Халықтың тамақтануын зерттеу әдістері



Дата24.11.2023
өлшемі3,36 Mb.
#125563
Байланысты:
Презентация (3)

Халықтың тамақтануын зерттеу әдістері

Орындаған: Мансуров Шахмурат

Топ:23-058к

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Жеке тамақтану
  • Халықтық тамақтану
  • Қорытынды
  • Дереккөздер

Тамақтану

  • Тамақтану – ағзаның маңызды физиологиялық сұранысы, ол негізгі функцияларды: өсу, жетілу және жұмыс қабілетінің белсенділігін арттыруды қолдауға және қамтамасыз етуге бағытталады.
  • Тиімді тамақтану – ағзаның энергетикалық, пластикалық және басқа сұранысын қанағаттандыратын, зат алмасудың қажет деңгейін қамтамасыз ететін тамақтану.

Үйлесімді тамақтану

  • Үйлесімді тамақтану – адамның тамағының құрамындағы барлық тағамдық, биологиялық белсенді заттардың ең тиімді арақатынаста болуы және олар адам ағзасына ең жоғары пайдалы әсерін тигізетін тамақтану.
  • Үйлесімді тамақтану тағамдық заттар мен биологиялық белсенді заттар саны мен сапа жағынан да тиімді байланыста болуы керек, олар ақуыз, май, көмірсу, витаминдер мен минералды заттар.

Тамақтануға қойылатын гигиеналық талаптар:

  • Тамақтануға қойылатын гигиеналық талаптар:
  • Колориялылығы жеткілікті болуы керек, яғни ағзаның энергия шығынын өтуі керек
  • Құрамында барлық құнды заттар болу керек және олардың бір бірімен қатынасы оптималды болу керек
  • Тәбетті шақыруы және тойыну сезімін тудыру керек
  • Жеңіл және жақсы сіңірілуі керек, ағзаның ферментативті жүйесіне сай болу керек
  • Сыртқы түрі, иісі және дәмі жағымды болу кере
  • Эпидемиологиялық және рационалды тұрғыдан зиянсыз болуы керек.

Халықтың тамақтануын бақылау әдістері:

  • Балансты
  • Бюджеттік
  • Анкеталық
  • Өлшеу
  • Сұрау өлшеу
  • Мәзір жіктемесі бойынша
  • Тағам статусы бойынша (клиникалық әдіс)
  • Ауруы бойынша
  • Зертханалық.

Балансты әдістің көмегімен халық пайдаланатын және тасымалданатын тағамның көлемі бойынша мемлекеттік статистикалық есеп негізінде халықтың тамақтану деңгейін анықтайды.

Бюджеттік тамақтануға шығындалатын отбасының бюджетін және қаражатын зерттеу негізінде тамақтануға баға беруге мүмкіндік береді.

Балансты және бюджеттік әдістер мемлекеттің статистикалық мекемелері мен жоспарлау бөлімінде әлеуметтік- экономикалық тамақтану мәселесін шешеді.


Анкеталық әдіс кезінде зерттеуші адам тамақтану тәртібі, тағамның аты, үйде пайдаланылатын азық- түліктің мөлшері мен ассортименті көрсетілген сұрақтарға жауап береді. Зерттелуші өзі толтырса пассивті, ал арнайы маман толтырса активті деп бөлінеді.
Өлшеу әдісі тағам жасауға кететін азық- түліктерді, қалдықтарды, дайын тағамды және тағам қалдықтарын өлшеуге, одан кейін салмақ, энергетикалық құндылығын және тәуліктік рационындағы негізгі тағам заттарын есептеуге негізделген. Өлшеу әдісі белгілі бір ұжым үшін тағам жасауға арналған азық түліктің салмағын өлшеуде пайдалынады.
Анкеталық, өлшеу және сұрау өлшеу әдістері отбасылық және жеке тамақтануды гигиеналық бағалау үшін пайданылады.

Қоғамдық тамақтануда (бала бақшалар, балалар үйі, мектеп- интернаттар, емханалар, өндірістік және шаруашылық жұмысшыларының жеке топтары және тб) толық тәуліктік рационды қабылдайдын ұйымдастырылған ұжымдарда толық құнды тамақтануға бақылауды мәзір бойынша есептеу әдісі бойынша жүргізіледі.

Мәзір жіктеме әр күнге жасалады. Онда дайын тағамдар түрлері, оның құрамына кіретін негізгі тағамдық заттардың мөлшері, энергетикалық құндылығы және химиялық құрамы көрсетіледі.


Тамақтануды зерттеудің ең нақты әдісі – зертханалық әдіс.
Лабораториялық әдіс дайын тағамдардың калориялығын химиялық анықтауға және олардағы негізгі тағамдық заттардың құрамына негізделген.
Лабораториялық әдіс тамақтану мәселесін ғылыми зерттеу жүргізуде пайдаланылады.
Тағам статусы – тамақтанудың толық құндылығының белгілі дәрежесін көрсететін адам денсаулығы жағдайының көрсеткіші.
Тағам статусын бағалау үшін антропометриялық мәліметтерді (бойы, салмағы, тері асты май қабаты қалыңдығы), клиникалық тексеру, биохимиялық (белок, липид, глюкоза, минералды алмасуының көрсеткіші) және функционалды зерттеулердің мәліметтері қолданылады.

ҚОРЫТЫНДЫ


Дұрыс тамақтануға уақыт жоқ деп санайтындар ерте ме, кеш пе ауруға уақыт табады.
Сіз жейтін тағам дәрі-дәрмектің ең күшті түрі немесе уланудың ең баяу түрі болуы мүмкін
Дұрыс тамақтануды мақсат етіңіз, бұл сіздің денеңіз бен ақыл-ойыңыз үшін ең жақсы инвестиция.

ДЕРЕККӨЗДЕР


Торгаутов Б.К., Сералиева М.Ш. «Жалпы гигиена». Шымкент, 2011ж.
Токанова Ш.Е., Жандаулетова М.Б. «Жалпы гигиена». Алматы, 2013ж.
Большаков А.М. «Жалпы гигиена». Мәскеу, 2014ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет