Дєріс тезистері


Теориялық  талдау  және  қорыту  әдістері



Pdf көрінісі
бет24/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   294
Теориялық  талдау  және  қорыту  әдістері.  Кезкелген  зерттеу  әдеби 
мәліметтерді оқып-білу, талдау мен қорытудан басталады. Бұл үшін зерттеуші 
библиографиямен танысады және ӛзі талдап шығуы тиіс әдеби түпнұсқаларды 
іріктеп  алады,  оларды  нақты  мәселелер  бойынша  жүйелейді,  содан  соң  әр 
мәселе    ішінде  материалдарды  әртүрге  бӛледі.  Библиографияны  іріктеген  соң 
оны оқып игеру жоспарын жасау, жазба жұмыстар жүргізу және оларды талдау 
әдістемесін  ойластыру  керек.  Әдеби  мәліметтерді  талдау  және  қорыту 
теориялық,  сондай-ақ  эксперименттік  зерттеуде  де  қолданылады.  Теориялық 
зерттеуде  бұл  әдіс  бірден-бір  әдіс  болуы  мүмкін,  оның  кӛмегімен,  мәселен 
нақты  тарихи  жағдайларға  байланысты  белгілі  бір  қағидалар,  кӛзқарастар 
қалайша  дамығандығын  аңғаруға  болады.  Эксперименттік  зерттеулер  жасау 
үшін  қандай    мәселелер  зерттелініп  қойғандығын,  олардың  әдебиетте  қандай 
дәрежеде  баяндалғандығын  және  олардың  қайсысының  эксперименттік 
тексеруді  талап  ететіндігін  анықтау  керек.  Дене  тәрбиесі  теориясы  үшін 
маңызды  кӛптеген  мәліметтерді  мектепке  дейінгі  мекемелер  қызметкерлері 
құрастырған  әртүрлі  құжаттарды  талдау  кезінде    табуға  болады.  Осындай 
құжаттарды талдау нәтижесінде табылған мәліметтер жұмыс жорамалы ретінде 
пайдаланыла  алады.  Фактілер  жинау  үшін  сауалнамалар  мен  сұрақ-жауап 
парақтары  пайдалануы  мүмкін.  Сауалнамадағы  сұрақтар  «иә»  немесе  «жоқ» 
деген  қысқа  жауап  аларлықтай  етіліп  қойылады.  Сұрақ-жауап  парағында 
жауаптар  жайылыңқы  түрде  беріледі  мысалы,  тәрбиешінің  жасы,  жұмысы, 
еңбек  ӛтілі,  білімі,  дене  жаттықтыру  сабақтары  үшін  жасалған  жағдай 


 
27 
сипаттамасы,  т.б.  Біріншісінде  де,  екіншісінде  де  жауап  жазба  түрінде  болуы 
тиіс.  Сауалнамалар  мен  сұрақ-жауап  парақтары  кӛбіне,  зерттеу  жұмысының 
бастапқы  кезінде  қолданылады  және  олар  кӛмекші  мәнге  ие  болады. 
Зерттеушіні қызықтыратын материалдар әңгімелесу кезінде алдынала жасалған 
жоспар бойынша жиналуы да мүмкін. Сұрақтар еркін түрде қойылып, татымды 
жауап алынуына ықпалы тиюі керек. Мысалы, тәрбиеші баладан: «Дұрыс тұра 
білесің  бе?  Қалай  тұру  керек  екенін  кӛрсетші.  Ал  енді  қалайша  дұрыс  тұруға 
болатынын айтшы», -деп сұрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет