Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева



бет161/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

Қазақ тілі. 4-сынып

8-бөлім: Болашаққа саяхат

Осыған дейін меңгерілген білім

8-бөлім материалдары оқушылардың осыған дейін меңгерген білім, білік, дағдыларына негізделеді. Тыңдаған материалының мазмұнын түсіну жəне оны өз сөзімен айтып беру машығы қалыптасқан. Мəтінді мəнерлеп, түсініп оқу арқылы ақпараттарды түрлі дереккөздерден алу, ондағы негізгі ойды анықтау дағдысы бар. Тірек сөздер мен жоспар арқылы мəтін құрастыра алады. Мəтінді түріне, жанрына, стиліне қарай ажыратып, монолог, хабарлама, жарнама, эссе т.б. жазады.




Мəнмəтін

Бұл бөлімде «Болашаққа саяхат» лексикалық тақырыбы аясында болашақ туралы фантастикалық əңгімелер мен роботтар жайлы мəтіндер, өткен замандардағы суретшілердің қиялдарынан шыққан туындылар мен шығармалар беріліп, оқушылардың өткен мен бүгінді салыстыра зерттеуіне мүмкіндіктер жасалған. Оқушыларға берілетін грамматикалық ұғым-түсінік «Болашаққа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша берілген мəтіндермен жұмыс арқылы танытылады. Эссе, мазмұндама жұмыстарына басымдық беріліп, оқушылардың тілдік сауаттылығын, оның ішінде жазбаша қарым-қатынасын дамытуға мəн беріледі.

Қысқаша шолу

Бұл бөлімде оқушылар түрлі жанрда/стильде берілген мəтіндерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау дағдысы жетілдіріледі. Оқушылар өз болашақтары туралы пікір алмасып, еркін ойлауға, жан-жақты ізденуге дағдыланады.

Оқушылар үстеуді, еліктеу сөздерін мағынасына қарай ажыратуға; сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын шылауларды (жəне, себебі, мен, пен) сөйлеуде қолдануға үйренеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет