Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
4.2.3.1 – мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру; 4.4.2.1* – күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз).
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар жасай алады:
Мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады жəне жауап береді.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Қос сөздердің түрлерін ажырата алады.
Бағалау критерийлері
Мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру;
Диалогке қатысу;
Мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтау; Қос сөздердің түрлерін ажырату.
П – пікірлесеміз; Т – тыңдаймыз; А – ақылдасамыз. Бағалау түрімен танысады.
Үнтаспа
Интерактивті тақта
Сабақтың ортасы (30 минут)
6 минут
2 минут
47-жаттығу. (Т; Қ) Берілген мəтінді оқу. Оның түрін анықтау. Ойын дəлелдеу.
Берілген мəтінді оқиды. Оның түрін анықтайды. Ойын дəлелдейді. Қарамен жазылған ата-ана, жап-жақсы, қайта-қайта сөздерінің емлесіне назар аудартып, олардың жасалу жолдарын салыстыртады.
Оқушы күнделігіндегі жағдаятқа сəйкес шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады. Осы сұрақтарды парталас жұбына қояды. Оның қойған сұрақтарына жауап береді.
Оқушының шешімі туралы пікір білдіреді.
(Ұ) Жаңа ақпаратпен жұмыс.
Жаңа ақпаратты түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады. Игерген білімдерін мысалдар келтірту арқылы пысықтайды.
Оқулық
5 минут
48-жаттығу. (Ө; Ұ; Қ) Кестемен жұмыс.
Оқулықта берілген сөздерді кестеге орналастырады. Осы сөздермен 4-5 сөйлем құрастырып жазады.
Оқулықтағы түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Қырқа-қырқа сөзінің мағынасына назар аудартылады. Талдау жасалады.
Оқулық Түсіндірме сөздікпен жұмыс
4 минут
49-жаттығу. (Ө; Ұ; Қ) Сұраққа жауап беріп, дəлелдеу.
Қос сөздері бар паравозға көптік, тəуелдік жалғаулары бар вагондарды тіркейді. Қос сөздердің бəріне көптік, тəуелдік жалғаулары жалғана ма? сұрағына жауап беріп, дəлелдейді.
Оқулық
6 минут
50-жаттығу. (Ө; Қ) Диалогті оған тəн тыныс белгісімен толықтыру.
Диалогті оған тəн тыныс белгісімен толықтырады. Екеуара сұхбатқа түседі. Күрделі сөздерді тауып, түрлеріне ажыратады.
«Тоқымқағар», «базарлық» сөздерінің шығу төркіні айтылған сөйлемдерді теріп жазады.
Оқулық
№2 дəптермен жұмыс
6 минут
51-жаттығу. (Ө; Ұ; Қ) Диалог мазмұны бойынша сұрақ құрастыру.
Диалог мазмұны бойынша екі сұрақ құрастырады. Парталас жұбының дайындаған сұрақтарына жауап береді.
Оқулық
Сабақтың соңы (5 минут)
4 минут
(Ө; Қ) Дұрыс жауапты белгілеу.
Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындатылады. Оқушылар дəптерде берілген тапсырманы оқиды. Дұрыс жауаптардың бірін белгілейді.
Жазған жұмыстарын топта жариялап оқиды.
№2 дəптермен жұмыс
1 минут
(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін- өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.
Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған
«сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады.
Нəтижелері топта жарияланады.
№2 дəптермен жұмыс Түрлі түсті
қарындаштар
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары