Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Жазудың қандай түрлері бар?
2. Қоғамның және тілдің дамуындағы жазудың рөлі қандай?
3. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері жайлы не білесің?
4. Орфографияның қандай ұстанымдары бар?
5. Транскрипция және транслитерация нені қарастырады?
6. Орфоэпияның қарастыратын мәселесіне не жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .-
Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
№14 тақырып: Лексикологияның міндеті мен зерттейтіні. Лексикологияның
бөлімдері. Сөз – тілдік бірлік. Сөзге тән басты белгілер.
Жоспары:
1. Лексикологияның міндеті мен зерттейтін нысаны
2. Лексикология және оның түрлері мен салалары
3. Лексикологияның бөлімдері
4. Сөзге тән басты белгілер
Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын
(лексикасын) зерттейді. Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын
шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол
тілдің белгілі бір дәуірдегі, мысалы, қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы
мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихи лексикология және сипаттама
лексикология болып бөлінеді.
Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің
шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын
айқындайды. Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар.
Сөздердің
мағыналық
жақтары
семасиологияда
қарастырылады.
Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы –
ономосиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналарын, семантикалық
заңдарды зерттесе, ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір
сөзбен аталуының неліктен екендігін қарастырады. Ономосиологияның
айрықша бір саласы – ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз
ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі – антропонимика кісі аттарын зерттеу
объектісі етіп алса, екіншісі – топонимика географиялық атауларды зерттеу
объектісі
етіп
қарастырады.
Лексикологияның жүрегі тас төбесіне шығу (қорқу), қас пен көздің арасында
деген сан алуан фразеологиялық сөз тіркестерін зерттейтін лексикологияның
арнаулы бір саласы фразеология деп аталады.
Сөз - өте-мөте күрделі тілдік единица. Сөздің екі жағы бар: оның бірі – сөздің
дыбысталу жағы, екіншісі – сөздің мағыналық жағы. Тарихи тұрғыдан қарағанда,
сөз мағыналары негізгі мағына және туынды мағына деп аталатын екі түрге
бөлінеді.Тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алып қарағанда, сөз мағыналарын екі
түрге бөліп қарауға болады: оның бірі – тура мағына, екіншісі келтінді (немесе
ауыспалы) мағына. Сөздің келтірінді мағынасы бір емес бірнеше болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |