Ойындар үстел үсті саусақ дамытушы ойындары
|
Үстел-үсті ойыны "Жалпы атауын бер". Мақсаты: Балаларға лото карталары беріледі. Балалар белгілі карточкаларды топтастырып жалпы атауын атайды. (жануарлар, құстар, үй құстары, үй жануарлары, қыздардың жəне ұлдардың киімдері)
|
Саусақ жаттығуы
Он саусақ
Жалғыз саусақ тіпті де, (сұқ саусақты ашып жұмамыз)
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті, (бас бармақ пен сұқ саусақты қосамыз)
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды, (бас бармақ пен сұқ саусақты жəне ортанғыны қосып қимыл жасаймыз)
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ! (он саусақты көрсетеміз)
Қала салсақ, жол салсақ. (қолымызды алдыға қарай созамыз)
М. Əлімбаев
|
Дидактикалық ойын «Домино» Мақсаты: «Баланың көліктер жайлы білімдерін дамыту, пысықтау. Сəйкес
көлікті тауып дұрыс атату, оның атқаратын қызметімен таныстыру.
Ойын шарты: Суреттері сəйкес келетін карточкаларды біріне қатарлап тізіп қою, кім бұрын барлық карточкаларын қояды, сол жеңіп шығады.
Қажетті құралдар: Бірдей қос суреттер, əртүрлі көліктер бейнеленген көлімдері 5×6см карточкалар.
|
Дидактикалық ойын «Суретті құрастыр» Мақсаты: Баланы бірнеше бөліктерден тұратын, бір тұтас суретті құрастыра білуге үйрету, төзімділікке, бастаған істі аяқтауға тəрбиелеу.
Ойын шарты: Сурет бөліктерін таңдағанда қателеспеу, кім тез өз суретін құрастырып, дұрыс атайды сол жеңімпаз атанады.
Ойын іс-əрекеті:Тұтас суретті құрастыру үшін тиісті бөлшектерін іздестіру.
Қажетті құралдар: Бірнеше бөлікке бөлінгентүрлі заттардың суреттері. (көлімдері 7×8см карточкалар).
|
Дамытушы ойын "Мен өзіммен бірге жолға аламын".
Мақсаты: логикалық ойлауды дамыту.
Ойын материалдары мен көрнекі құралдар: бір заттардың суреттері бар суреттер.
Сипаттама: суретті төмен суретті салыңыз. Балаңызға жүзуге баруды ұсыныңыз. Бірақ сапардың сəтті өтуі үшін оған мұқият дайындалу керек, қажет нəрсенің бəрін жинау керек. Баладан бір суретті алып, бұл заттың қалай пайдалы болатындығы туралы сөйлесуді сұраңыз. Суреттердегі заттар өте əртүрлі болуы керек.
|