Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер»романындағы Еламан бейнесі. «Қан мен терде»



бет2/4
Дата03.11.2023
өлшемі25,25 Kb.
#122017
1   2   3   4
Ә.Кекілбаев «Үркер», «Елең -алаң» романдарындағы тарихи шындық.

2. «Үркер» мен «Елең алаң» – тарих шындығы, дəуір тынысы, халық тағдыры,
адамдар талайы, қоғам болмысы туралы тереңнен толғайтын кең құлашты
эпикалық туындылар. Тарих шындығын, дəуір тынысын, халық тағдырын,
адамдар талайын, қоғам болмысын бар қырынан ашып, тереңнен толғайтын
күрделі, көп салалы, кең құлашты эпикалық туындының бір ғана тақырыбы,
бір ғана идеясы болуы шарт емес. Шығарма мазмұны бірнеше тақырып пен
бірнеше идеяның жарыса өрілген бірлігі арқылы ашылады. Қазақстанның Ресейге бодан болып қосылуы – осы тақырыптардың бірі, Қазақстан мен Ресей
халықтарының достығы –осы идеялардың бірі. Күрделі шығармадағы əралуантақырыптардың басын біріктіріп, бірбүтін күрделі болмыс деңгейінде тұтасқан
өмір құбылыстарының тобы – оның негізгі тақырыбы, ал шығармадағы
əралуан тақырыптар мен идеялардың негізінде бірбүтін күрделі тұтастыққа
айналған көкейкесті ой, өзекті мəселе негізгі идея [1, 169 б.] болмақ. Əбіш
Кекілбайұлының «Үркері» мен «Елең-алаңының» негізгі тақырыбы – қазақ
халқының тəуелсіздік үшін жүргізген күресі, ал негізгі идеясы – ел мен жердің
тұтастығы, тəуелсіздігі.
«Үркер» мен «Елең-алаңды» тарихи, саяси-психологиялық романдар деп
жүрміз. «Үркер» мен «Елең-алаң» сияқты тарих шындығын, дəуір тынысын,
халық тағдырын, адамдар талайын, қоғам болмысын бар қырынан ашып,
тереңнен толғайтын күрделі, көп салалы, кең құлашты эпикалық үлгілерді
романдар деп көптік жалғауын қосып атағаннан гөрі өзіне лайықты жанрлық
атаумен атаған дұрыс болмақ. «Үркер» мен «Елең-алаңның» өзіне лайықты
жанрлық атауы – роман-эпопея.
«Үркер», «Елең-алаң» тарихи романдары – тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар. Әбіш Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы жеткізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет