табылады. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар –
омофондар мен
омографтар, омофоралар мен паронимдер. Бұл омонимдер құбылысының
қатарында қарастырылғанда,
сөздердің, сондай-ақ кейбір сөз тіркестерінің
орфографиялық жағы мен орфоэпиялық жағының ара қатынасы ескеріледі.
К.Аханов омонимдердің төрт түрлі пайда болу жолын көрсеткен.
1) Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика – семантикалық тәсілі арқылы
пайда болған.2) Тіл-тілдегі бірсыпыра омонимдер сөздердің әр түрлі фонетикалық
өзгерістерге ұшарап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда
болған.3)Омонимдер сөздердің түбірлеріне омонимдес аффикстердің жалғануы
арқылы жасалады.4) Кейбір омонимдер кірме сөздер мен төл сөздердің
дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде жасалады. Омонимдік қатарға
енетін
сөздердің өзгеру, түрлену, түрлену жүйелерінің бір-біріне қаншалықты
дәрежеде сәйкес келуіне қарай омонимдер лексикалық омонимдер, лексика-
грамматикалық омонимдер және аралас омонимдер деп аталады.
Полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырата білу керек. Бұларды бір-
бірінен ажырату проблемасы тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып
саналады. Сөздіктерді жасауда бірде-бір лексикограф (сөздік жасаудың маманы)
полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасына соқпай өтпейді.
Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек
сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар – омофондар мен
омографтар, омофоралар мен паронимдер.
Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де ықпал етеді. әсіресе,
сөздің мағынасының өзгеруіне ішкі себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек
әсер ететіндігі байқалады.Сөз мағынасының ішкі (линвистикалық) өзгерістерінің
бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп қосылғанда,
бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналары мен өзара қарым - қатынасқа түсіп,
солармен синонимдік байланыста жұмсалады. Мұндай жағдайда байланыс екі
жағдайда болуы мүмкін.Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз не жаңа мағына
бұрыннан тілде өмір сүріп келе жатқан байырғы сөздер мен байырғы
мағыналардың жаңа сөздер мен жаңа мағыналарға да сондай әсері болуы
ықтымал.
Сөз мағынасының дамуы
нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарайып отыру
заңдылықтары туады. Сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ
бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын
айтамыз. Ол негізінде метафоралық, метонимиялық, синекдохалық тәсілдер
арқылы іске асады. Осы күні
жиі айтылатын, қарау, табыс,табыс, жарыс, мүше,
құру, құрылыс, қатынас, байланыс, жұрнақ, жалғау, тасымал, айналым, құн т.б.
бәрі де халықтық бұрынғы мағынасының негізінде жаңа мағынаға ие болған
сөздер.
Сөз мағынасының тараюы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік, т.б.
жағдайларға
байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді.
Мысалы; көне түркі тілінде тон, тары- тек «дәнді дақылдардың бір түрін емес»,
егін, астық, атаулыны білдірген. Тон-тек «қой терісінен тігілген киімді» ғана емес,
жалпы киім атаулыны білдірген. Қол-адамның дене мүшесі ұғымымен бірге,
тарихи «әскер, жасақ» ұғымында да қолданылған. Қарындас – көне түркі тілінде,
ежелгі қазақ тілінде , қазіргі кейбір түркі тілдерінде : «туысқан, бір тектес
адамдар» мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тілінде «бірге
туған кіші қыздың ағасына
туыстық қатынасың болмаса», «жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтылатын
сөзін» білдіріп, мағынасы тарылған. Бірқатар сөздердің қолданылу өрісі,
мағынасы тарылғаны соншалық, олар тек бірен –саран фразеологиялық
тіркестерде
ғана сақталып қалған; міз бақпау, түлен түрту, қаншырдай қату,
мұрны
қолақпандай
т.б.
Метафора, сыртқы не ішкі белгілеріндегі(тұлғасындағы ,қимылындағы не
атқаратын қызметіндегі т.б.) ұқсастыққа қарап,бір зат атаулының басқа бір затқа
атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады.
Мағына
ауысуының
бұл
тәсілінің
негізінде
ұқсату
заңы
жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: