Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева


САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 98-сабақ



бет246/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 98-сабақ.

Етістіктің жіктелуі



МЕКТЕП:

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

СЫНЫП: 4

қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

4.1.4.1 – тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрау.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Берілген жоспар бойынша монолог құрайды.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Етістіктің жіктелуін біледі.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:

Етістікті жіктейді. Монолог құрайды.

ТІЛДІК МАҚСАТ:

Берілген тақырып бойынша мəтін мазмұнын айта алады.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.

ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:

Жаратылыстану.

АКТ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ:

Компьютерді қолдану.

АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:

Етістіктің жіктелуі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут


(Ұ) Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы бір-бірлеріне сəттілік тілейді.

Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап,

Қазақ тілін оқуды бастаймыз!


Көңілді əуен қосып қою

3 минут

Топқа біріктіру.

«Асық» арқылы топтарға біріктіру.

Топ санына байланысты түрлі түсті асықтарды ортаға шашу.


Түрлі түсті асықтар

Сабақтың ортасы

4 минут



71-жаттығу. (Ұ) Мəтінді тыңдау.

Мəтінді мұқият тыңдап, тырналардың неліктен өкінгенін болжау. Оқушылардың мəтінді түсініп тыңдауына басшылық жасалады. Жетекші сұрақтар:



  • Мəтін не туралы?

  • Қарт тырна неліктен балалары мен немерелерін шақырды?

  • Қарттың түсі туралы не айтар едіңдер?

Оқулықпен жұмыс

3 минут

(Т) Монолог құрау.

Берілген жоспар бойынша монолог құрау.

Мəтіндегі етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын айту.





5 минут

72-жаттығу. (Ө; Ж) Мəтін құрап жазу.

Тірек сөздерді қатыстырып, мəтін құрап жазу. Сөйлемдерді жазу барысында көркем жазуға тырысу. Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.



№3 дəптермен жұмыс

3 минут

73-жаттығу. (Ұ) Жұмбақты оқып, шешуін табу. Шешуі: тырна.

Оқулықта берілген жұмбақты оқып, шешуін табу.



Оқулықпен жұмыс

5 минут

74-жаттығу. (Ө) Берілген сөздердің жіктік жалғаулы етістік екендігін дəлелдеу.




1 минут

5 минут

3 минут


Ой сергек!

Көп отырып шаршадық, Қозғалуды аңсадық.

Жүгіргіміз келеді, Əдемілеп əн салып.
75-жаттығу. (Ө; Ж) Өлеңді қатесін түзеп жазу. Оқулықта берілген өлеңді оқып, қатесін түзеп көшіріп жазады. Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстырады.
(Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау. Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау.

«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Тыңдаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс- əрекеттеріне кері байланыс жасайды.

№3 дəптермен жұмыс



Сабақтың соңы

3 минут

2 минут


(Ө; Қ) «Жетістіктер баспалдағы».

Бөлім бойынша өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгергенін тиісті баспалдаққа таңба қою арқылы белгілеп көрсету.


(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.



№3 дəптермен жұмыс

№3 дəптермен жұмыс

Түрлі түсті қарындаштар


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет