Э. К. Идрисова бас редактордың орынбасары, ету оқу және ғылыми қызмет


Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2



Pdf көрінісі
бет87/96
Дата15.12.2022
өлшемі1,36 Mb.
#57549
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   96
Байланысты:
Вестник-№2-2021

Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2 
92 
Тактикалық амал барлық жағдайларда тергеу әрекеттерінің немесе тактикалық 
операциялар мен комбинациялардың бір бөлігі болып табылады, бірақ оны нақты 
тергеулік процесуалдық әрекетпен теңестіруге болмайды. Тергеу әрекетінің 
мазмұны, құрылымы, әдістері бойынша әрі кең, әрі күрделі және қылмыстық-
процестік сипаты бар. Тактикалық амал тек қана криминалистикалық ұсыныс 
сипатында қолданылып заңмен реттелмейді. Егер қандайда-бір тактикалық амал 
құқық нормасына енгізілсе, онда ол тактикалық амал емес заң нормасына 
айналады.
Тактикалық амалдарды қолданатын субъектілері болып негізінен тергеуші, 
анықтама органдарының қызметкерлері табылады. Сонымен бірге, прокурорлық 
қадағалауды немесе мекемелік процесуалдық бақылауды жүзеге асыратын 
тұлғалар да мыналарға құқылы: 
− Тактикалық амалдарды қолданудың заңдылығын қадағалауда; 
− Тактикалық амалдарды қолдану бойынша ұйғарымдар беруде (олар көбіне 
әдістемелік ұсыныс сипатында болады); 
− Тактикалық амалдарды тікелей өздері қолдануға (тергеушінің дәрежесі 
төмен болғанда немесе конфликтті жағдай пайда болған кезде қажет). 
Тактикалық амалдарды қабылдауға пайда болған тергеу ахуалы әсерін 
тигізеді, яғни тергеуді жүзеге асырғанда тап сол сәтте пайда болған жағдайлардың 
жиынтығы әсер етеді. [4] 
Тактикалық комбинация – бұл тергеудің нақты міндетін шешу үшін 
тактикалық амалды бір тергеу әрекетінің аясында үйлесуі. Тактикалық 
комбинациялардың мазмұны, олар шеңберінде жүзеге асырылатын тергеу 
әрекеттерінің түрлерімен және тактикалық міндеттердің сипатымен анықталады. 
Мазмұнына қарай тактикалық комбинациялардың келесі түрлерін бөлуге болады: 
− Іздерді және материалдық ортаны анықтау мен бекіту бойынша тактикалық 
комбинациялар. 
− Тергеу әрекетін жүргізу үшін қажетті ортаны қамтамасыз етумен 
байланысты тактикалық комбинациялар. 
− Іс бойынша шындықты анықтауға қарсы тұратын кедергілерден өтуге 
бағытталған тактикалық комбинациялар. 
Тактикалық комбинацияларды сәтті өткізуге әртүрлі техникалық құралдарды 
пайдалану септігін тигізеді: бейнеаппаратуралар, магнитофондар, диктофондар, 
оптикалық бақылау құрылғылары және т.б. 
Тактикалық комбинацияны жасау мен жүргізу тергеушілердің жедел-іздестіру 
қызметкерлерімен әрекеттестігінің маңызды нышаны болып табылады, әсіресе 
жедел-іздестіру қызметі нәтижесінде алынған мәліметтерді қолдану тұрғысынан 
алғанда. 
Тактикалық операция – бұл тергеудің нақты аралық міндетін шешу үшін 
біріккен және ортақ келісілген жоспар бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, 
жедел-іздестіру шараларының және оларға ілесе жүретін тактикалық әдістердің 
кешені. 
Тактикалық амалдар кешені түріндегі және бір тергеу әрекетінің шеңберімен 
қамтылатын тактикалық комбинацияға қарағанда, тактикалық операция бірігу 
деңгейі бойынша неғұрлым биік құрылым – тергеу әрекеттері мен басқа да шаралар 
кешені болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет