Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет239/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   294
Тәрбиеші. Балалармен дене тәрбиесі жұмысын тікелей тәрбиеші жүргізеді. Ол 
қажетті теориялық және практикалық дайындықта болуы керек. Балабақшадағы 
міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін,  тәрбиеші  «Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен 
оқыту  бағдарламасын»  оқып,  оның  мазмұны  мен  талаптарын  білуге,  дене 
тәрбиесінің  барлық  түрлерін  жүргізе  алатын  болуы  (сабақтар,  ертеңгілік 
гимнастика,  қимыл-қозғалыс  ойындары,  т.б.),  сонымен  қатар  жоспарлау  мен 
есеп  бойынша  құжаттарды  дұрыс  құра  білуі  керек.  Дене  жаттығуларын 
жүргізгенде  тәрбиешілерге  мыналарды  істей  білген  жӛн:  қозғалысты  дұрыс, 
нақты түсіндіріп, кӛрсетіп беру, бұйрық беру; белгілі оқу жүйесін іріктеп алу; 
қателерін  ескертіп,  түзеп  тұру;  балалардың  дем  алысын  қалыптастыру; 
балаларға  кӛмек  кӛрсету,  сақтандарып  тұру;  жұмсақ  үнмен  талап  етіп,  кӛңіл 
бӛле  отырып,  педагогикалық  әдептілікті  сақтау;  балалардың  дене 
жаттығуларының  орындалу  сапасына,  олардың  жағдайы,  мінез-құлқына 
бақылау  жасау.  Тәрбиеші  баланың  жағдайын  бет  ӛзгерістеріне  (қызаруы, 
ағаруы, кӛгеруі), терлеуіне, тыныс алысына (аузынан тыныс алу, демігу), жүрек 
жұмысына  (жүректің  қатты  соғуы),  ынтасының  ӛзгеруіне  (ынталы,  ынтасыз), 
қызығуына  (қызықсыз,  отырғысы  келмеу,  керексіз  қимылдар  жасау), 
белсенділігіне (белсенділігінің тӛмендеуі, ықылассыз болу, дене жаттығуларын 
орындамау),  тәртіптілігіне  (ойын  ережесін  бұзу),  сонымен  қатар  дене 
жаттығуларын  орындау  сапасына  (қозғалыс  үйлесімділігінің  бұзылуы, 
ырғақтылығының  жоғалуы,  жылдамдығы  мен  нақтылығының  тӛмендеуі, 
тұлғаның  дұрыс  болмауы  т.  б.)  қарап  анықтауға  үйренуі  тиіс.  Тәрбиеші 
балалардың  ӛсуі,  денсаулығы  жайындағы  анықтамаларды  талдап,  қозғалыс 
дағдысы мен дене қасиеттерінің даму деңгейінің себебін жүргізе білуі, сонымен 
қатар  баланың  отбасы  жағдайын  анықтап,  дене  тәрбиесінің  практикалық 
жұмысында  осыларды  қорытындылап,  қолдануы  қажет.  Тәрбиеші  бӛлмеде, 
балабақша 
жер 
телімінде 
гигиеналық 
жағдайлардың 
сақталуын, 
денешынықтыру  жабдықтарының,  құрал-саймандарының  сақталуы  мен 
тазалығын  қадағалап  отыруға,  қардан  қорған,  үйме,  қалашық  құрылыстар 


 
300 
салуға (кеме, аю және т. б.) мұз жолдарын (сырғанау мен жүгіретін жолдарды 
және  т. б.)  дайындап  ұйымдастыруға  міндетті.  Тәрбиеші  әдістемелік  жұмысқа 
қатысып  отыруы:  ашық  сабақтар  ӛткізуге,  ӛз  тәжірибесі  мен  ӛзге 
тәрбиешілердің  жұмысын  талдап  қорытуы,  педагогикалық  жиналыстарда 
шығып  сӛйлеуі,  педагогикалық  оқуларға  баяндама  дайындауы,  әдістемелік 
кабинетке  материалдар  жинауы,  фотоальбомдар  құрастыруы,  қабырға  газетіне 
мақалалар жазуы ӛте қажет. Ата-аналармен де жүйелі түрде жұмыстар ӛткізіп 
тұруының  маңызы  зор.  Тәрбиеші  кеңестер,  әңгімелер,  жиналыстар,  ашық 
күндер, 
сабақтар, 
ата-аналар 
үшін 
бұрыш-кӛрме 
ұйымдастырып, 
балабақшадағы  кезекшілерді  дайындайды  және  балалардың  үйлеріне  барады. 
Балаларға  дене  жаттығуларын,  үлгі  кӛрсету  үшін  тәрбиеші  ӛзінің  дайындық 
деңгейін  жүйелі  түрде  кӛтеріп  отыруы  керек.  Дене  жаттығулары  сабағын 
жүргізу  дәрігердің  бақылауымен  болады.  Барлық  жұмыстарды,  сонымен  бірге 
қозғалыс  дағдысы  дамуының,  дене  қасиеттерінің  есебін  дұрыс  жоспарлағанда 
ғана нәтиже береді. Тәрбиешіге спорт секцияларында, жалпы дене дайындығы 
топтарында айналысудың, жарыстарға қатысудың пайдасы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет