Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет221/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   294
 
3-нұсқа 
 
Сабақтың  мазмұны  және  оны  жүргізу  әдістемесі  форма  бойынша 
жазылады (А.В.Кенеман, Д.В.Хухлаева) 
Сабақ атауы 
Тақырыбы 
Топ  
Ӛткізілетін күні  
Ӛткізілетін уақыты  
Ӛткізілетін орны 
Құрал-жабдықтар (ойыншықтар, атрибуттар, дене шынықтыру құралдары) 
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту технологиялары 
Сабақтың мақсат, міндеттері 


 
285 
 
Сабақ 
бӛлімде
рі 
Мазмұны 
(жаттығула
р) 
Мӛлшерле
у 
Қарқы
н 
Тыны
с алу 
Ұйымдасты
ру 
(әдістемелік 
нұсқау) 
Ескертула
р 
 
 
 
 
 
 
 
 
Міндет  кӛрсетілгенде  сабақтың  негізгі  бӛліміне  ғана  қатысты  міндеттер 
қарастырылады.  Оларды  қысқа  әрі  нақты  тұжырымдау  керек.  Мысалы,  егер 
жаңа жаттығу-лақтыру қосылатын болса, онда міндет: «Oң қолмен қашықтыққа 
лақтыруды  үйрену»,-  деп  жазылады  (қалыпты  жағдай).  Бұл  жағдайда  жақша 
ішінде берілген сабақта қозғалыс техникасының қай элементтеріне кӛңіл аудару 
қажет  екені  кӛрсетіледі.  Жаттығулардың  негізгі  элементтерінің  техникасын 
үйренгеннен  кейін  ғана  балалардың  қозғалыс  дағдылары  нығайтылады.  Онда 
міндет: «0ң қолмен қашықтыққа лақтыру дағдыларын үйреніп нығайту» («Kім 
алысқа  лақтырады»),-  деп  жазылады.  Егер  дағды  ойын  формасында  бекитін 
болса,  жақша  ішінде  қимыл-қозғалыс  ойынының  аты  кӛрсетіледі.  Дене 
шынықтыру  сабақтарында  барлық  дене  қасиеттері  (ептілік,  шапшаңдық,  күш, 
тӛзімділік,  серіппелік,  кӛзбен  мӛлшерлегіштік,  тепе-теңдік,  т.б.)  одан  әрі 
дамытылады, бірақ бұл үшін жаттығулар мен ойындардың әрқайсысына ӛзіндік 
жүргізу әдістемесі, ерекше жағдайлар қажет етіледі. Әдеттегідей, бір сабақтарда 
кӛп  мӛлшерде  қандай  да  бір  дене  қасиеті  дамиды,  сондықтан  сол  қасиетке 
(мысалы,  ептілік)  баса  назар  аударылады,  осыған  орай  дене  жаттығуларын 
жүргізудің  әдістемелері  ойластырылады  және жағдай жасалады.  Бұл  жағдайда 
міндет:  «Eптілікті  дамыту»  («JIенталармен  ұстау)  немесе  «Жылдамдықты 
дамыту» («Ұстап алу»),- деп жазылады. Сабақ процесінде басты міндеттермен 
қатар,  жоспар-конспектіде  белгіленбеген  ӛзге  де  міндеттер  шешіледі.  Алайда, 
қажетті жағдайда оларды былайша жазуға болады. Мысалы, «Иық тірестіре сап 
түзеуді үйрену» (сабақтың кіріспе бӛлімі) және басқалары. 
Сабақтың  міндетін  анықтап  болғаннан  кейін  дене  жаттығуларын  іріктеп 
алу керек: алғашқыда сабақтың негізгі, сосын кіріспе және қорытынды бӛлімі, 
ӛйткені  сабақтың  бұл  бӛлімдері  үшін  жаттығуларды  іріктеу  негізгі  бӛлімнің 
мазмұнына байланысты. 
Сабақтың  міндетін  анықтап,  оның  мазмұнын  белгілеп  алғаннан  кейін 
негізгі  бӛлімнен  бастап  әр  жаттығуды  жүргізу  әдістемесін  және  басқаларды 
ұйымдастыруды  нақтылы  ойластыру  керек.  Мұны,  әсіресе,  сабақтың  болатын 
кезіне  дәл  балалардың  даму  барысындағы  ӛзгерістер  мен  жетістіктерді  ескере 
отырып жасау керек. 
«Cабақ  бӛлімдері»  бағанында  сабақ  бӛлімдерінің  (кіріспе,  негізгі, 
қорытынды) аттары жазылады. 
«Mазмұндар»  бағанында  сабақта  берілгендей  рет-ретімен  дене 
жаттығуларының  барлық  түрлері  кӛрсетіледі.  Егер  сабаққа  қимыл-қозғалыс 
ойындары  қосылған  болса,  оның  аты  және  оған  кіретін  дене  жаттығулары 
кӛрсетіледі.  Дене  шынықтыру  сабағына  (бірінші  жылы)  шартсыз  рефлекстер, 
массаж,  жай  жаттығулар  кіретін  болса,  онда  жоспар-конспектіде  олардың 


 
286 
аттары  жазылады.  Жалпы  дамытатын  жаттығулар  гимнастикада  қабылданған 
ереже бойынша жүргізіледі. Нақты жазу уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.    
«Mӛлшерлеу»  бағанында  қайталанатын  жаттығулар  олардың  уақыты, 
жүру,  жүгіру,  қашықтығы  кӛрсетіледі.  «Қарқын»  бағанында  орындалатын 
жаттығулардың  (баяу,  тез)  жылдамдығы  кӛрсетіледі;  егер  жаттығу  орташа 
қарқынмен орындалатын болса, онда «орташа» сӛзі жазылмайды. «Tыныс алу» 
бағанында  дене  жаттығуларын  орындау  кезіндегі  дем  шығару  сәті  мен  тыныс 
алу сипаты белгіленеді. 
«Ұйымдастыру-әдістемелік 
нұсқаулар» 
бағанында 
балаларды 
ұйымдастыру,  балалар  мен  тәрбиешілерді  орналастыру,  дене  шынықтыру 
құралдарының  орналасуы  ашып  кӛрсетіліп,  әрбір  жаттығуды  жүргізу 
әдістемесіне  ұсыныстар  беріледі.  Оның  үстіне  барлық  анықтамалар; 
түсініктемелер,  кӛрсеткіштер,  бұйрықтар,  жарлықтар,  есеп,  кӛру  сигналдары 
түгелдей  жазылады.  Бұл  бағанда  сабақ  уақытында  балалар  мен  тәрбиешінің 
отырған  орнын  кӛрсететін  суреттер  және  сызықпен  түсірілген  бейнелер  де 
берілуі мүмкін. Тәрбиешінің тәжірибесі неғұрлым аз болған сайын, бұл бағана 
соғұрлым  толық  толтырылады.  Жұмысты  алғаш  бастаған  тәрбиешіге  дене 
жаттығуларын  оқыту  әдістемесін  толық  жазып  алған  пайдалы.  Мұнымен 
барлық 
қайталау 
жаттығуларының 
кӛрсеткіштері, 
түсініктемелері 
ойластырылып  жазылады.  Мысалы,  денені  жалпы  дамытатын  жаттығулар 
бірнеше қайталанады, тәрбиеші  қайталағанда балаларға қандай нұсқаулар беру 
керек  екенін  жазып  отырады.  Егер  қимыл-қозғалыс  ойындары  тӛрт  рет 
қайталанса, онда ойындарды қайталауда қандай анықтама берілетіні жазылады. 
Егер  тәрбиешінің  тәжірибесі  жеткілікті  болса,  онда  ол  сабақ  барысын 
ойластыра отырып, ең қажетті әдістемелік кезеңдерді қысқаша жазып отырады. 
«Eскертулер»  бағанында  сабақ  жүргізуге  дейінгі  болатын  ӛзгерістерді 
алдын  ала  кӛрсету  керек.  Мысалы,  ауа  температурасының  ӛзгеруіне 
байланысты жұмыс мӛлшерінің азаюы немесе кӛбеюі дене шынықтыру сабағын 
жүргізгеннен  кейін  осы  сабақ  барысында  болған  ӛзгерістерді  жазу,  олардың 
қандай  себептермен  болғанын  кӛрсетіп,  ескертулерді  тіркеу  және  келесі 
сабаққа жоспар-конспекті құрастырғанда ескеретін жағдайларды кӛрсету керек. 
Ашық  сабақтардың  жоспар-конспектісін  әдіскер  немесе  балабақшаның 
меңгерушісі, дәрігер, музыка жетекшісі қарайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет