Е. А. Букетов атындағы Қарағанды универсиеті Реферат



бет1/6
Дата16.10.2023
өлшемі51,36 Kb.
#116288
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
оптика срсп 1


Е.А. Букетов атындағы Қарағанды универсиеті

Реферат
Оптика


Тақырыбы: Линзалар. Жинағыш және шашыратқыш линзалар. Линзаның бас фокустері және фокаль жазықтықтары. Линзаның оптикалық күші.

Орындаған: Алтынбек Н. МиФ 20-1 (4курс)


Тексерген:аға оқытушы Тунгушбекова М.К.

Қарағанды2023


Мазмұны

Линза
Линзалардың негізгі кемшіліктері:


Лупа және ондағы сәуле жолы.
Жарық толқындары

Жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңы


Жарық дисперсиясы. Дисперсия құбылысын бақылау
Жарық дифракциясы. Дифракциялық тор
Жазық және сфералық айналар

Линза
Линза деп–екі сфералық бетпен шектелген, мөлдір заттан тұратын оптикалық аспапты айтамыз. Олар шашыратқыш және жинағыш болып екіге бөлінеді. Біріншілері өзі арқылы өткен жарықты шашыратады, ал екіншілері оларды бір нүктеге жинайды. Жинағыш линзаның ортасы шетіне қарағанда қалың, ал шашыратқыш линзалардың, керісінше, шеті қалың, ортасы жұқа болып келеді. Линзаның дәл ортасы линзаның оптикалық центрі саналады. Линзаның жасайтын сфералық беттердің қисықтық центрлері арқылы өтетін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды. Оптикалық ось арқылы өтетін сәулелер сынбайды, яғни таралу бағытын өзгертпейді.
Жұқа линзалардан кескін алу кезінде олардың мынадай қасиеттері ескеріледі:

  • бас оптикалық оське параллель сәулелер

  • сынғаннан кейін линзаның бас фокусы арқылы өтеді (a сәуле);

  • линзаның оптикалық центрі арқылы

  • өтетін сәулелер сынбайды (b сәуле);

  • қосалқы оптикалық оське параллель сәулелер сынғаннан кейін осы осьтің бойында жатқан қосалқы фокус арқылы өтеді (c сәуле).

Егер линзаның қалыңдығы сфералық беттердің қисықтық радиусымен шамалас болса, онда оны қалың линза, ал әлдеқайда кіші болса, жұқа линза дейді.

Линза беттерінің түріне қарай линзалар: дөңес (жазық дөңес, екіжақты дөңес, ойыс-дөңес) және ойыс (жазық ойыс, екіжақты ойыс, дөңес-ойыс) болып бөлінеді. Егер нәрсе линза мен оның фокуксы арасында орналасқан болса, оның кескіні жорамал, тура және үлкейген болады. Нақты, кері және үлкейген кескін нәрсе фокустық және қос фокустық қашықтық арасында орналасқан кезде алынады. Нәрсе линзадан қос фокустық қашықтыққа алыстатылған кезде, оның кескіні нақты, кері және кішірейген болады.


Линзаның фокустық жазықтығы деп–линзаның бас фокусы арқылы линзаның бас осіне перпендикуляр жүргізілген жазықтықты айтады. Линзада фокустық жазықтық екеу, ал қосымша фокустар саны шексіз.
Тұрмыста негізінен жұқа линзалар қолданылады. Ыңғайлы болу үшін жинағыш линзаны «↕» белгісімен, ал шашыратқыш жұқа линзаны «⤓» белгісімен белгілейді.
Жинаушы шыны линза бас оптикалық оське параллель өтетін жарық шоғын бір жерге жинайтын нүкте-линзаның бас фокусы (тоғысы) F деп аталады.
Линзаның сызықтық ұлғайтуы деп-кескіннің сызықтық шамасының нәрсенің сызықтық шаммасына қатынасымен анықталатын физикалық шаманы айтады. Шашыратқыш линзадағы нәрсенің кескінін тұрғызсақ, ол әрқашан кішірейген және тура (төңкерілмеген) жорамал кескін болады. Ал жинағыш линза заттың

қай жерде орналасқанына байланысты нақты, жорамал, үлкейген, кішірейген кескіндер бере алады.


Линза заттың немесе нүктенің шын және жалған кескінін береді. Егер кескін линзадан сынған сәулелердің қиылысуынан алынса, ол шын болады, егер кескін сәулелердің кері бағытындағы жалғастарының қиылысуынан алынса, жалған болады. Шын кескіндерді экранға спектрлеуге болады, ол жалған кескінді болмайды. Линза тура, кері, үлкейтілген, кішрейтілген кескін береді. Тура кескін ориентациясы кеңістікте сақталатын кескін. Кері-кескін ориентациясы қарама-қарсыға өзгереді.
Үлкейтілген кескін- қарастырылып жатқан объектінің өлшеміне қарасты кескіннің сызықтық өлшемінің үлкен болуы. Кішірейтілген кескін – кескін объектіге қарағанда кіші болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет