Ә. Кекілбаев өмірі мен шығармашылығы


Шыққан жоқ атқан оғым терең сайдан



бет3/3
Дата27.09.2023
өлшемі119,86 Kb.
#110922
1   2   3

Шыққан жоқ атқан оғым терең сайдан.

Қазақта талай қатын ұл туғанмен,

Дәл мендей ұл табады қатын қайдан?

  • Әбіш әңгімелерінің негізгі нысаны – ауыл өмірі, ауыл адамдарының тұрмысы. Терең білетіні дала өмірі, дала тіршілігі болғандықтан суреткер қаламының сол жайларды бейнелеуге бейім тұруы заңды.
  • Алғашқы әңгімелері мен кейінгі әңгімелерінің бір-бірінен табиғаттары бөлек. Алғашқы әңгімелерде сезім көлеңкелері мен ой-толғаныстар басым болса, бұл топтағы әңгімелерде Мүсіреповке тән юмор мен сатира сәулесі сезіледі.
  • Қазақтың көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың әңгімелерінің бірі «Тасбақаның шөбі» – классикалық туынды. Онда кемел әңгімеге тән хас белгілердің бәрі бар. Басы артық оқиға, эпизод, тіпті артық сөз жоқ. Әрбір сөз, сөйлем, детальдар – үлкен ғимараттың орнын тауып қаланған кірпіштеріндей. Оның үстіне әңнімедегі жанды сурет, бейнелі орамдар – өмірдің өзегіндей шынайы да нақты. Кейіпкерлері де өмірдегідей тірі адамдар, нағыз типтік бейнелер.
  • Шығарма тақырыбы – жетпісінші жылдардағы ауыл өмірі. Жазушының ауыл өмірін терең білетіні сондай, бар жайды өз басынан өткендей мөлдірете көрсеткен.
  • Әңгіме бастан-аяқ екі-ақ кейіпкердің тұлғасын сомдауға жұмсалған. Шығарманың қолға ұстатқандай болмысы екі персонаж төңірегінде, олардың замандастарымен өзара қарым-қатынасы және өмірімен бетпе-бет келтірудің нәтижесінде ашылады.
  • Бұл кейіпкерлер – Оңбай мен Қарабала.

Ә. Кекілбайұлының сатиралық әңгімелерінің бірі - «Міне, керемет!».
  • Біреуінің ойы:
  • «Аудандағы азғантай бастықтардың бірімін дейді. Жаман емес. Енді бір секірсе, бірінші бастықтың өзі болып кетуі де мүмкін. О баста аузымен орақ орған неме еді. Біраз жерге бармай қоймас».
  • Екіншісінің ойы:
  • «Бұл өзі жымиып жүріп-ақ шаруасын бітіретін жымысқы неме еді. Белді треске орынбасар боп апты. Аман болса астанадағы талай-талай жұмсақ креслоға бір-бірлеп отырып шығатын шығар».

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • 1. Ә. Кекілбайұлы. Шығармаларының жиырма томдық толық жинағы. Әңгімелер мен хикаялар. 6-том. – Алматы: «Жазушы», 2010. – 320 бет
  • 2. Қадыр Жүсіп. Шың мен Шыңырау. Ә. Кекілбайұлының прозасы хақында (әдеби сын-зерттеу). – Алматы: «Арыс» 2000. – 134 бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет