Қалыптастырушы бағалау Жоғарыда айтылғандай, мұғалім оқушылардың дағдысының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейі туралы ақпарат алу, оқу үдерісін түзету, оқушыларға кері байланыс ұсыну және оқушыларды ынталандыру үшін оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды жүргізеді.
Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары: қалыптастыру – тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру және бекіту; ынталандыру – оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау; уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны ояту.
Қалыптастырушы бағалаудың түйінді міндеттері — оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, оқушыларға ұсыну; — оқушылардың білім алғандығының дәлелдерін жинауға бағытталған сыныпішілік оқу үдерісін ұйымдастыру; — оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы кері байланысты қамтамасыз ету; — оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру; — оқыту және оқу үдерісінде бірлескен оқуды қолдайтын ынтымақтастық ортасын құру;
оқушыларға өзінің оқуын «құрушы/жасаушы» ретінде жағдай жасау болып табылады.
Тиімді оқыту және оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін олардың оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейі қадағалануы тиіс. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді: — қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау; — қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау; — оқыту мен оқу үдерісінің бөлігі ретінде қалыптастырушы бағалау жүргізу; — қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау; — кері байланыс ұсыну; — қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау негізінде оқу мен оқытуды түзету.
Достарыңызбен бөлісу: |