маңызды объектілерінің болуын жоққа шығармайды. Дыбыстарды зерттеу мен
дыбыстық тілдің басқада мәселелерін, мысалы, буын, екпін және интонация
мәселелерін қарастыру өз ара тығыз байланыста болады. Оның үстіне, тіл
дыбыстары мен буын, екпін туралу ілімнің тілдің жазба жазба түріне тікелей
қатысы бар. Жазудың теориясы сөйлеудің деректеріне, тіл дыбыстарының
фактілеріне
негізделеді.
Сонымен фонетиканың зерттейтіндері – тілдің барлық жағдайларында және
қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу
түрі
мен
жазба
түрінің
арасындағы
байланыстар.
Тіл дыбыстарын және оларға тән заңдылықтарды зерттеудің теориялық мәні,
атап айтқанда, мынада: дыбыстық өзгерістерді, олардың заңдылықтарын есепке
алмай тұрып, лексикалық құбылыстардың да, грамматикалық құбылыстардың да
шығу төркінін, өзгеріп дамуын ашып айқындау, соған орай, лексиканың да,
грамматиканың да, ғылыми тарихын жасау мүмкін болмаған болар еді. Демек,
тілдің замандар бойындағы тарихи даму барысының түрлі дәуірлеріндегі
дыбыстық өзгерістерді, оның заңдылықтарын зерттеу мәселесі өте-мөте маңызды
мәселе
болып
саналады.
Фонетика ғылым ретінде жалпы фонетика және жеке фонетика (нақтылы тілдің
фонетикасы) болып бөлінеді.
«Жалпы фонетика тіл дыбыстарының тіл жүйесінде өмір сүру жағдайларын
зерттеуден басқа, оларды сөйлеудің түйдегінде зерттейді.Жеке фонетика белгілі
бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің
мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи
(диахрониялық) фонетика болып бөлінеді.
Адам баласының тілі – дыбыстық тіл . Тіл дыбыстары - әрбір тілдің өмір
сүруінің тәсілі. Тіл дыбыстары, әдетте сөз ішінде айтылады.
3. Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды.
Тіл дыбыстары, олардың құрамы, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары
туралы мәселелер фонетикада маңызды орынға ие болады. Алайда, тіл дыбыстары
туралы мәселенің фонетикада басты орынға ие болуы фонетиканың басқа да
маңызды
объектілерінің
болуын
жоққа
шығармайды.
Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Әдетте мынадай көзқарас кездеседі:
шын тіл-жазылған тіл, яғни сөзді қатесіз жазу, жазылуындай етіп оқу.
Дұрысы, жазудан гөрі айту әлдеқайда маңызды. Басқаны айтпағанда, әрбір
адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Олай болатыны,
сөздің өмір сүру формасы
- дыбыс. Әріп-сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір
ғана дыбысты әр түрлі (мәселен, д, d, т.б.) өрнектей беруге болады.
А. Байтұрсынов өзінің алғашқы «Тіл-құрал» деп аталатын еңбегінде (1914ж.)
осыны айырықша қадағалап айтқан:
«Дыбыс пен қаріп екеуі екі басқа напсе.
Достарыңызбен бөлісу: