Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет237/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   294
Меңгеруші.  Меңгеруші  дене  тәрбиесі  бойынша  барлық  ұйымдастыру 
жұмысына  жауапты.  Ол  жұмыстың  жалпы  жоспарын  жасап,  қажетті 
жағдайлармен  қамтамасыз  етеді  және  балабақша  қызметкерлерінің  қызметін 
басқаруды жүзеге асырады. Меңгеруші ойын алаңын, дене шынықтыру залын, 
топ  бӛлмелерін  құрал-жабдықтармен  қамтамасыз  етуге  міндетті.  Олар:  дене 
шынықтыру  құрал-саймандары,  ойыншықтар,  атрибуттар,  бӛлмелердің 
ішіндегі,  алаңдағы  тазалық  жағдайы,  әдістемелік  кабинет  үшін  әдебиеттерді, 
материалдарды  таңдау.  Тәрбиешілердің  жұмысын  тексеріп,  кӛмек  кӛрсету 
мақсатында  меңгеруші  дене  тәрбиесі  сабақтарына,  ертеңгілік  гимнастикаға, 
серуендеп  жүргенде  және  дене  тәрбиесінің  басқа  да  ұйымдастыру  түрлеріне 
бақылау  жасайды.  Бақылау  жазбаларын  қорытындылап  отырып,  ол 
жетістіктерін, 
кемшіліктерін 
кӛрсетіп, 
жұмысты 
жақсарту 
жӛнінде 
практикалық  кеңестер  береді.  Меңгеруші  сонымен  бірге  әдістемелік 
құжаттарды тексереді, тәрбиешілерге жоспар құруға, берілген есептерді талдап 
белгілеуге,  т.б.  кӛмектеседі.  Педагогикалық  ұжымның  білімдерін  кӛтеру  үшін 
кеңес,  ашық  сабақтар  ұйымдастырып,  дене  тәрбиесінің  кейбір  мәселелерін 
педагогикалық  кеңестің  талқылауына  қояды.  Ол  тәрбиешілер  жұмысын 
талдауға  және  педагогикалық  оқуларда  баяндамалар  жасауына  жәрдемдесіп, 
мектепке  дейінгі  мекемедегі  барлық  топтардың  дене  тәрбиесі  тәжірибесін 
жинақтап  қорытады.  Сонымен  бірге,  тәрбиешілерді  аудан,  қалаларда 
әдістемелік  кабинеттер  арасында  болатын  (дәріс,  үйірме,  семинар,  т.б.) 
шараларға  қатысуға  жібереді.  Меңгеруші  ӛз  мекемесіндегі  барлық 
қызметкерлердің  денсаулығына,  дамуына,  дайындықтарына  үнемі  кӛңіл  бӛліп 
отырады. 
Ол 
балабақшаның 
қызметкерлерімен 
әңгіме, 
кеңестер 
ұйымдастырады (дене жаттығуларын және оларды жүргізу  әдістемесін  таңдап 
алады),  денсаулық  топтарындағы,  спорт  секцияларындағы  сабақтар  туралы 
ұсыныстар  беріп,  ӛзі  үлгі  кӛрсетеді.  Дене  тәрбиесі  бойынша  теориялық  және 
практикалық  дайындықтың  тиісті  шамада  болуы  мектепке  дейінгі 
мекемелердегі  қызметкерлерге  ӛз  міндеттерін  неғұрлым  жетік  атқаруларына, 
балаларға үлгі кӛрсетулеріне кӛмегін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет