Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жазушы шығармаларындағы өмір шындығы және көркемдік шешім.
2. Түптұлғаларды тұлғалаудағы жазушы шеберлігіне талдау жасаңыз.
3. Шығармадағы этнографиялық хал-ахуалды бейнелейтін эпизодтар
туралы.
4. «Балалық шаққа саяхат» повесінің интерпретациясы.
5. Көркем мәтіндегі портрет пен мінездеу.
Әдебиеттер
1. Нұрғалиев Р. Арқау. Екі томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы:
Жазушы, 1991. – 572 б.
2. Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. 4 т. – Алматы: Жазушы, 1978.
–195 б.
3. Цейтлин А.Г. Труд писателя. – М.: Сов. Писатель, 1962. –367 с.
4. Ақшолақов Т. Көркем шығарманың эстетикалық табиғаты. – Алматы:
Ғылым, 2001.
5. Борев Ю. «О комическом». Искусство. – М., 1957. –119 с.
6. Ыбырайұлы М. Халыктық мінез хақында. //Абай журналы. 1996, №2,
–103 б.
7. Өтегенов Р. «Қожаның құрдастары кімдер?» //Қазақ әдебиеті, 1988.
8. Аманбаева Н. Бердібек ағаның мінезі қызық еді... //Атамекен, 10
шілде, 2002.
9. Соқпақбаев Б. Жазып та көрдім.... Қазақ совет балалар жазушылары.
– Алматы: Жалын, 1982. –349 б.
10. Тәжібаев Ә. «Жас ұрпаққа жақсы әдебиет жасайық». //Жұлдыз,
1961, № 6. – 133 б.
106
5-тақырып
АВТОРЛЫҚ ҰСТАНЫМ ЖӘНЕ ӨМІР ШЫНДЫҒЫ
• «Өлгендер қайтып келмейді» романындағы авторлық ұста-
ным және өмір шындығы
• Романның сюжеттік-композициялық ерекшеліктері
• Жазушының кейіпкерлер характерін ашудағы қолданған
әдіс-тәсілдері
Бердібек Соқпақбаев шығармаларында үлкен бір дәуірдің
бедерін жасағанын жоғарыда айтып кеттік. Жазушы осы та-
қырыпты одан әрі өрбітіп повестен де күрделі жанрға бет
бұрды. Сөйтіп, соғыс жылдарындағы ауыл адамдарының ты-
ныс-тіршілігін, соғыс зардаптарынан жүректері жараланған
жас пен кәрі өмірін бүкпесіз баяндайтын «Өлгендер қайтып
келмейді»/1967/ романы жарыққа шықты.
Соғыс сынды сұрапыл оқиғаға жарты ғасырдан астам уақыт
өтсе де, ол жөнінде көркем әдебиетте талай-талай талғамы мол
туындылар жазылса да, мұның өзі әлі де айтылып бітпеген,
айтары таусылмаған тақырып.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі күйзеліс, күйініші мол ел тір-
шілігі, арқаны аяздай қарыған тағдыр тауқыметі, ұлардай шула ған
жетім-жесір зары, олардың сағыныш-мұңы, арман-аңсары, киесі
мен соры қоса әдіптелген жазықсыз махаббаты, қабырға қайыс-
ты ратын қат-қабат ауырлық қиындықтар, бірақ бұған еңсесін тү-
сірмей төзімділік танытып, адамгершіліктің ақ босағасына кір
шалдырмаған ауыл адамдарының іс-әрекет тері, бірінен бірі қоз-
дай тын түрлі қайшылықтар әлемі 60-80-жылдардағы прозаның
те рең сезіммен, үлкен тебіреніс-толғаныспен суреттеген өрісті та-
қы рыбы болды. Жазушылар соғыстың саяси мәніне емес, осы бір
қиын уақыттағы адамдар бойындағы сапа дәрежесіне көңіл бөлді.
107
Аталған осы кезеңде тақырыптық-идеялық бірлігі жағы-
нан сарындас келсе де, сюжеттік желісі, композициялық құры-
лымы, характерлерінің даралану сипаты жағынан бір-бірін
қайталамайтын ондаған шығармалар оқырмандарымен жылы
қауышты. Н.Ғабдулиннің «Кестелі орамал», «Жігер», Ж.Тілеков-
тың «Шалғай шепте», Ш.Мұртазаевтың «Мылтықсыз майдан»,
Ә.Кекілбаевтың «Бір шөкім бұлт», С.Мұратбековтың «Жабайы
алма», Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін», т.б. осы тәрізді
повестері мен романдары әдебиетіміздегі реалистік дәстүрді
дамыта отырып, прозаны жаңа бір белеске көтерген шығармалар
санатына қосылды. Сөйтіп, тұтас тарихи кезең шындығы әр
жанрда, әр стильде әр қырынан көрініс тапты. Әдебиетімізде
соғыс тақырыбы арқылы адам мінездерінің бір-біріне ұқсамайтын
сан алуан түрлері орын алды. Осы шығармаларды жаңа қырынан
толықтырған Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді»
романы тұр.
Романының алғашқы нұсқасы 1964 жылы «Жұлдыз» жур-
налының 1-2-3 сандарында жарияланды. 1967 жылы «Жазу шы»
баспасынан повесть деген атпен жарық көрді. 54 тараудан тұрады.
Кейіннен өңделіп, толықтырылып, жеке кітап болып басылып
шықты. Романның жаңа нұсқасында елеулі ерекшеліктер бар. Ең
алдымен, орталық кейіпкердің өмір кешулері мұнда анағұрлым
көбірек қамтылған. Жаңа ситуациялар, жаңа бейнелер қосылған.
Бұл роман туралы көрнекті ғалым Р.Бердібаев: «Шындығында
сөз болып отырған кезеңнің көріністері әдебиетімізде бұл
кезге дейін жеткілікті айтыла қоймаған еді. Біздегі көлемді
шығармалардың көбі отызыншы жылдардың не арғы, не бергі
жағын көрсетіп отыратын. Бұл орайда Соқпақбаев романы аса
қажетті тақырыпты көтеріп отыр дей аламыз. Ең қымбаттысы
сол – мұнда Ұлы Отан соғысының алды-артындағы ұрыс
кезіндегі қазақ ауылының нағыз шындығы негұрлым кең, өмірге
сәйкес қалпында берілген. Жазушының басқа шығармаларында
еркін танылған ерекшелігі – өмір ақиқатын дәл, нақты көрсетуге
қабілеттілігі мұнда да бой көрсеткен», – деген пікір айтады.
Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романының
тақырыбы – соғыстың өзі емес, оның алыс қазақ ауылындағы
жаңғырығы. Өмірдің шағын бір құбылысын, жекелеген детальды
108
арқау еткен әңгіме, новеллаларды былай қойғанда, казақ ауылы-
ның соғыс жылдарындағы бейнесін жасаған романдар төл
әдебиетімізде аз емес екендігіне тоқталып кеттік. Бұл шығар-
маларда да шынайы өмір суреттері баршылық. Солардың
арасынан «Өлгендер қайтып келмейді» атты роман өзіндік
ерекшелігімен дараланады. Өз өмірбаянымен өзектес тарихи
кезеңнің көркем шындығын өзіне етене жақын осы бір тақырып
арқылы бейнелей отырып, автор өзіндік көркем әлем ашады.
Осы орайда белгілі ғалым, әдебиет зерттеушісі В.Новиковтың:
«Суреткер өзінің ерекше әлемін жасайды. Ол әлем өз бойына
шындықтың барлық қасиетін сиғызған, ол жарылуға әзір,
буырқана қайнаған құштарлыққа, қайшылықтарға толы. Оларда
қайталанбас бейнесімен сомдалған адамдар әрекет етеді. Оның
үстіне, бұл әлем суреткердің жан жарығымен сәулеленген,
жан сезімімен суарылған және де шындық туралы жай тарихи
баяндаудан гөрі әлдеқайда жарқын әсер етеді», – деген ғылыми
тұжырымы ойымызды дәлелдейді.
Халықтың басына түскен сол бір қиын кезеңнің шындығы
бұл кезге дейін мұндай кең ауқымда көрсетілмеген еді. Соғыстың
оған қатысушылар үшін ғана емес, тылдағы ел үшін де үлкен
апат, дүрбелең болғанын, сол тұстағы жоқшылық, қысаңшылық
өмірді жазушы кең суреттейді. Бердібек осы шығармасында
нақты бейнелер арқылы соғыстың адамға, адамдыққа сынақ
болғанын көрсетеді. Соғыс сияқты кеселмен бетпе-бет келе
отырып, адамгершілік қасиетті сақтап қалу орасан зор рухани
күш екенін айтады. Заман шындығын әр дәрежедегі кейіп-
керлерге бөледі. Романды оқып отырғанда сүйген жарын май-
данға аттандырып, отбасының бар ауыртпалығын көтеріп,
күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей жүрген сыпайы да адал
Қаныша, барға аспайтын, жоқ екен деп саспайтын Бибісара
ана, алғашқы махаббаттың куәсі сырлы да сұлу Ғалия, бейшара
Сәуле, жылпос Жүніс пен елге бас-көз болудың орнына, қатын-
баланы дырау қамшының астына алған саяз ойлы, надан Нұрәлі
белсенді, әзілқой, ақжарқын Дүйсен, жас қыз алған тері-терсек
жинаушы Сегізбай, аз сөзді, көп нәрсені білетін, шаруаға
жайлы, момын Ысқақ, кеңпейіл, ақжарқын Балжан тағы да басқа
кейіпкерлер романның өзегін құрап, өзіндік ерекшеліктерімен
109
көрінеді Бұлардың басындағы ауыртпалық біреу болғанымен,
кейіпкер ретіндегі тағдырлары бір-бірімен қиыспайды. Әр
тағдыр өз тауқыметін тартады. Жазушы шеберлігі де осы тұста
өз тұғырына көтеріледі.
Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі өз дәуірінің шындығын
елестетер сипатта сараптала суреттеледі. Әрбір кейіпкер тірі
образға айналып, таныс-бейтаныстар, күнделікті өмірде көріп
жүргендей қарапайым адамдар әрқайсысы бір-біріне ұқсамайтын,
алайда біреуі жирендіретін мінез-құлық пиғылымен, екіншісі
сүйсіндіре қызықтыратын болмыс-бітімі арқылы ойға батыратын,
қиял-арманға жетелейтін әсерімен көз алдыңа келеді. Өйткені
«Өлгендер қайтып келмейді» романындағы кейіпкерлер – жалған
идеядан емес, шын өмірден алынған шынайы образдар. Өмірдегі
кейіпкерлерді көркем әдеби туындыға түсіріп, шынайы образ
тудыру – тек нағыз таланттардың ғана қолынан келетіні белгілі.
Жазушы соғыс кезінде өмір сүрген адамдардың бітім-болмысын
еркін түсініп, барлық шығармашылық талантын мүмкіндігінше
пайдалана отырып, өмірдегі бейнелердің кейіпкер ретінде
шығармада көрініс табуына бар күш-жігерін жұмсайды.
Роман оқиғасы алыстағы қазақ ауылында өтеді. Ауылдың
бас көтерер азаматтары әскерге алынған. Ауыл шаруашылығы
жұмысын атқару әйелдер мен жас балалардың мойнына түскен.
Тұрмыс жүдеу, әрі жетіспейді. Осы жағдайда адамдар қандай
күйде болды? Жазушыны осы толғандырады. Біреулер ел, май-
дан мүддесіне адал қызмет етіп, азаматтардың аман оралуына
тілек тес болып жүр, біреулер жеңілдің астымен, ауырдың үстімен
жүріп тіршіліктің оңай жолына ұмтылады. Соғысқа жарамды
ерлер әс керге алынғанда, оған жарамсыз болып қалғандар
енді кі сімсініп, бала-шағаға билік жасағысы келеді. Ауылдың
байлығына, коғам мүлкіне солар ие болып шығады. Осы тектес
проблемаларды жазушы нақты бейнелер арқылы ашып, соғыстың
адамға, адамдыққа сынақ болғанын көрсетеді. Әрине қазақ қа-
лам герінің шығармасында Достоевский, Гоголь, Бальзактағыдай
күрделі абстракциялық идея арқылы түсіндірілетін терең қат пар-
лы философиялық мәтін жоқ. Шығармадағы оқиға желісі қасі-
ретті, қайғылы болып келсе де лирикалық сарындағы көркем бей-
нелерге толы сентиментальдық көріністер де қабат өріліп отырады.
110
Сол бір қиын кезеңнің сұсты келбетін жазушы негізінен
Сәрсебек отбасының тағдыры арқылы өрнектеген. Бұрын ішер ас,
киер киімнен қағажу көрмеген тату тәтті отбасының азабы мол,
ауыр күндері басталады. Соғысқа кеткендердің талайынан хат-
хабар жоқ. Соның бірі – Сәрсебек. Оның жақында қосылған жас
жұбайы Қаныша әлдекімдердің себебімен мұғалімдік қызметтен
қуылып, өмірі атқарып көрмеген ауыр жұмыстарға жегілген.
Еркін болса мектептегі оқуын тастап, күн-көріс қамымен кеткен.
Автор орталық тұлғаны сөйлете отырып, дәуір сырын кеңінен
қамтыған. Осындай қиындыққа толы ауыр тағдырмен бетпе-
бет келгенде кейіпкерлер адам сенгісіз күш тауып, барлық мұң-
мұқтажға, уайым-қайғыға берілместен қайсарлық танытады.
Бұл жазушының өз заманы адамдарының бітім-болмысын,
психологиялық сезім-күйін жете сезініп, танытатындығының
белгісі болып табылады. Жазушы соғыс апатының адамдар
тағдырына қалай ықпал етіп жатқанын суреттейді. Бұл бірлі-
жарым шаңырақ тартқан ауыр жағдай емес, бүкіл жұртшылықтың
басына төнген ортақ хал. Жазушы Н.Ғабдуллиннің «Жігер»
повесінде де соғыс атты зұлматтың сынына түскен Сейтақ
пен Мәженнің отбасыларының, тіршілігі көрсетіледі. Ар мен
намыс, қажырлылық пен осал мінез тартысқа түскен осындай
қиын кезеңде Соқпақбаев кейіпкерлері жігерлілік танытса,
Н.Ғабдуллинде Мәжен отбасы ыдырап тынады.
Роман көтерген негізгі мәселе – ар мен ождан мәселесі. Ел
басына күн туған қаралы күндерде бас көтерген дүмше бастықтар
да, майданға кеткен әкелері мен ағаларының орнын басқан балалар
да, ар-ожданын ту етіп ұстаған аналар да жазушы түйсігінің
елегінен өткен. Сол себепті қаламгер өз шығармасындағы рухы
биік жандарға дем беріп, жағымсыз кейіпкерлерді әжуа етерлік
көріністерді нақты деталь, жанды әрекет арқылы сомдалған
образдармен елестетеді. Жақсылық пен жамандық. ар мен ұят,
мансап пен дақпырт секілді өмірде кездесетін жайттар роман
композициясын құрайды.
«Әдебиеттану ғылымы роман композициясының 3 негізгі
түрін белгілейді: сюжеттік жүйе алма кезек ауысып, қатар тар-
тыл ған параллелді, жарыспалы композиция; айналмалы (коль-
це вая) композиция және біртіндеп өрбіп, сатылап көте ріліп,
111
ту ра дамитын (ступеньчатая) композиция. Бұлар өзара арала-
сып, қосылып, композицияның басқа да түрлерін жасауы ықти-
мал»/1,104/.
Романды архитектоникалық құрылым тұрғысынан қарағанда,
«Өлгендер қайтып келмейді» – сатылы композициялы роман.
Шығармада сіз Еркін қасынан бір елі де қалмай, кейде рахаттана
күліп, кейде жанарыңызда кектің шоғы жайнап, оның өмір
сатысымен көтеріле бересіз. Шығарма композициясы жазушының
соғыс жылдарының шындығын ашу идеясына, образдың өсу
логикасына қызмет етеді. Мазмұнға лайық форма табылған.
Романның үш дәптері /әр бөлімі бір-бір дәптер/ оның
өмірінің үш кезеңі ретінде алынып, негізгі сюжет Еркіннің
қоғамдық ортадағы тіршілік-тартысын бейнелейді. Әр дәптер
өз ішінен шағын-шағын көріністерге бөлінген. Шығарма бас
кейіпкер Еркіннің көкірек көзі, ой сезімімен сараланған оқиғалар
желісіне негізделіп, берік композициялық құрылым жасайды.
Сондай тұтастық сақталғандықтан, идеясы бір бірімен сабақтас
бөлімдер жігі білінбестей әсем өрілімімен көңілге нық орнығады,
сезім отын шарпиды, ойландырады, күрсінтеді, сол арқылы
қоғамдық-әлеуметтік ортаның қыр-сыры, тіршілік-тынысы
ашылады. Шығарма кейіпкерлерімен де, стильдік, суреткерлік
ерекшеліктерімен де ешкімді қайталамайды. Жалпы Б.Соқпақбаев
стилін даралайтын ықшамдылық, жинақылық сипаттарын бұл
туындыдан да айқын аңғаруға болады.
«Сананы тұрмыс билейді» деген белгілі қағида бар. Ал осыған
орайлас ойға құрылған сөйлемдер, сөз тіркестері Соқпақбаев
шығармаларында кездеседі. «Адамды адам ететін де, хайуан ететін
де тұрмыс екен, мен соны білдім», – дейді жазушы кейіпкері. Бұл
– әри не, қазақ жазушысының өмір, тіршілік салмағынан қорыта
білген өзіндік ойы мен философиялық түйіні. «Соғыс біреуге соғыс
болса, біреуге ырыс» деген тіркес бар повесте. «Өлгендер қайтып
келмейді» романындағы тартыс пен шиеленіс осы бір қағи далық
ойдың көрініс беру аясында өрбиді. Лирикалық кейіп кер атынан
айтылатын бұл ой қарсылықты формада келіп, кіп-кішкене ойдың
үлкен идеяға ұласқан мәнін паш етер сипатқа ие болып тұр.
Шығармадағы оқиғалар арқылы әлеуметтік қайшылықтар мен
тартыстарды суреттеу жазушының өмір құбылысын қаншалықты
112
терең танығанын байқатпақ. Сондықтан да, тартысты сюжеттің
негізі деп бағалаумен қатар, авторлық идеяны ашудың да мақсаты
дейміз.
Романның алғашқы дәптеріндегі негізгі тартыс желісі Еркін
мен Нұрәлі арасында өтеді. Соғыс жылдарындағы ауыл өмірінің
тынысы осы екі кейіпкердің төңірегіне жинақтала көрсетіліп,
екеуінің арасындағы шиеленіс те өрбіп, дамып, бүкіл бір кезең,
бүкіл бір халық басына түскен ауыр хал жанды суретке айналады.
Міне, Еркін тату-тәтті шаңырақтың баласы, ақкөңіл шешесі,
ағасы, жеңгесі бар. Сүттей ұйыған тірлікті кенеттен соғыс атты
сұмдық бұзып кетті...
Ағасы әскерге кеткеннен кейін, отбасының барлық
ауыртпашылығы еркек кіндіктен жалғыз қалған Еркінге түседі.
Үйде де, түзде де бозбала тынымсыз еңбек етеді. Ер-азамат
майданға аттанғанда, елде қалған Нұрәлі басқарма болып ойына
келген ойранын салады. Ол екі үйдің арасындағы тонның ішкі
бауындай жақсы қарым-қатынасты ұмытып, Еркіннің жеңгесі
Қанышаға да ауыз салады... Басқарма Нұрәлі мен Еркіннің
арасындағы өшпес от осылай тұтанған еді.
Егер «...романдағы әрбір тартыстың шығу себебі логикалық,
психологиялық, адам характеріне байланысы жағынан жан-
жақты дәлелденген болу керек» деген пікірге сүйенсек,
бұл оқиға алғашқы дәптердегі тартыстың кілті іспетті. Әлі
бұғанасы бекімеген жеткіншек, Нұрәлінің қара ниетіне қарсы
шығып, намысын таптатпай, аққа арашашы болады. Ізгілік
пен зұлымдықтың шайқасы басталады. Жазушы осылайша
шығармасының тартыс желісін өмір шындығына сәйкестендіре
отырып, бұрылыс-тарыстарымен бірге өрбітеді. Құрығы ұзын
айлалы басқарма Еркінді ФЗО-ға тізіп жібереді және оның оқудан
қашып шығуына тағы да сол Нұрәлінің Қанышаны мұғалімдік
қызметтен шығарып, колхоз жұмысына салып қоюы себеп
болады. Бұл жағдай Еркінді қатты ашындырып, Нұрәліге деген
наразылығын күшейте түседі. Тиісті білімі бар мұғалімдердің
жетіспей жатқан кезінде педучилище бітірген Қанышаны қара
жұмысқа ауыстырған Нұрәліге кімнің жүрегі жылымақ? Нұрәлі
бейнесі есіңе еріксіз С.Мұратбековтың «Жабайы алмасындағы»
Тұржан мен Байдалыны түсіреді...
113
Шалқыған басқарма мұнымен де тынбайды, кейіннен Еркін
өндіріс орнына жұмысқа тұрғанда «колхозға кісі керек» деп
шақыртып алады. Сондағы ойы Еркінге тізе көрсету, қанша-
лықты үстем екенін таныту. Осындай жүгенсіз озбырлық
пен қайшылықты Еркін жас та болса, ерекше сезінеді. Оның
ойлары мен әрекеттері әлгіндей астамшылыкқа қарсы. Осы
орайда профессор Ә.Қоңыратбаевтың мына пікірін келтіре
кеткеніміз орынды. Ғалым шығармадағы тартысты базбіреулер
таптық тартыс деп қана ұғынатынын, екінші біреулер табиғат
пен адам арасынан іздейтінін, ал мұның барлығы жасандылық,
схема белгісі екенін айта келе, «шын тартыс геройлардың ішкі
ожданынан туса керек» дейді.
ФЗО-дан қашқан Еркін соғыс кезінің қатал тәртібімен
колонияға түседі, жер асты кенінен тас тасиды, әйтеуір бір
басынан асарлық мехнат көреді. Еркін характері осындай
күрестер, қайшылықтар үстінде қалыптасып шыңдалады. Өмірлік
тартыстар, қайшылықтар жоқ жерде адам характері ашылмайтыны
мәлім. Көптеген шығармалардағы кейіпкер характерлерінің
жөнді ашылмай, кітаптың басында қалай көрінсе, соңында да сол
өспеген, ашылмаған қалпында қалуы осы тартыстың әлсіздігіне
байланыстылығы анық.
Аңқылдаған ақ көңіліне, қайсар мінезі сай келген Еркін аяғын
шалыс та басады, қызу қандылық та жоқ емес. Сырт қарағандағы
«тікенек» мінез оның сырты ғана, іші шешек атып келе жатқан
нәзік гүл! Көп нәрсені көңіліне түйіп ол мещандық көзқарас,
жансауғаның балшығына қарсы тұрып, адалдық үшін кеудесін
тосады. Барған сайын тіршілік талқысы оны ширатып, дүниешілік
толқынға қарсы жүздіреді...
Ал Нұрәлі ше? Бұл бейнеге көп шындық сыйыстырылған.
«Соғыс біреуге соғыс болғанмен, біреуге ырыс» дегендей, «бар лы-
ғы майдан үшін» деген ұранды бетке ұстап Нұрәлі секілділер өз
құқығын артығымен пайдаланып жіберген. Ел барлық күш-қуа тын
колхоз ісіне жұмсап жатқанда, Нұрәлі алдымен өз қамын ой лайды.
Өзіне үлкен үй салдырып алады, әдемі келбетті жас әйел дерге
қырындайды, бас көтерерлік жастарды қуғындайды, т.б.
Міне, осындай екі түрлі көзқарас, характер қайшылығы
тартыс туғызады. Бас кейіпкерлер Еркін мен Нұрәлінің біріне-
114
бірі қарама-қайшы келіп отыруында да үлкен заңдылық бар.
Біріншіден, бұлардың жан дүниесі бір-бірінен мүлде бөлек.
Екіншіден, ол екеуінің жас шамасында да айтарлықтай
айырмашылық бар. Үшіншіден, кейіпкерлерге ортақ категория,
ол – уақыт. Кейіпкерлердің соғысты қабылдауы да әркелкі. Нұрәлі
соғыстан тек пайда тауып, баю жолына түссе, Еркін Мамырбаев
базарда жүрген аяғы жоқ, қолы жоқ мүгедектерді көріп, соғыстың
халық басына тек қайғы-қасірет пен бейнет әкелетінін түсінеді.
Яғни кейіпкерлерде дүние, болмыс туралы ойлардың әртүрлі
болып келуі де олардың шығарма оқиғасының даму процесінде
екеуара тартыстың шиеленісіп, қақтығысқа себепкер болып
отырады. Еркін мен Нұрәлі шығарма барысында бір-бірімен
қайшылыққа түсіп, әр кейіпкер жекелеген мақсатты көздейді.
Тартыс заңдылығының басты белгісінің бірі де осы – мақсаттың
бөлек болып келуі. Тіпті қимыл-әрекеттің өзі де кейіпкерлердің
сан алуан мінездерін айқындап тұрады. Осы тұста әдебиетші
ғалым Щепилованың «конфликт – мінездері қарсы, өмірлік
талаптары, ойлары қарама-қайшы келетін персонаждардың күресі,
қақтығысы» деген пайымдауы бұл ойға байлам болғандай/2,117/.
Шығармада Еркін басынан кешетін оқиғаларға байланысты,
Еркін мен Нұрәлі арасындағы негізгі тартыс бірде шиеленісіп,
бірде бәсеңдеп, бірде үзіліп қайта жалғасын табады. Ал роман
сюжетін құрайтын кішкене оқиғалардың да өзіндік тартыс жүйесі
бар. Солардың әрқайсысында-ақ өмірдің сан қилы суреті, қоғам
қайшылығын ашатын мән бар.
Романдағы Еркіннің Нұрәліні тілдеп, таяқ жұмсауы
тартыстың шарықтау шегі болып табылады. Бұл оқиға көп
жылғы дәрменсіз кектің, кемеріне келіп, арнасынан асып төгілген
көрінісі еді. Адамдық пен жауыздықтың ұзақ, қатал айқасының
осындай финалға баруы таңқаларлық емес. Әрдайым күш пен
айлаға сүйенген үстем қауымның ең азғын қылықтарға баруы жас
азаматты осыған итермеледі...
Жазушы романда типтік тартысты тауып бейнелеп, дәуір
шындығын көрсеткен. Тылдағы тіршілікте Нұрәлі сияқтылардың
«тастарының өрге домалағанын» Жетісу өңірі, Қарасаз ауданы
ғана емес, сол бір сұрапыл жылдардағы Қазақстанның кез келген
ауданы мен ауылы толық дәлелдейді.
115
Заманына, ортасына қайшылықтардың, демек, солардан туар
тартыстардың да түрлері өзгеретіні белгілі. «Өлгендер қайтып
келмейді» романының екінші, үшінші дәптерлерінен соғыстан
кейінгі жылдар тыныс-тіршілігі, Еркіннің студенттік, мұғалімдік,
жазушылық өмірімен таныс боламыз. Алғашқы дәптерде негізгі
тартыс таралып біткендей болғанмен, сол тартысты туғызар
негіздер таусылмайды. Бұл дәптерлерде тартыс жаңадан сипат
ала бастайды да, олар нақтылы оқиғалар жүйесімен беріледі.
Жалпы роман бойында өмір қайшылықтарын молынан
қамтып отыратын автор, шығарманың соңғы бөлімінде
ұнамсыз құбылысты жиілетіп, қалыңдатып жібереді. Ол бір
аудан адамдарынан жөні түзу кісі кездестіре алмайды. Әрине,
бұл кейіпкердің субъективті пікірі. Сондықтан да үшінші
бөлімдегі тартыс алдыңғы бөлімдерге қарағанда бірсарындылау
болып шыққан ба дейміз. Мысал ретінде Еркін мен мектеп
директорлары Әлібеков пен дімкәс Жақыбаев, декан Дәулетбаев,
оқу ісінің меңгерушісі Ілиясов арасындағы тартыстар өмірлік
өткір мәселелерге шиеленіседі. Еркінмен қақтығысқа түсетін
бұлардың барлығы да педагогикалық қабілеттері, білімдері аз,
түсінігі таяз жандар болып шығады. Мұндай тұстарда тартыс
өткірлік сипатынан ауытқып кететіндей.
Жалпы, романға арқау болған негізгі тартыстың барлығы
Еркін айналасында тоғысып, шиеленісіп жатады.
Б.Соқпақбаев шығарма қаһармандарын әлеуметтік тартыстар
аясында суреттей келе, сол заманның өзіндік болмысын, уақыт
белгісін көрсетеді. Тартыс арқылы кейіпкерлерінің әлеуметтік-
рухани характерлерін ашуға, олардың мақсат-мүдделерін түсін-
діруге тырысады. Б.Соқпақбаев тартысы сатылап өрістейді, шыр қау
шегіне жеткенше, табиғи заңдылығымен өрбіп отырады. Ең бас-
тысы шығарма сюжетінің қозғаушы күші – тартыс болып табылады.
Осылайша шығарма желісін тарту жай ғана машық емес,
үлкен өнерді, шеберлікті қажет ететіні анық. Б.Соқпақбаев – осы
шеберлікті игерген, тартысқа өзгеше ұста қаламгер.
Бұл шығарманың тағы бір ерекшелігі – автор-қаһарманның
образы, оның басқалардан дараланып көрінетін характері белгілі
бір уақыт пен кеңістікте қалыптасып, кемелденіп, ұштала
түседі. Өйткені, «көркем шығармадағы поэтикалық уақыт осы
116
туындының поэтикалық кеңістігі де болып табылады. Көркем
образ осы бір өлшемдердің аралығында қалыптасады»/3,221/.
Дәстүр бойынша келер болсақ, шығарманың бас қаһарманы
– Еркін Мамырбаев. Онымен бірінші дәптерде он бес-он алты
жасында танысамыз да, үшінші дәптердің соңында отызға
шыққан кезінде қоштасамыз. Яғни Еркін өмірінің бірнеше
кезеңімен таныс боламыз. Оның біріншісі – Еркіннің соғысқа
дейінгі өмірі, екіншісі – соғыс кезіндегі өмірі, үшіншісі – Еркіннің
студенттік, жазушылық шағы. Сөйтіп шығарманың басында
шеше бауырында, аға аясында өсіп келе жатқан қазақтың қара
домалақ ұлдарының бірі – Еркін роман соңында азамат жазушы
дәрежесіне дейін көтеріледі. Жазушы осылайша кейіпкер
тағдырын әртүрлі жағдайда көрсете отырып, оның характерін әр
қырынан көркемдікпен ашып береді. Шығармада Еркін арқылы
өрбитін оқиға желісінде алуан түрлі іс-әрекеттер, мезгіл мінезі
көрініс табады. Идеялық мақсаттар да, осы бір қайсар да, ерекше
мінезді кейіпкер маңына топтастырылған.
Егер характер шығарманың жаны болса, жазушы сол көркем
характер арқылы ғана өзінің суреттеп отырған өмір шындығына
деген көзқарасын көрсете алады. Әлеуметтік ортаның, тіпті белгілі
бір дәуірдің кескіні, сипаты характерсіз көрінуі мүмкін емесі
белгілі. Осы тұрғыдан қарағанда, Б.Соқпақбаев Еркін характері
арқылы жастық дәурені соғыс жылдарымен қабаттас болған
ұрпақтың өмірін, тағдырын көрсеткісі келген. От ішінде есейген
шыңдала, қайрала түскен, өз қатарының бейнесін жасаған.
Романдағы барлық оқиға Еркін атынан баяндалады. Жақсы-
лық, жамандық атаулыға да Еркін көзімен баға беріледі. Зерт-
теу ші З.Жұмағалиев өмірбаяндық фактілер мен тірлік еткен
ортадан байқалған сан-сала көріністердің өзара жымдаса өріліп
бас кейіпкердің атынан берілуі шығарманың сыршылдық сипа-
тын күшейте түсетінін айта келіп, осы тұжырым негізінде
«Өл гендер қайтып келмейді» романын лирикалық туындылар
қатарына қосады /4/. «Өлгендер қайтып келмейді» сырт піші-
нінде өмірбаяндық сипаттағы шығарма. Лирикалық меннің баян-
далуында тарихи шындық желісі тартылған. Жазушы сол тарихи
шындықты реалистік әдістің мол мүмкіндігін пайдалана отырып,
көркем шығарма композициясына айналдырады.
117
Романның бас кейіпкері Ұлы Отан соғысы кезіндегі ел
тіршілігінің нелер ауыртпашылығын басынан кешіреді. Алдымен
ауылдың қиыншылығын халықпен бірге атқарады, ана мен
жеңгенің қайғысын бөліседі, әділдік үшін күреседі, балауса
жас жігіттер мен қара жұмысқа да түседі, қабырғасы қайысса
да, жүрегінде маздап жанған махаббатын адал сақтап шығады.
Одан кейінгі Еркіннің қилы-қилы тіршілік сапар жолы да өз
замандасының күрделі де қиын типтік жайларын танытады.
Бұл жағдайлар – тек Еркіннің ғана емес, сол дәуір жастарының
басынан өткен жайлар. Бас кейіпкердің бүкіл жан дүниесі
жақсылыққа ұмтылуымен ерекшеленіп, сол үшін қызмет етеді,
дүниедегі жамандық атаулымен күреске түседі. Осы тұрғыда
Б.Соқпақбаев идеялары американ жазушысы Джек Лондон
идеяларымен ұштасып, рухани байланысқа түсіп жатады.
Д.Лондон шығармаларындағы күйзеліске түскен, қайыршылыққа
батқан халықтың қиындық кешкен өмірі мен оның зардабын
суреттеу шеберлігімен Б.Соқпақбаев шеберлігінің де ұқсастық
тауып жатқанын байқау қиын емес. Джек Лондон кейіпкері жас
жігіт Мартин АҚШ-тың қайыршылық пен руханиятсыздыққа
толы өмірінде зор рухани күш тауып, жазушы боламын деген
арманына азапты жолмен жеткенімен, шығарманың шарықтау
шегінде өз жанын өзі қияды. Соғыс кезіне бетпе-бет келген
Еркін өмірі де небір ауыр күндерге тап болады. Мартин Идендегі
болмыс сипаты Еркін бойынан да аңғарылады. Алайда, мұндағы
образдық сипатты бір жазушы екіншісінен алды деп есептеуге
болмайды. Қиыншылық күндерді басынан кешіруші екі кейіп-
кердің бір-біріне мүлде жанаспайтын екі елдің өкілі екенін ескер-
сек, образдық ұқсастық формасы бөлек болғанымен әр елде де
болатын ұқсас жағдайдағы, ортақ тағдырдан туындап жататын
шындықтан, оны дәл байқап, көңіл сүзгісінен өткізе образға
айналдырған жазушылық шеберлік арқылы көрінетін ұқсастық
деп білеміз. Алайда салыстыру атаулының бәрі шартты екенін
ескер сек, әр жазушы өзіндік стиль, өзіндік шеберлігі арқылы
ерекше ленбек.
Еркін бейнесінен жас балаға тән шалағайлықты да, қайратты
ерге тән төзімділікті де көруге болады. Кейіпкер бойында
әркімде кедесе бермейтін бір қасиет бар. Ол табиғи болмысынан
118
қалыптасқан тазалық. Еркін балшыққа да түсіп кетеді, вагоннан
вагонға қашып жүріп, қылмыстылармен жақындасады, бірақ
көңілін кір шалмайды – барлық жағдайға, барлық кездескен кісіге
ақ көңілімен қарайды. Ол колонияда науқастанып жатқан Сашаға
бір үзім нанын аузынан жырып береді, сол досы үшін қызыл шеке
болып соққыға жығылады. Сүйгеніне пәк сезіммен, ақ сеніммен
қарайды. Қандай қиын жағдайда жүрсе де, осы абзалдығы Еркінді
даралап береді. Ал «әрбір образ өзіндік даралықтарымен көрініп,
оқушыны бірде сүйсіндіріп, бірде күйіндіріп, біржола баурап алса
ғана типтік дәрежеге көтерілмек. Көркем шығарманың ерекшелігі
де, эстетикалық күш-қуаты да ең алдымен осы жақтарынан
көрінеді»/5,226/. Осы тұрғыдан қарағанда, Еркін – өзінің даралық
сипатын сақтаумен бірге типтік деңгейге көтерілген еңселі тұлға.
«Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып, белгілі
бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізгі және
шешуші тенденциясын байқауға болады»/6,99/, – деп академик
З.Қабдолов айтқандай, романдағы Еркін образы арқылы соғыс
жылдарындағы өр рухты жастардың айрықша тұлғасын көреміз.
Жалпы Соқпақбаев шығармаларындағы қаһармандардың
ішкі әлеміне тереңірек үңілсек, олардың жаратылыс болмысы
қажырлы, қайратты, рухы асқақ, өмірге деген сенімдері жоғары
келеді. Суреткер сомдаған сүйікті кейіпкер Еркіннің бір өзінен-
ақ осы қасиеттердің бәрі табылады. «Көркем әдебиет жастар
тірлігін суреттегенде сыры мен сымбаты үйлескен жаны сұлу,
мұраты асқақ жігіттер мен қыздардың барша ұнамды қасиеттерін
жинақтап, нанымдылық дәрежеге жеткізе көрсетуі, ол үшін
суреткерлік шыншылдық психологтік жітілік, ең бастысы
шаттыққа бермес әдемі мұң, әдемі үміт, кәусәр мөлдірлік
керектігі, сонда ғана көркем образдардың табиғи, таза болмысы
бағалы екені мәлім»/7, 54/, – деп белгілі ғалым Б.Майтанов атап
көрсеткендей, Б.Соқпақбаев қаламынан туған Еркін, Дүйсен,
Қаныша, Сәрсебек, Жәнібек т.б. жастар бейнесі жандарының
тазалығымен, биік те асыл арман-мақсаттарымен оқырманына
әсер ете отырып, жазушының психологтік жітілігін, өмірге деген
реалистік көзқарасын танытады.
