Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2 23
Әйелге деген көзқарас ешқашан да біржақты болмаған. Ерте заманнан бері
әйелді тіпті, үй шаруасын атқарушы ретінде қарады десе де болады.
Демократияның іргетасы қаланған грек ойшылдары Платон мен Аристотель де
әйелді еркектен бір саты төменірек деп дәріптейді. Платон «Әйел – жаңа өмірді
бағып-қағатын ыдыс-қорап қана»- деп тұжырымдаса , Аристотель «Жан, рух –
белсенді күш және тек қана рух, еркектік принцип өмірді туындатады, яғни
ұрпағының жағымды қасиеттер мен қабілеттерге ие болуына әйел адамның ықпалы
өте мардымсыз»- деп есептейді.
Данышпан Сократтың өзі әйел мәселесіне келгенде: «үш нәрсені бақыт деуге
болады: сенің жабайы жануар еместігіңді, сенің грек екендігіңді және сенің әйел
емес, еркек екендігіңді» деп, менсінбеушілік көрсеткен екен. Антикалық
ойшылдардың, әсіресе, Аристотельдің әйелге деген бұл көзқарасы кейінірек
ортағасырлық діни философияның әйел адам туралы түсінігіне негіз болып,
әйелдер жетілмеген тіршілік етуші, тек нәпсінің объектісі ретінде қарастырды.
Антикалық кезең феминизмнен әлдеқайда алыс болды. Мысал ретінде
Милеттік Фалестің (басқа деректер бойынша, Сократқа тиесілі) мына сөзін
келтіруге болады: «Тағдырға жануар емес, адам, варвар емес, эллин, әйел емес,
еркек болып туылғаным үшін ризамын», яғни ол әйелді варвар мен жануармен бір
қатарға қойып тұр. Бірақ антикалық кезеңнің барлық ер азаматтарының пікірлері
осы сияқты болған жоқ. Прогрессивті Пифагор, керісінше, әйелдің маңызды рөліне
әрқашан баса назар аударып отырған. Пифагор одағында әйелдер филиалы да
құрылды, бұл жерде әйелдер рәсімдердің мән-мағынасын меңгеріп, өздерінің
жоғарғы міндеттерінің қасиетті өсиеттерімен танысты. Яғни, Пифагор Инь-Ян
принциптеріне сәйкес тезистерді қолданды. Ол еркек мен әйелді біртұтас деп
санайтындығын айқын көрсетті, демек, олардың қоғамдағы орны мен рөлі бірдей
маңызды және қажетті.
«Әйелдердің ақыл-ойы дене болсын, олардың үлкен істерге арналмағанын
түсіну үшін олардың суреттеріне қарау жеткілікті. Әйел мінезіндегі негізгі
кемшілік - әділетсіздік. Бұл жоғарыда аталған парасаттылық пен зеректіктің
жоқтығынан туындайды, сонымен бірге олар ең әлсіз тіршілік иелері ретінде
табиғаттың күшімен емес, айлакерлігімен дараланады»- Шопенгауэр. Бұл
сөздерден де баланы тәрбиелеуші, игі істер жасауға әйел адамның санасы жетпейді
деген түсініктің болғандығын байқай аламыз. [7]
Эразм Роттердамскийдің «Маймыл күлгін киіндірсе де, әрқашан маймыл
болып қалады; сондықтан әйел өзіне қандай маска кисе де әрдайым әйел, басқаша
айтқанда, ақымақ болып қалады» деп пікір білдірсе, Имануил Кант «Әйел өзінің
кейбір жоғары түсініктерінің болмауына, маңызды мәселелерге арналмағанына
ұялмайды» - ой білдірді. [8] Әйел адамның сол кезеңдерде өте төмен дәрежеде
бағаланғандығы, қадір тұтпағаның осы пікірлерден-ақ аңғаруға болады.
Ал кеңес заманындағы ойшылдарға келетін болсақ, Ткачев әйелдің ер адамға
ұқсамайтынын атап өтіп, оның тәрбиесіндегі себебін көреді. Әйелдер көбінесе
эмоцияға берілгіш, ойының барлығы үй тұрмысындағы нәрселер. Сол себептен
миын тежеп, ойлауға мүмкіндік бермейді. Бұл пікірмен келісуге де болады,