Дулат Исабеков «Гауһартас» Облыстық «Бір аймақ-бір кітап»



бет5/7
Дата04.05.2023
өлшемі32,38 Kb.
#89807
1   2   3   4   5   6   7
Қайыркен: - Енді ше, айтамын. Апа деймін, Салтанат бар ғой, нағыз әнші екен деймін. Ол кісі сонан соң саған өлең айтқызады.
Салтанат: - Жалынамын, Қайыркен, айтпашы. Мен жай... Әйтпесе түк те ән айта алмаймын ғой. Кей-ен, кейін, бір жылдай өткен соң өзім-ақ айтамын, жарай ма?
Қайыркен (оның жүзіне көз тастап): - Жарайды. (Салтанат қуанғанынан секіре жаздайды. Осыдан соң екеуі бірге көңілдене шығып кетеді.)
4. С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы 10«Ә» сынып оқушысы Атығұл Әйгерім
(Шығарманың басты кейіпкерлері Ыбыш пен Салтанаттың қарым-қатынасы)
Ыбыштың мінез-құлқы, кескін-келбеті əкесінен аумай қалған . Əкесі үшін Ыбыш –жігіттің сұлтаны, нағызер. Ыбыштың айрықша бір мінезі – көкпар құмарлығында. Ол – қайратты , шабандоз, көп сөйлемейтін адам. Ыбыш пен Салтанаттың мінезі бір-біріне қарама-қайшы. Өзінің қатал мінезімен Салтанаттың баладай еркелігіне мəн беріп көрген емес. Мұны мен мына бір үзіндіден байқадым :
Құдық басында Салтанат қауғамен су тартып жатады. Осы кезде жандарына Қайыркен келеді. Ыбыш :
- Неге келдің?-деп сұрайды.
Сонда Қайыркен :
- Жəрдем беруге келдім ,-дейді.- Өзің түйе жетектеп, қауғаны Салтанатқа тартқызып қойғаның қалай?
Ыбыш мəн бермей Салтанатқа қолын сілтей салды.
- Қауға тартқаннан өледі дейсің бе? Тартсын. Бұрынғының əйелдері қауға тартқан былай тұрсын, қырық құлаш құдық та қазған.
Бұл сөз оның көңіліне тиеді-ау, ренжиді-ау деп ойлап тұрған ол жоқ, келіншегіне назар аудармастан түйесін жетектей берді.
Бір ғана үзіндіден Ыбыштың адами образын толығымен танып, көзге елестетіп шыға алдым. Мен үшін ол күрделі кейіпкер емес. Алайда "бес саусақ бірдей емес" дегендей, мен үшін інісі Қайыркен күрделірек кейіпкер болды.


5. С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы 10«Ә» сынып оқушысы Ермек Толғанай
(Қайыркеннің Салтанатқа деген көзқарасы. Өлең шумақтарын оқиды.)
Ия, жаңағы айтылып жатқан Ыбыш пен Салтанат бір отбасы. Дегенмен, бұларға қарағанда Салтанат пен Қайыркеннің арасындағы қарым қатынастан жылулық көбірек есетін секілді. Оған қоса, Салтанат пен Ыбыш бейнесі сөзбен көбірек бейнеленсе, Қайыркен бейнесі мен мінезін істеген ісінен, жасаған қылығынан көз алдына елестетуге болады. Ағасы Салтанатты атын алғаны үшін сабағандығын көріп, лезде қолына пышағын алып, күреңді бауыздаймын деп ала жүгірген еді. Қызуқанды болмаса да, ағасының бұл қылығына, оның мал жанын адам жанынан артық көргендігіне қатты назданады. Бұл жерден Қайыркеннің Салтанатқа деген жанашырлық сезімін байқауға болады. Құдық қазған кезде де, жеңешесіне ауыр жұмыс жасатпай, жасы кіші болса да, ағадай көмегін көрсетеді , осылайша қамқорлығын білдіреді. Қайыркен, негізінен, арманшыл, өнерге жақын бола отырып болашақ жеңешесінің осындай қасиеттерге ие болғанын армандайтын еді. Армандағанындай Салтанат осы қасиеттерге ие еді, сондықтан екеуі тез тіл табысып кетеді. Екеуі оңашада отырғанда Қайыркен: «Мен саған тамаша, асыл, керемет зат сыйлағым келеді. Бірақ, ондай зат жер бетінде жоқ. Оның орнына ән сыйлайын»,-деп өз қолынан жазылған «Жеңешем» атты өлең шумақтарын сыйлайды. Онда:
Еркін дала еркесі,
Әнді сүйген жеңеше-ай.
Бақытым деп қатыгез
Жанды сүйген жеңеше-ай.
Жабырқаған өмірге
Наз әкелген жеңеше-ай.
Тұнжыраған көңілге
Жаз әкелген жеңеше-ай,- деп жазады.
Бұл жерден оның әдебиет жағына жақындығын көреміз. Осы повесті оқи отырып мен Қайыркенді ақкөңіл, жанашыр, қамқор, өнерлі адам деп ұқтым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет