78
а) бағдарлама тақырыбы;
ә) блок.
Бағдарламаның тақырыбында: бағдарламаның
аты және пайдаланылатын
стандартты файлдардың аттары беріледі. Блокта: бейнелеулер және
операторлар беріледі.
Бағдарламаның тақырыбын кӛрсету ҥшін PROGRAM қызмет сӛзі
пайдаланылады. Бағдарламаның тақырыбы жалпы тҥрде былай жазылады:
PROGRAM <программаның аты>;
Бағдарламаның тақырыбын ―;‖ символымен аяқтайды.
Бағдарламаға (операторларға) тҥсініктеме беру ҥшін тҥсініктемені ―(*‖
және―*)‖ белгілерінің
арасына кез келген жолдан, немесе кез келген қадамнан
бастап жазуға болады. Мысалы: (*ҥшбҧрыштың ауданы*)
Блок: 1. Белгілерді сипаттау бӛлігі.
2. Тҧрақтыларды сипаттау бӛлігі.
3. Типтерді анықтау бӛлігі.
4. Айнымалыларды сипаттау бӛлігі.
5. Функцияларды және процедураларды сипаттау бӛлігі.
6. Операторлар бӛлігі.
Turbo Pascal тілінде бағдарламаның жалпы қҧрылымын былай кӛрсетуге
болады:
PROGRAM аты (пайдаланатын файлдар аттарының тізімі);
сипаттау бӛлігі
BEGІN
оператор бӛлігі
END.
Сонымен, Turbo Pascal-да жазылған бағдарламаның жалпы қҧрылымы:
PROGRAM ... ; {бағдарлама тақырыбы}
Uses ... ; {стандартты және пайдаланушылар модульдерін қосу}
Label ... ; {белгілерді сипаттау бӛлімі}
Const ... ; {тҧрақтыларды сипаттау бӛлімі}
Type ... ; {жаңа типтерді сипаттау бӛлімі }
Var ... ; {айнымалыларды сипаттау бӛлімі }
Procedure ... ; {процедураларды сипаттау бӛлімі}
Functіon ... ; {функцияларды сипаттау бӛлімі }
BEGІN {негізгі бағдарлама басы}
1 - оператор;
2 - оператор;
.................
n – оператор
END.
Бҧл бӛлімдер бір-бірінен нҥктелі ҥтір арқылы ажыратылады. Бағдарламада
бҧл кӛрсетілген бӛліктердің бәрі бірдей бар болуы шарт емес.
Достарыңызбен бөлісу: