Дуйсенова Нургуль Кенжегалиевна Педагог-психолог БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылы, «Б. Жаникешев атындағы жоббм»



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата06.01.2022
өлшемі432,15 Kb.
#11817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Дуйсенова Н. К.Мұғалім тұлғасының эмоциялық күйреуінің алдын алу

«Сурет» жаттығуы 

Мақсаты: мұғалімдердің формальді емес қарым-қатынасы, бірлігі. 

Қолданылатын құрал-жабдықтар: әртүрлі эмоциялық жағдайдағы суреттер 

Нұсқау:  сіздің  көңіл-күйіңізге,  өзіңізге  сәйкес  келіп  тұрған  немесе  жай  ғана  ұнаған  бір 

немесе  бірнеше  суретті  таңдап  алыңыз.  Бұл  суретті  неге  таңдағаныңызды  түсіндіре  кетіңіз 

(мұғалімдер өз таңдауларын түсіндіреді).  

Күтілетін нәтиже: мұғалімдер эмоциялық жағынан тартылып, біріге түседі. 

«Жарайсың!» жаттығуы (5-7 мин.) 

Мақсаты:  мұғалімдердің  эмоциялық  күш  түсуін  төмендету  және  өзін-өзі  бағалауын 

арттыру. 



Нұсқау: Екі топқа бөлініп, ішкі және сыртқы шеңбердегілер бір-біріне қарап тұрады. Ішкі 

шеңбердегілер  өзінің  жетістіктерін  айтып,  сыртқы  шеңбердегілер  қол  соғып,  «Жарайсың!  Бұл- 

бір!»,  «Жарайсың!  Бұл  –  екі!»  деген  фразалар  арқылы    мадақтайды.  Қатысушылар  қол  соғып 

шапалақтағанда, алға, оң жағына қарай жүреді. Жүргізуші бір рет қол соқса, бір адым жүреді, екі 

рет  шапалақ  ұрса,  екі  адым  жылжиды.  Сонан  соң  бетпе-бет  келген  қатысушыға  тағы  да  өз 

жетістіктерін,  бойындағы  жақсы  қасиеттерін  айтып  береді.  Содан  соң  сыртқы  және  ішкі 

шеңбердегілер орын ауыстырады. Ойын қатысушылар өз орындарына келгенше жалғасады.  

Күтілетін нәтиже: мұғалімдердің өзін-өзі бағалауы артады, эмоциялық жақсы әсер етеді 

(бұл жаттығу өте көңілді өтеді). 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет