Дот 502т Сугирбаева Перизат Бағалау принциптері


Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты



бет2/6
Дата19.03.2022
өлшемі27,81 Kb.
#28445
1   2   3   4   5   6
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.

Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:

  1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;

  2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдау жасау.

  3. Бірыңғай стандарттар және сапалы бағалау құралдары мен бағалау механизмдерін қалыптастыруға көмектесу.

  4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз негізде: — Білім алушыларға олардың білім сапасы туралы; — Мұғалімдерге оқушылардың оқу жетістіктері туралы; — Ата-аналарға балаларының оқу мақсаттарына қаншалықты жеткендігі туралы; — Басқару органдарына білім беру қызметінің сапасы туралы ақпарат ұсыну.

Критериалды бағалау қағидаттары: — Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.  — Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.  — Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпаратты ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.  — Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.  — Дамытуға бағытталғандық. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.

Бұл қағидаттар қалыптастырушы бағалаумен қатар жиынтық бағалауда да анық көрініс табады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет