Дєріс тезистері


Дәрігерлік  бақылау  жасау



Pdf көрінісі
бет242/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   294
Дәрігерлік  бақылау  жасау.  Дене  тәрбиесін  дәрігерлік  бақылауға  алу,  біздің 
елімізде  дәрігерлік  кӛмек  кӛрсетудің  біріккен  жүйесінің  құрамды  бӛлігі. 
Дәрігерлік  бақылау  -  дене  шынықтыру,  спортпен  шұғылданатын  әртүрлі 
жастағы  адамдардың  денсаулық  жағдайын,  дамуын  тексеретін  дәрігерлік 
білімнің  арнаулы  саласы.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дене  тәрбиесін 
жүргізу  барысында  дәрігерлік  бақылаудың  негізгі  міндеті:  олардың 
денсаулығын, дене, жүйке психикасының дамуын нығайтуға кӛмектесу. 
Мектепке дейінгі мекемелердегі дәрігерлік бақылауға: 
1)  балалардың  денсаулық  жағдайын,  дамуын  олардың  организмдерінің 
функционалды мүмкіншіліктерін анықтау үшін дәрігерлік тексеруден ӛткізу; 


 
301 
2)  дене  тәрбиесінің  жүргізілуін  дәрігерлік-педагогикалық  бақылауға  алу,  дене 
жаттығуларының  мазмұны  мен  жүргізу  әдістемесін  және  балалардың 
организмінің  жасына  байланысты  функциялық  мүмкіншіліктерінің  үйлесуін 
тексеру; 
3)  дене  жаттығулары  сабақтарын  ертеңгілік  гимнастиканы,  қимыл-қозғалыс 
ойындарын,  спорттық  жаттығуларды,  шынықтыру  шараларын  ӛткізетін 
жерлерге,    дене  тәрбиесі  жабдықтарының,  құрал-саймандарының,  сондай-ақ 
дене  тәрбиесімен  айналысушылардың  гигиеналық  жағдайларына  санитарлық 
бақылау; 
4)  ата-аналар  мен  балабақша  қызметкерлерінің  арасында  санитарлық-ағарту 
жұмысын жүргізу кіреді. 
  
Дәрігерлік  бақылауды  ұйымдастыру  дәрігердің,  медбикенің,  педагогтың 
бірлескен  жұмысы  бойынша  қарастырылады.  Балалар  дене      тәрбиесі 
құралдарының алуандығы оның организмге әсер ететін сауықтыру тиімділігіне 
дәрігерлік бақылау жүргізуді талап етеді. Бұл іспен ғылыми орталық және дене 
шынықтыру  диспансерінің,  санитарлық-эпидемиологиялық  стансалардың, 
балалар  гигиенасы  бӛлімдерінің  әдістемелік  жағынан  басшылық  етуімен 
балалар  мекемелерінің  дәрігерлері  айналысады.  Мектепалды  және  мектепке 
дейінгі  мекемелерде  балалар  денсаулығының  жағдайын  бақылау  жоспарлы 
түрде балаларды қосымша қайталап қарау түрінде шынықтыру процедуралары 
басталар  алдында  жүргізіледі.  Бӛбекжай  жасында  сәби  денсаулығындағы  кез 
келген  жағымсыздық  дене  тәрбиесін  жүргізуге  карама-қайшылық  әкелмек. 
Денсаулығы  мен  денесінің  даму  жағдайына  қарай  балалар  үш  топқа  бӛлінуі 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет