Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет37/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   294
Білім  беру  міндеттері.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дене  тәрбиесі 
процесінде  білім  беру  міндеттерін  шешудің  де  маңызы  аз  емес.  Қимыл-
қозғалыс  дағдыларын  қалыптастыру,  денені  түзеу  ұстау,  гигиена  дағдыларын 


 
41 
бойға  сіңіру,  дене  тәрбиесі  туралы  білімді  игеру.  Жүйке  (нерв)  жүйесінің 
икемділігі  арқасында  балаларда  қимыл-қозғалыс  дағдылары  басқалармен 
салыстырғанда  оңай  қалыптасады.  Олардың  кӛпшілігін  балалар  күнделікті 
ӛмірде пайдаланады.  Қимыл-қозғалыс  дағдылары қоршаған ортамен байланыс 
жасауды жеңілдетеді және оны танып білуге кӛмектеседі: мәселен, еңбектеуді 
үйренген  бала  оны  қызықтыратын  заттарға  ӛзі  жақындайды  да  олармен 
танысады,  шаңғы,  велосипед  тебе  білетін  балалар  қардың,  желдің  қасиеттерін 
оңай танып біледі, жүзу кезінде балалар судың қасиеттерімен танысады. Дене 
жаттығуларын  дұрыс  орындау  бұлшық  еттердің,  буындардың,  бунақтардың, 
сүйек  жүйесінің  жетілуіне  тиімді  әсер  етеді.  Мысалы  «қолды  артқа  сілтей 
құлаштап  лақтыру»  әдісін  дұрыс  үйренген  бала  құлаш  сілтеу  мен  лақтыруды 
кеуде, аяқ, қол қозғалысының үлкен амплитудасымен орындайды, бұл бұлшық 
еттер,  буындар,  бунақтардың  тиісті  топтарының  жақсы  жетілуіне  жағдай 
жасайды.  Қалыптасқан  қимыл-қозғалыс  дағдылары  баланың  күш  үнемдеуіне 
мүмкіндік  береді.  Осының  арқасында  жаттығуды  кӛп  рет  қайталауға  және 
жүрек  қан  тамырлары,  тыныс  жүйелеріне  әлдеқайда  тиімді  әсер  жасауға, 
сондай-ақ  дене  қасиеттерін  дамытуға  мүмкіндік  туады.  Нық  қалыптасқан 
қимыл-қозғалыс  дағдыларын  пайдалану  қимыл-қозғалыс  және  ойын  іс-
әрекетінің күтпеген жерден туатын міндеттерін ойластыруға мүмкіндік береді. 
Мәселен,  жүгірген  бетте  ұзындықтан  дұрыс  секіруді  үйренген  бала,  мысалы, 
«Жар  астында  қасқыр  бар»  ойынын  ойнап  жүргенде  қалай  секіру  керек 
екендігін  жайын  ойламай,    қасқырдан  қалай  құтылу  жағдайын  ойластырады. 
Жеті  жасқа  дейінгі  қалыптасқан  қимыл-қозғалыс  дағдылары  мектепте  оларды 
одан  әрі  жетілдірудің  іргетасын  қалайды  және  алдағы  уақытта  спортта  жақсы 
нәтижелерге  жетуге  мүмкіндік  береді.  Кӛптеген  атақты  спортшылар    (И.Тер-
Овенесян,  В.Брумль  т.б)  дене  жаттықтырумен  үзбей  айналысуды  балалық 
шақтан  бастаған.  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  негізгі  гимнастика 
жаттығуларын  (сапта  тұрып  жаттығу,  жалпы  жетілу  жаттығулары,  негізгі 
қозғалыстар-жүру жүгіру, теңдік сақтау, ӛрмелеу, жер бауырлап қозғалу, асып 
түсу,  лақтыру,  секіру),  спорт  жаттығуларын  (шаңғы  тебу,  коньки,  велосипед 
тебу,  жүзу)  орындауды  қалыптастыру  қажет.  Мұнымен  бірге  балаларды 
спорттық  элементтері  бар  ойындарды  ойнай  білуге  үйрету  керек  (теннис, 
бадминтон, городки, волейбол, баскетбол, хоккей, футбол т.б.). Жас мӛлшеріне 
қарай  бӛлінген  топтар  бойынша  қалыптастырылатын  қимыл-қозғалыс 
дағдыларының 
кӛлемі 
«Мектепке 
дейінгі 
тәрбиелеу 
мен 
оқыту 
бағдарламасында»  берілген.  Балалардың  қимыл-қозғалыс  дағдыларын 
қалыптастырумен  қатар  алғашқы  күндерден  бастап,  дене  қасиеттерін  (ептілік, 
шапшаңдық,  күш,  тӛзімділік,  тепе-теңдік  сақтау  т.  б.)  дамыту  қажет.  Мұндай 
қасиеттерді  дамытуға  мүмкіндік  бар  екенін  сандық  кӛрсеткіштер  дәлелдейді. 
Мысалы,  күштің,  шашаңдық  пен  ептіліктің  дамуымен  бірге  секіру  биіктігі, 
ұзындыққа  лақтыру  алыстығы  артады.  Тӛзімділікті  дамыту  балаларға  дене 
жаттығуларын  шаршамай  жасауға,  ұзақ  жол  жүруге  мүмкіндік  туғызады. 
Лақтырғанда  кӛздеген  жерге  тигізу,  секіргенде  діттеген  жерге  дәл  түсу, 
жүргенде, жүгіргенде бағдар сақтау — балалардың кӛзбен шамалау қабілетінің 
жақсы  екендігін  дәлелдейді.  Дене  қасиеттерін  дамытпайынша  бала  аса 


 
42 
қарапайым  жаттығуларды  да  орындау,  қимыл-қозғалысты  тілейтін  іс-әрекетің 
алуан түрлерін жетілдіре алмас еді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тұлғаны 
дұрыс  ұстау  дағдысына,  яғни  бала  отырғанда,  тік  тұрғанда,  жүргенде  денені 
дұрыс  қалыпта  сақтай  білуге  тәрбиелеудің  маңызы  зор.  Тұлға  дұрыстығының 
барлық  органдар  мен  организм  жүйелерінің  нормаға  сай  қызмет  етуі  үшін 
үлкен мәні бар. Бірақ тұлғаның дұрыстығы  дер кезінде қалыптастырылуы тиіс 
дағды. Бұл жаста жеке және қоғамдық гигиенаның бастапқы дағдыларын бойға 
сіңірудің  (дене  жаттықтырудың  алдында  қол  жуу,  мұрын  тазалау,  дәрет 
сындыру,  костюмді,  аяқ  киімді  күту,  ойыншықтарды,  дене  шынықтыру 
құралдарын,  бӛлмені  таза  ұстау  т.  б.)  үлкен  маңызы  бар.  Балалардың 
денсаулығы  кӛбіне,  осы  дағдыларға,  әдеттерге  байланысты.  Мектеп  жасына 
дейінгі балаларға дене тәрбиесіне байланысты қарапайым білімді хабарлаудың 
маңызы  бар.  Алған  білім  балаларға  неғұрлым  саналы  түрде  айналысуға  және 
балабақша  мен  отбасында  дене  тәрбиесі  құралдарын  неғұрлым  толық  ӛз 
бетімен  пайдалануға  тұлғаның  дұрыстығын,  қозғалыс  техникасы,  қимыл-
қозғалыстық ойындардың ережелері туралы мағұлматты, сондай-ақ жеке және 
қоғамдық гигиена туралы қарапайым білімі  болуға мүмкіндік береді. Балалар 
дене 
мүшелерінің 
аттарын, 
қозғалыс 
бағыттарын, 
дене 
тәрбиесі  
жабдықтарының  аттары  мен  атқаратын  қызметін,  оларды  сақтау  мен  күту, 
киімді,  аяқ  киімді  күту  ережелерін  білулері  тиіс.  Дене  тәрбиесіне  қатысты 
білімдер балалар ӛскен сайын кеңейе түседі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет