Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер»романындағы Еламан бейнесі. «Қан мен терде»


Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры», «Бір шоқ жиде», «Шыңырау» шығармаларындағы көркемдік идея



бет4/4
Дата03.11.2023
өлшемі25,25 Kb.
#122017
1   2   3   4
Байланысты:
толеубаева срсп

4Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры», «Бір шоқ жиде», «Шыңырау» шығармаларындағы көркемдік идея.

4. Жазушының «Аңыздың ақыры» романында эпикалық баяндау сарынындағы


композициялық өріліммен дара, шексіз билік иесі болуы ұшін өзінің бүкіл
күш-жігерін, дарын-қабілетін, амал-айласын жүзеге асырған Əмірші бейнесі
сомдалған. Романның идеялық-композициялық түйіні – бүкіл өмірі шексіз
билікті иемденугежұмсалған, өзін бүкіл адамзаттан артық санаған адамдардың
сол ұстанымы, олардың мейлінше ұсақтауы, ең төмен сапалы тіршілік иесіне
айтылғандығының көрінісі екендігін дəлелдеу. Бұл – өмір философиясы.
Романға арқау болғанжелі – Темірланның тоқалы болған Бибіханым салдырған Самарқандағы махаббат мұнарасы арқылы қаталдыққа қарсы өз сезімін қарсы қойған, ханшаға ғашық жас шебердің қылығы ханшаның тілінен бал тату туралы ақыры орындатқан шебер мұнараны салуда өз сезімінің сұлулығына, биіктігіне баламалап білдіреді, сол қылығы үшін дарға асылады. Ойшыл суреткер Əбіш Кекілбаев жас шебердің қайсарлығы арқылы қаталдықтың, шексіз биліктің ызғарынан ықпайтын адам сезімінің рухани қуаттылығын дəлелдеген.
Суреткердің «Шыңырау», «Бір шық жиде», т.б. повестері де түркі қазақ дүниетанымы кеңістігі аясындағы философиялық, психологиялық əуендермен жазылған. Тарихи тұлғалардың, деректердің көркем шындықпен өрнектелуіне дəстүрлі ұстанымдар жазушының қиялымен бүгінгі заманға үндес жаңғырған сипатымен бəйгеге қосатын ұлттық дəстүр шығарма арқауына алынған. Шығармада талай жарыста үздік келіп, нағыз жүйрік боп танылған Бəйгеторы тағдыры арқылы жазушы бірнеше философиялық түйіндеулер ұсынады: біріншісі – повестегі баптаушысы болғанда ғана шын сейістің атын танытатын шындықты еске алу арқылы тұлпардың, жүйріктің бəйге мəресіне үздік келе алатындығын дəлелдеу; екіншісі – бəйгеде оза алмаған сəттен бастап-ақ жұрт назарына мүлдем тыс қалып қоюын да жалған дүниенің шындығы екендігін ұқтыру. Қадірі кеткен бұрынғы жүйріктердің ақыры кез-келген наданнан таяқ жеп, мүгедек болатыны да тапал сараның Бəйгеторыны басынан ұрып, бір көзін ағызып жібергенімен-ақ мегзелген.
Қорыта айтқанда, суреткер, ойшыл қаламгер Əбіш Кекілбаевтың шығармалары-жалпы адамзатқа ортақ өмір философиясының қарама- қайшылықтарын да, үндес, ұқсас қасиеттерін де, құбылыстарын да кейіпкерлер тағдырлары арқылы қамтыған рухани құндылық қазынасы. Қазақстанның Еңбек Ері Əбіш Кекілбаев шығармаларын жалпы адамзаттық жəне ұлттық философиялық дүниетаным тұтастығын танытатын классикалық мұра тұрғысында бағалаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет