Ә н 042 135-2022-02 №2 басылым «07» 06. 2022 ж



бет2/3
Дата03.11.2022
өлшемі122,5 Kb.
#47309
1   2   3
Байланысты:
file-1340

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Негізгі түсініктер:

  1. Онтогенез – индивидтің дүниеге келгеннен өмірінің соңына дейінгі дамуы.

  2. Обсервациалық әдістер – бақылау және өзін-өзі бақылау.

  3. Эксперименталдық әдістер – зертханалық, далалық, табиғи, қалыптастырушы. Психодиагностикалық әдістер – стандартталған және проективті тесттер, анкета, сұрақнама, әңгіме.

  4. Праксиметрикалық әдістер- іс-әрекет процестері мен өнімдерін талдау тәсілі (хронометрия, профессиографиялық сипаттмама, бұйымдарды және орындалған жұмыстарды бағалау)

  5. Биографиялық әдістер – адамның өмір жолының фактілерін, күндері мен оқиғаларын, құжаттарды, куәліктерді және т.б. талдау.

  6. Өсу – даму процестерін бір мөлшерлі сандық қарастыру.

  7. Жетілу – Эндогенді бағдарламаланған процестер (мидың, жүйке және бұлшық-ет жүйелерінің, эндокринді бездердің және т.б.жетілуі), яғни туа берілген және іштей басқарылатын өсу импульстарының әсерінен аяқ асты болатын процестер.

  8. Дифференциация – тар мағынада – бастапқы тұтастан прогрессивті түрде түрлі бөлшектерді бөліп алу. Ол өсуге, құрылымдық күрделіктерге, және де мінез-құлықтың икемділігіне және ауыспалылығына әкеледі. Кең мағынада – психикалық функцияларды және мінез-құлық тәсілдерін прогрессивті бөлшектеудің, кеңейтудің және құрылымдаудың жалпы мазмұны.

  9. Әсерлеу (импритинг) – нақты үлгінің қысқа мерзімдік әсерінің нәтижесінде тікелей, сана тарапынан қадағалаусыз мінез-құлық тәсілдерін, талаптарын, қандай да бір нормаларын игеру.

  10. Акселерация – соңғы кезде байқалып жүрген организмнің даму процесінің тездеуі, жыныстық жетілудің ертерек басталуы.

  11. Агрессия  латын тілінен тура аударғанда (aggredi) “шабуыл жасау” деген мағынаны білдіреді. Психологиялық түсінікте агрессия дегеніміз адамға немесе топ адамдарына қарсы, оларға белгілі бір психологиялық немесе физикалық қастық жасауға бағытталған жеке адамның немесе топтың әрекеті және осындай белгілер байқалатын әрекет-қылық .

  12. Әлеуметтену – баланың әлеуметтік тәжірибені оның интеллектуалдық және жеке дамуына сәйкес меңгеру процесі немесе нәтижесі.

  13. құбылыс немесе заттың пайда болу сәтін де сол сияқты заңды даму процесі.

  14. Генотип – адамның ата-тегінен мұраға алатын қандай да бір белгілер немесе гендер жиынтығы.

  15. Гипофиз – Омыртқалы жануарлар мен адам миының астында жататын төменгі ми қосалқысы, ішкі секреция бездері.

  16. Гормондар – биологиялық белсенді заттар, ішкі секреция бездері қызметінің жемістері.

  17. Даму дағдарысы – көп жағдайда адамның бір физикалық немесе психологиялық жастан екіншісіне өтуде байқалатын қиындықтар.

  18. Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.

  19. Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.

  20. Инсайт – адамның қандай да бір мәселенің шешімін күтпеген жерден табуы.

  21. Инфантилдік – ересек адамда балалық жасқа тән дене немесе психикалық келбет сақталудан көрінетін дамудың кешеуілденуі.

  22. Когнитивтік сфера – сана және танымдық процестермен байланысты адам психологиясының бір бөлігі.

  23. Орта – организмнің туып, дамып және өмір сүретін сыртқы шарттар, факторлар мен объектілердің жиынтығы.

  24. Локомация – жануарлар мн адамның кеңістікте белсенді қозғалып жүруін қамтамасыз ететін қимылдар жиынтығы.

  25. Манипуляция – көбінесе заттың атқаратын міндетін ескермей-ақ жасалынатын бір немесе екі қолдың қарапайым қимылы.



  26. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет