің мәні – меніңше, өмірдегі бар мүмкіндіктерді қолдану, бір орында тұрып қалмай талпыну, басқалардың ойын ойламай армандарымызға қол жеткізу, бар затыңа шүкіршілік ету, әрбір сәтті бағалау және ата – анаңның мақтанышы болып, өзіңе көңілің тола білуде. Өмірдің мәні өзің өсе келе құндылықтарың өзгергенненде ауысып отырады. Құндылық негізінен ол бір нәрсенің маңыздылығы. Әр адамда қымбат деп санайтын құндылықтар көп, олар ата-ана, мен туған-туыстар, ұлтымыз мен мемлекетіміз, тіпті кейбір адамдар үшін ақша болуы мүмкін. Қазіргі таңда менің құндылықтарым – сабақты жақсы оқу, оқып жатқан тілдерімді толық меңгеру, анамның үмітін ақтау, жалпы айтқанда, болашағымды ойлау деп айтамын. Өмірдің мәні үлкен зат болуы да міндетті емес. Бұл рахат әкелетін кез келген зат болуы мүмкін: би, өнер түрі немесе тағы басқа. Ең бастысы – ізденуден қорықпау, жаңа заттарды көру, өзгерістерге ашық болу. Ойлап қарасаң, өмір – сондай қызықты! Біз білмейтін қаншама нәрсе бар. Жүз жыл өмір сүрсеңде мына өмірден бәрін біліп кете алмайсың. Неге жаңа нәрсені тануға ұмтылмасқа?
Ал енді болашақта жалпы адамзатты не күтіп тұр деген сұраққа тоқталатын болсақ, болашақтың қамы әр адамды болсын мазалайтын маңызды сұрақтардың бірі. Қанша қаласақта келешегіміздің қандай боларын нақты ешуақытта да біле алмаймыз. Бірақ әрбіріміз мінсіз болашақ құру үшін әрекет жасап, сол әрекеттің жемісін көре аламыз. Адамның жасаған ісі, ойлаған ойы оның болашағын құрады. Демек, болашақ жастардың қолында деп бекер айтылмаған секілді. Себебі дәл осы өскелең ұрпақ табиғатты қорғау шараларын жасап, жаңа технологиялар ойлап тауып болашағымызды жарқын әрі жоғары деңгейге көтере алады.

Қорытындылай келе, өмірдің мәнін іздеу, жауабын таппай өмір бойы осы сұрақты өзіңе қою адам баласы үшін өте қалыпты нәрсе деп ойлаймын. Және де уақыт өте келе, өмірлік кезеңдерге сай өміріміздің мәні әрі маңызы, өмірлік құндылықтарымыз өзгереді. Тек сол дәл уақытында болып жатқан, орын алған нәрселердің, заттардың маңыздылығын, құндылығын бағалап, қадірін түсіну- міне осы ең бастысы!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет