Семинар №9 Тақырыбы:Толықтауыш, түрлері, ерекшелігі Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: Тура толықтауыштың жасалу жолдары: зат есімді, сын есімді, сан есімді, есімдікті, етістікті, үстеулі, модаль сөзді тура толықтауыштардың мағыналық ерекшеліктері.
Барыс және жатыс септік жалғаулы жанама толықтауыштардың мағыналық ерекшелігі.
Шығыс және көмектес септік жалғаулы жанама толықтауыштардың мағыналық ерекшелігі.
Тура толықтауыштың жалғаулы және жалғаусыз түрде жұмсалу ерекшелігі мен ол туралы қазақ, түркі тіл біліміндегі көзқарастар.
9 -СОӨЖ тақырыбы: Толықтауыш, түрлері, ерекшелігі Тапсырмалар: К.Жүнісбекова, Ф.Оразбаева, Ә.Ахметов «Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар» А-1998. 3, 4,6-жаттығулар (55-57бб.).
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау.
СӨЖ тапсырмалары: Ұ.Р. Ержанова «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» (бақылау-пысықтау жаттығулар жинағы), Орал-2009. 8-жаттығу.
Есеп беру түрі: синтаксистік талдау
Толықтауыш, түрлері, ерекшелігі Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы ілім қазіргі қазақ тілі синтаксис ғылымында біршама тұрақталды деп айтуға болады.Алдымен тұрлаусыз деп – атауы туралы олай аталуы олардың сөйлемді тиянақты етпейтін қасиеттеріне негізделген. Әрине, термин ыңғайсыз алынған, дегенмен қазір сіңісіп кетті.Сөйлемдерді сөйлем ететін, тұрлаулы мүшелер болса, тұрлаусыз мүшелер де солардың айналасына топталып, олар арқылы ғана сөйлемде айтылатын ойға қатысты болып келеді, сөйлемнің құрамды бөлшегіне айналады. (Әрине, олар мағыналық және грамматикалық тұрғыдан тұлғаланады).Грамматикалық ерекшеліктеріне келер болсақ, тұрлаусыз мүшелерге тұрлаулы мүшелермен және өзара алғанда синтаксистік байланыс сипатына қарай ерекшеленеді. Ең тұрлаулы мүшелер өзара қиыса байланысса, тұрлаусыз мүшелер қабыса, меңгеріле, матаса байланысады.Тұрлаусыз мүшелердің бір тобы бастауыштың айналасына топтанып, соның түрі жағынан анықтап, солармен тұрса анықтауыш, енді бір тобы баяндауыштың мағынасын түсіндіреді.Оларды топтарға бөлу (—————) олардың бас мүшелерге осындай мағыналық қатынасына негізделеді. Тұрлаусыз мүшелерді топқа бөлудің ол қазіргі қалыптасқан грамматикалық принципі. Мұны әлі жетілдіру керек сияқты.
Мысалы, анықтауыш бас мүшелерге мағыналық қатынасына қарай емес, қандай сөзден жасалғаны мүшеге қатыстылығы тұлғасынан ғана бөлектенеді: (Есімге, етістікке). Қатысты сөздің алмасуынан (бірде етістік, бірде есім) олардың мағыналық қатынасы өзгеріледі деу қиын.
Тұрлаусыз мүшелердің өздеріне тән морфологиялық тұлғасы мен байланыс тәсілдері де бар. Мысалы, ілік септік анықтауыштың, табыс септік тура толықтауыштың грамматикалық көрсеткіші. Матасу – анықтауыш, жанасу – пысықтауыш. Сонымен қатар, белгілі бір тұрлаусыз мүше қызметінде жұмсалуға бейім сөздер бар. Мысалы, сын есім – анықтауыш қызметінде ,үстеулер – пысықтауыш қызметінде.Барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғаулар сөздердің синтаксистік қызметі әртүрлі. Олардың кейбіреулері қандай сөйлем мүшесі екендігі ажырату үшін грамматикалық формасын, қай сөз табына жататындығын ескерумен қатар, сол сөздің лексикалық мағынасын да қарау қажет болады.Мысалы, ауылға келдім (мекендік мән). Асқарға келдім (заттық мән). Екеуі де етістікке қатысты. Тұрлаусыз мүшелерді кейде контекст, ол сөздердің лексикалық мағынасы жайлы қай сөзбен байланысатыны анықтайды. Мысалы, ол біздің ауылға жиен (заттық мағына). Ол біздің ауылға келді (мекендік мағына).