Э. К. Идрисова бас редактордың орынбасары, ету оқу және ғылыми қызмет


Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2



Pdf көрінісі
бет89/96
Дата15.12.2022
өлшемі1,36 Mb.
#57549
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   96
Байланысты:
Вестник-№2-2021

Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2 
94 
Қазіргі уақыттағы жаңа қылмыстық-процестік кодексе сәйкес, сотқа дейінгі 
тергеп-тексеру нысандары анықтау, алдын ала тергеу нысанында және хаттамалық 
нысанда жүргізіледі, деп аталмыш заңның, яғни Қазақстан Республикасының ҚПК-
нің 189 бабында көрсетілген. Қылмыстық істердің басым көбісі сот өндірісінің 
алдында жүргізіледі. [5] 
Тактикалық ұсыныс – бұл тергеу кезінде тактикалық әдістерді таңдау мен 
қолдану бойынша ғылыми негізделген және тәжірибеде сыналып тексерілген 
кеңес. 
Тактикалық ұсыныстың негізінде тактикалық әдістен елеулі айырмашылығы 
жоқ және тактикалық амал деп те саналуы мүмкін. Әдетте олардың айырмашылығы 
мынада болады, ұсыныстар тактикалық амалдың тиімділігін арттыруға 
бағытталған (мысалы, оқиға болған жерді қараудың қандай тәртібін қандай 
жағдайда қолдану керектігі туралы ұсыныс – шеттен ортаға қарай ма, әлде 
керісінше ме), ал тактикалық амал көп жағдайда белгілі бір әрекетті немесе өзін 
қалай ұстау керектігін білдіреді. Осыдан көрініп тұрғанындай ұсыныстар 
тактикалық амалмен тығыз байланысты, сондықтан бұл түсініктер кейде бір 
мағынаны білдіреді. 
Даулы ахуалдар кезінде криминалистикалыққ тұрғыдан тактикалық тәуекелді 
қарастыруға болады. 
«Тәуекел» терминімен кез-келген зиян келу мүмкіндігі, жеке немесе заңды 
тұлғаның мүддесіне қауіп қаралады. Басқаша айтқанда, тәуекел – бұл егер, сәтсіздік 
болса, таңдауға дейінгіден де жаман жағдайға душар болатын таңдау жағдайында 
жүзеге асырылатын әрекеттер. 
Тактикалық тәуекел жағдайында әрекет етуге тергеушіні бірнеше жағдайлар 
итермелейді: 
- біріншіден, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында, қылмыскерді қылмыс 
үстінде ұстау кезінде, “ізін суытпай” тергеу кезінде және жалпы тергеудің алғашқы 
кезеңінде ерекше сезілетін уақыт тапшылығы барысында, 
- екіншіден, ахуалдың ақпараттық анық еместігі, жан-жақты таразыланған 
дұрыс шешім қабылдау үшін мәліметтердің жетіспеушілігі барысында, 
- үшіншіден, тергеушінің рефлекстік жағынан қарсы жақтан үстемдігіне 
сенімділігі, олардың тәуекелдігіне қарамастан, өз әрекеттерінің сәттілігін іштей 
алдын ала сезуі болса қолданылады, 
- төртіншіден, қалыптасқан тергеу ахуалына қарамастан әрекеттерді жүзеге 
асырудың процессуалдық қажеттігі, мысалы, заңмен белгіленген жауаптарындағы 
қарама-қайшылықтарды жою үшін беттестіруді жүргізу. 
Таңдаудың негізділігі басты белгі болып қызмет атқаратын бағалау жолын 
пайдалану, тәуекелді негізді (рационалды) және негізсіз (рационалды емес) деп 
бөлуге мүмкіндік береді. 
Сонымен, криминалистикалық санаттар – сотқа дейінгі тергеуді ұйымдастыру 
мен жоспарлау, оны жүзеге асырушы тұлғалардың мінез-құлықтық бағытын 
анықтау, нақты тергеулік ахуалды ескере отырып, жеке тергеу әрекеттерін жүзеге 
асырудың барынша тиімді тактикалық әдістерін ұсынады. Осылайшы орын алған 
әрбір құқықбұзушылық дұрыс анықталып, өз кезегінде оны жасаған тұлғаның 
әрекеттері сауатты түрде дәрежеленіп тиісті шешімін табу үшін жол ашылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет