Құжаттарды зерттеуде кейбір күдікті жайттарды құжаттарға сүйеніп зерттеуге
болады. Құжаттарға мұрағат мәліметтері, топ, сынып журналдары, сыныптың
оқу-тәрбие жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есеп, педагогикалық
кеңестің хаттамалары, жылдық есеп, озат тәжірибесі негізіндегі әдістемелік
баяндамалар, тәрбие жұмыстарының тақырыптарына жазылған баяндамалар
мен ғылыми мақалалар жатады. Педагогика тарихының мәселелерін мұрағат
мәліметтеріне сүйеніп зерттейді. Оқу жұмысының жетістіктері мен
кемшіліктерін ашып, тиісті қорытынды шығаруға мүмкіншілік береді.