Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2 68
және тарату процесі бойынша іс жүргізуді аяқтауды айқындау негізінде жүзеге
асырылады. [3]
Заңды тұлға мәжбүрлеп таратылған жағдайда құрылтайшыға немесе уәкілетті
органға таратуды жүргізу жөніндегі міндеттер жүктеледі. Бұл жағдайда
құрылтайшы немесе уәкілетті орган тарату туралы шешім қабылданған кезде
жұмыс істеуі керек, өйткені соттың тарату жөніндегі міндеттерін ұйымның
бұрынғы қатысушыларына жүктеуге құқығы жоқ.
Заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату салық органының бастамасы бойынша да
жүргізілуі мүмкін. Алайда, тарату туралы шешім сот арқылы да қабылданады.
Салық органдары тарапынан тұрақты негізде салық төлеушілерге мониторинг
жүргізіледі. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша борышкерлердің
тізімдері жасалады. Сенімсіз салық төлеушілерге мыналар жатады:
- салық төлемдерін төлеу бойынша берешегі бар тұлғалар;
- тексеру барысында жалған кәсіпорын ретінде танылған заңды тұлғалар;
- құрылтай құжаттарында көрсетілген мекенжай бойынша Жоқ заңды
тұлғалар;
- банкрот деп танылған заңды тұлғалар;
- әрекетсіз заңды тұлғалар.
Бұл ақпарат ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында ашық қолжетімді.
Осы анықтамаға сәйкес әрекетсіз заңды тұлға өз қызметін ҚР-да жүзеге
асыратын, бірақ заңда белгіленген мерзімнен кейін бір жыл өткен соң салық
органдарына мынадай құжаттарды ұсынбайтын ұйым болып табылады:
- КТС бойынша декларация;
- ойын бизнесі салығы бойынша декларация немесе оңайлатылған декларация.
Бұл ереже өз қызметін тоқтатқан заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Мемлекеттік органдар тарапынан әрекетсіз заңды тұлғаның құрылтайшылары
мен басшыларына мынадай мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін:
- жаңа заңды тұлғаларды құруға және басқаруға тыйым салу;
- жұмыс істеп тұрған ұйымдарды ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюға тыйым
салу;
- Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шығуға тыйым салу.
Келесі жағдайларда заңды тұлғаны әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен алып
тастайды:
-
салықтық міндеттемелерді орындағаннан, бюджетке борыштарды
төлегеннен, салықтық есептілікті ұсынғаннан кейін;
- салық төлеушіні мемлекеттік тіркелімнен шығару.
Егер борышкер салық берешегін белгіленген мерзімде өтемесе, сондай-ақ
берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі шаралар қабылданғаннан кейін салық
органы заңды тұлғаны банкрот деп таныса, одан кейін тарату рәсімі басталады. [4]
Заңды тұлғаны тарату негіздері әр түрлі болуы мүмкін екендігіне қарамастан,
ерікті және мәжбүрлі негізде тарату процестері бірдей:
1. Меншік иесінің немесе соттың заңды тұлғаны тарату туралы шешім
қабылдауы.