«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-əрекеттеріне кері байланыс жасайды.
1.4 Берілген тақырып бойынша əңгіме құрау.
4.1.4.1 – тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрау.
(Т; Қ) Тірек сөздердің көмегімен «жер сілкінісінен сақтану» нұсқаулығын құрастыру. Тірек сөздер: жер сілкіну, таулы аймақтар, геологиялық құбылыс, залалы, өрттің пайда болуы т.с.с.
«Жер сілкінісінен сақтану» нұсқаулығын құрастыру үшін тірек сөздер қатары беріледі. Нұсқаулық ережесінің құрамына кіретін əр сөйлем «керек», «қажет», «тиіс» сөздерімен аяқталуы керек.
«Жер сілкінісінен сақтану» нұсқаулығының үлгісі: Жер сілкінісі кезінде арнайы қауіпсіз жерлерде қорғану керек. Қасыңда үлкендердің болғаны дұрыс.