Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік



бет5/6
Дата25.11.2023
өлшемі1,35 Mb.
#126091
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Батальдық жанрсоғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау көріністері бейнеленген көркем шығарма.
Маринистік жанр – теңіз, көл, мұхит сияқты табиғат көріністері бейнеленген шығармалар.
Анималистік жанр – жан-жануарларды бейнелеген көркем шығарма. Ол латынның «animal» (хайуанат) деген сөзінен шыққан.


3.Жаңа сабақ. «Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына саяхат»
1935 жылы көрме негізінде Т.Шевченко атындағы Қазақ Мемлекеттік көркемсурет галереясы құрылған еді. Бастапқыда галереяда небары 43 картина болды. 1936 жылы Мәскеу мен Ленинград мұражайларынан 200-ге жуық картина әкелінді. Мұражай қорын толықтыру ісі 1950 жылдары кең құлаш жайып, Қазақстан суретшілері, мүсіншілері, графиктері мен кескіндемешілерінің ең таңдаулы шығармалары жинақталды. 1976 жылы Қазақ қолөнер мұражайымен біріктіріліп, Қазақ КСР-інің Мемлекеттік өнер мұражайы деген атқа ие болды.
1984 жылы оған Әбілхан Қастеев есімі берілді. Қазір Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайы деп аталды. Мұражайда 14 зал бар. Олардың 11-інде Қазақстанның қазіргі заманғы мүсін өнері, Ә.Қастеев мемориалдық залы, қазақ халықының қолданбалы өнері, орыс халқының өнері, батыс еуропалық өнер, кеңес кезіндегі өнер, Шығыс халықтарының өнері сынды тұрақты экспозициялар орналасқан. Үш зал уақытша көрмелер үшін пайдаланылады[2].
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларымен жақын танысу үшін Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына видео және слайд арқылы саяхат жасайық.




Әбілхан Қастеев (1904-1973) - қазақтың тұңғыш әйгілі график-суретшісі, кескіндемешісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.




Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы (Алматы қаласы).

Кескіндеме, тарихи жанр.


Ә.Қастеев «Турксиб»

Графика,портрет.
Е.Сидоркин «Алпамыс батыр»


Мүсін, портрет.1958ж.
Х.Наурызбаев «Жас Жамбыл»


Сәулет өнері, «Байтерек» ғимараты.
Астана қаласы


Сәнді қолданбалы өнер.
Зергерлік бұйым.


Аяқкиім дизайны. Сызғыш және микрокалькуляторы бар қалам.

Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі жаңа меңгерген сөздерді тек қазақ тілінде ғана меңгеріп қоймай орыс және ағылшын тілдерінде де терминдерді үйренеміз (мұғаліммен бірге тілді жаттықтыра терминдерді хормен айту).






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет