Ойындар жеке дара іс əрекет сюжетті рөлді аз қимылды дидактикалық үстел үсті театр ойындары
|
Дамытушы жаттығу. "Қанша жəне қандай айырмашылықтары бар?"
Балалардың қабылдау, зейін, ойлау қабілеттерін дамыту; зеректікке, байқағыштыққа тəрбиелеу.
Құралдар: суреттер жұптары (екінші суретте, бірінші суретке қарағанда, бір қарағанда, көзге көрінбейтін бірнеше өзгерістер болады).
Шарты.
Педагог балаларға бірінші суретті көрсетіп, содан соң оған ұқсас екінші суретте көруге ұсынады. Балалар екінші суретте, біріншіге қарағанда, не өзгергенін айтады,
айырмашылықтарын табады.
Сюжеттік-рөлдік ойын. "Аспазхана". Балалардың аспазханада жұмыс істейтін мамандар: аспазшы, даяшы, кассир, гардероб қызметкері туралы білімдерін тиянақтау; қоғамдық орындарында əдептілік, тамақтанудағы этика ережелерін меңгерту, ұстануға ынталандыру; сыпайылық негізінде қарым-қатынастарды құруға, еңбекті қадірлеуге тəрбиелеу.
Құралдар.
Аспазхана жиһаздары (үстелдер мен орындықтар), аспазхана қызметкерлеріне (аспазшы, даяшы, кассир, гардероб қызметкері) киім үлгілері мен құралдары. Шарты.
Педагог балалармен бірлесіп, алдын-ала жұмыста аспазхананың адамдар (тұтынушылар) үшін тамақтандыру қызметі мен маңызы туралы əңгімелеседі. Алдын- ала жұмыстарда суреттер көрсетіліп, педагогикалық жағдаяттар шешіліп жатады. Балалардың рөлдерді атқарудағы қалаулары, содан соң санамақ амалы қолданылады. Сонымен қатар, педагог балалармен бірлесіп ұсынылатын белгілі тағамдардың тізімдерін, мəзірді жасайды. Ол үшін педагог жəне балалар кешкі уақыттарда түрлі тағамдардың суреттерін журналдардан қиып алады, ойында қолданады.
Педагог адамдардың келуі алында (балалар орындарында отырып) қызметкерлердің жұмысын бақылайды. Барлық тағамдар əзірленген кезде, балалар (тұтынушылар) тамақтану залына шақырылады.
Даяшы келген тұтынушыларға мəзір
ұсынады, балалар тапсырыс береді,
|
Логикалық ойын. "Келешекте неге айналады?"
Балалардың қоршаған заттар мен құбылыстар, адам мен жан-жануарлар тіршіліктеріндегі білімдерін тиянақтау; логикалық ойлау, есте сақтау, елестету қабілеттерін дамыту; тапқырлыққа, ұғымталдыққа тəрбиелеу.
Құралдар. Заттық суреттер немесе мнемокарточкалар болу мүмкін.
Педагог тапсырмаларды сөз арқылы ғана да беру мүмкін.
Шарты. Педагог атаған жанды немесе
жансыз объектіге немесе көрсеткен суретке қарап, объектінің немесе құбылыстың келешекте неге айналатынын атау керек.
Педагог ойын шартын балаларға былай түсіндіру мүмкін: "Мен атаған (көрсеткен) жанды немесе жансыз объект, құбылыс келешекте не болады?"
Педагог ұсынатын сөздер мен сөз тіркестері: жасыл жапырақ күзде; өзен қыста; бала өскенде; ұн; жауын қыста; балапан; бұзау; түн; күшік; іргетас; көшет; аяздың болуы; дəн; жұмыртқа; қардың жауғаны; қар көктемде; желде сарғайған жапырақтар; кеш; көжек; көп еңбек; оқу оқу; адамдардың бір-біріне көмектесуі; сүт.
Сюжеттік-рөлдік ойын. "Пошта". Балаларға поштаның қандай жер екендігін түсіндіру, бұл жерде қандай мамандар қызмет ететіні туралы жалпы мағлұматтарды бекіту; ойын кезінде ауыспалы заттарды (хат, тапсырыс хат, бандероль, сəлемдеме) қолдануды үйрету; топтастармен бірлесіп, ойын желісіне қосылып, өз орнын табуға ынталандыру; ойлау, ой- қиял, қарым-қатынастық қабілеттерді дамыту; заттармен жəне заттарсыз əрекеттену біліктерін дамытуды; еңбекті құрметтеуге, сыпайылыққа тəрбиелеу.
Құралдар.
"Пошта" жазуы, арнайы бөлінген орындар; қаптау қағаз материалы, байлауға жіптер, қайшы; хат, тапсырыс хат, бандероль, сəлемдеме сияқты заттардың жасанды макеттері;
|
Дидактикалық ойын. "Сөздер тізбегі". Балалардың сөздік қорын байыту, ой шапшаңдығын, зейінін дамыту; өзара жағымды қатынастарды нығайту.
Шарты.
Педагог балаларға қандай сала туралы сөздерді құрастыратындарын айтады. Осы жағдайда "Отбасы" тақырыбы.
Педагог "Отбасы" ұғымына байланысты сөздің бірін айтып, кезекті келесі отырған балаға береді. Сөзді дəл уақытында таба алмаған бала өз қатесін өтейді, өнерін көрсетеді.
Сюжеттік-рөлдік ойын. "Отбасы". Балалардың отбасы мүшелері жөнінде ұғымдарды нығайту; отбасында мүшелерінің отбасыда атқаратын рөлі неде екендігін пысықтау; үлкенге құрмет, жағынға деген сүйіспеншілік сезімдеріне тəрбиелеу.
Құралдар.
Отбасы мүшелеріне қажет заттар: көзілдірік, ыдыс-аяқ, алжапқыш, ойыншық- саймандар, кітап, газета, сыпырғыш, шелек пен сүлгі, ойыншықтар, ойыншық тұрмыстық техника тағы басқа заттар мен киім үлгілері.
Шарты.
Балалар өзара отбасы мүшелері рөлдеріне бөсіліп жатады, өздеріне қажет киім жəне құралдарды алып, орындарына барады.
Педагог балалармен бірлесіп, алдын-ала күн тəртібіндегі қандай оқиғаны сомдау қажет екендігін анықтап жатады.
Педагог диалогтарда əдептілік ережелерінің сақталуын, ойыншылар арасында сөйлеу тізбектерін реттейді, тиянақтау сұрақтарын қояды."
|
Дамытушы жаттығу. "Не өзгерді?" Балалардың қабылдау, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту; зеректікке, байқағыштыққа тəрбиелеу.
Құралдар: түрлі заттар мен ойыншықтар. Шарты.
Педагог балалардың алдына таныс ойыншықтарды немесе заттарды ұсынады. Саны алғашында 6-дан басталады, содан соң 10-12 ге де жеткізуге болады.
Ойыншықтар сапта тұрған кезде, балалар олардың реттік санын айту мүмкін.
Балалар көзін жұмып, педагог ойыншықтардың қатардағы тұрғанын өзгертеді.
Балалар көздерін ашып, қандай ойыншықтың қай орынға ауысқанын айтады.
Сюжеттік-рөлдік ойын. "Үй құрылысы".
Балалардың ұй құрылысына қатысатын мамандар жөнінде білімдерін кеңейту, тиянақтау; нəтижелі қарым- қатынастарға, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тəрбиелеу.
Құралдар.
Құрылыс материалдар, қағаз беттері, қара қарындаштар, сызбалар, ойыншық жүк машиналары, құрылысқа қажет ойыншық құралдар (балға, бұрағыш, тістеуік, тағы басқалар).
Шарты.
Педагог балалармен құрылысқа қатысатын мамандар жөнінде алдын- ала əңгімелеседі. Балалар сəулетші, инженер-құрылысшы, кірпішті қалаушы, жүргізуші, жүк тасушы сияқты мамандардың міндеттерін анықтайды. Балалар өзара құрылысқа қатысатын мамандарға бөліне бастайды; өздеріне қажет киім жəне құралдарды алып, орындарына барады.
Педагог балалармен бірлесіп, ойынды
сəулетші бастайтынын айтады.Содан соң балалар жүк тасушы, жүргізуші, кірпіштерді қалаушылар жəне инженер- құрылысшы сияқтылардың қызметтерін атқарып жатады.
Педагог диалогтарда əдептілік ережелерінің сақталуын, ойыншылар
арасында сөйлеу тізбектерін реттейді,
|
Дидактикалық ойын. "Логикалық жұптар" (Табиғат құбылыстары).
Балалардың белгілі құбылыстар салынған карточкаларды логикалық екі карточка жұптарына жинап, біріктіру; білімдерін жүйелей білу, есте сақтау, ойлау, елестету, сөйлеу қабілеттерін дамыту; түрлі құбылыстарға қызығушылықтарды арттыру; іздемпаздыққа тəрбиелеу.
Құралдар.
Түрлі табиғи құбылыстары салынған сурет- карточкалар.
Шарты.
Балалар табиғат құбылыстарын шартты белгілі суреттерге қосып, логикалық жұптарды құрастыру керек.
Логикалық жұптар тізбектері мына сияқты болу мүмкін: тамшы - жаңбыр; тамшы - мұздардың шатырдан тамшылағаны; тамшы - тұман; тамшы - кемпірқосақ; тамшы - мұз; тамшы - бұлақ; жапырақ - ағаш; жапырақ - жапырақ - бұта; жапырақ - гүл; т.б.
Сюжеттік-рөлдік ойын. "Театр". Балалармен бірге театр орнының не екенін, оның адамның өмірінде қандай орын алатыны туралы ойын барысында анықтау; артист, режиссер, оператор, жарықты беруші, гардеробшы, капельдинер, костюмді əрлеуші, суретші, бет əрлеуші сияқты мамандары жайында біліктерін тиянақтау; жағымды қатынастарын қалыптастыру; мəдени мекемеде тəртібі ережелерін пысықтау; мəнерлеп сөйлеуін дамыту; достыққа тəрбиелеу.
Құралдар. Сахна орны, "Театр" жазуы; сахналық қойылымдарға қажет сахна макеттері (үйшік, ағаш, қаша, т.б.), мүмкіндік болса, перделер), кейіпкерлердің костюмдері, кейіпкерлер қолға ұстайтын қажетті құрал-жабдықтар.
Шарты.
Педагог балалармен бірлесіп, алдын-ала театрда қандай қойылымдар болатыны туралы суреттерді қарап, көрермендер мен артистер арасында қандай айырмашылықтардың болғанын анықтайды.
Қойылымның көрермендер алдында əдемі өтуіне режиссер, дыбыс режиссері, оператор, жарықты беруші, костюмді əрлеуші, суретші, бет əрлеуші сияқты мамандардың орны туралы талқылайды.
|