Оның өз басынан өткен, не көз алдынан өткен оқиғалардың
қай-қайсысы да күмән туғызбастай. Олардың барлығы – өзіндік
119
қиындығы мен өзіндік қызығы бір-бірімен тайталаса, қабаттаса
келіп жас жігітті есейткен өмірдің бел-белестері. Еркін –
тіршіліктің ыстық-суығын қаймықпай қарсы алған, шындыққа,
шыншылдыққа қылау түсірмеуге тырысқан, қиянат, әділетсіздік
атаулымен әр уақытта батыл күрес жүргізген, алғыр, принципіне
берік адам. Оған оның Қаныша, Балжан, Дүйсен сынды дәуір
талабын, Ұлы Отан соғысының зіл батпан салмағын бірге
көтеріскен абзал адамдарға деген ыстық ықыласы мен Нұрәлі,
Сегізбай, Жақыбаев, Дәулетбаев сынды қара бастарының
қамын күйттеуден өзгеге құлқы жоқ, жартыкеш жандармен
ұстаған қарым-қатынасы дәлел. Айналасындағы осындай
түрлі кейіпкерлердің қай-қайсысының да бас кейіпкер өміріне
қатысына қарай Еркін бейнесі саралана түседі. Сонымен бірге
орталық тұлға тек өзгенің бойынан байқаған кемшіліктерді тілге
тиек ете бермей, өзіне де сын көзбен қарайды.
Роман бойында кездесетін көптеген кейіпкерлерді Еркінмен
қарым-қатынастан танып білеміз. Бұл жазушының шығарма
барысында кейіпкерлерді бейнелеу тәсіліндегі бір ерекшелік
болып табылады. Ал енді осындай қилы-қилы мінезді қаламгер
қалай ашты, характерлерінің жасалу жолдары қандай деген
мәселелер төңірегінде де ой қозғап көрейік.
«Әрине көркем әдебиетте адам характерін жасаудың
жолдары мен әдіс-тәсілдері көп. Мұндай амал-тәсілдер кейде
кейіпкер портретінің деталь штрихынан, авторлық мінездемеден,
психологиялық сипаттаудан және персонаж өмірбаянының
кезеңдерін баяндау арқылы да көрінуі мүмкін».
Характердің жасалу жолына осы тұрғыдан келсек, Соқпақбаев
жоғарыдағы әдіс-тәсілдерді шеберлікпен пайдаланады. Бұған
жазушының Еркін өмірбаянының кезеңдерін баяндауын айтсақ
та жеткілікті.
Осы орайда айта кетуге тұратын бір мәселе – ол жазушының
кейіпкер мінезін даралап сипаттауға ерекше назар аударатындығы
және осы мақсатта, әсіресе, мінездемені аса қажетті әдіс
ретінде өте ұтымды әрі талғампаздықпен жиі қолданатындығы.
Кейіпкерлердің мінез сипаттарына Еркіннің көзімен баға беріледі.
Бұл жазушының шығарма барысында кейіпкерлерді бейнелеу
тәсіліндегі бір ерекшелік болып табылады. Образға мінездеме
120
бергенде, оның жалпы қандай адам екеніне молынан тоқтамай-
ақ, кейіпкердің не нәрсені ерекше сүйіп, нені қаламайтындығын,
нендей айта қаларлықтай ерекшелігі барлығын алғашқы
адымынан-ақ айқындап кетеді. Және мінездеулер әрекет үстінде,
тура сол мезгілінде қорытылып беріледі. Мысалы: «Зейнекүл мен
Оқас маған жан ашығандық көрсетіп келеді. Екеуі де қарапайым,
қайырымды жандар» немесе «Мұсаның шешесі Қалампыр
дүниеге тек ақшаның көзімен қарап, бағалайды. Ақшаны көп
тапса, ол жақсы адам, аз тапса жаман адам». Б.Соқпақбаевтың
өнерпаздық болмысы кейіпкерін психологиялық талдау
сипаттары, кейіпкерлерге баға беру, сынау т.б. тәсілдерді жүзеге
асыру барысында айқындала түсіп, қаламгерлік парасат пайымы
таныла түседі.
Роман алғаш жарық көрген кезде қайсыбір сыншылар
мен оқырмандар сөз болып отырған шығармадағы ұнамсыз
кейіпкерлердің көптігін мін еткен. Сонымен бірге «романның бас
кейіпкері тіршіліктің татымсыз көріністеріне жирене білгенмен,
соны жөндеуге шыдамы мен парасаты кейде жете бермейтін жан
болып көрінеді. Оның ойынша әділетсіздік секілденеді де тұрады.
Бұл, біздіңше қаһарман тұлғасының жете ашылмаған қайшылық
жағы» деген тәрізді біржақты сын-пікірлер айтылған.
Расында да, «Өлгендер қайтып келмейдіде» ұнамсыз жандар
аз емес. Бірақ, бұл кез-келген шығармада болатын жай. Шын-
дыққа жүгінсек, шығарманың құнын кейіпкердің саны емес,
олардың қандай әрекет үстінде жүргеңдігі, ол әрекеттерінің
нанымды, нанымсыздығы анықтайды. Бұл тұрғыдан келгенде,
бір жайға көңіл аударуға тура келеді. Ұнамсыз кейіпкерлер
қанша көп болғанымен, олар шығармадағы өткінші адамдар.
Олар дың барлығы да заман шындығын, Еркін характерін толық-
тыра түсу үшін алынған. Ал Еркін мен Ғалияға немесе Қаныша
мен Еркіннің анасына келетін болсак, олар романдағы негізгі
кейіпкерлер болып есептеледі. Сондықтан алдыңғылары кейін-
гілерін толықтырарлық, солардың бейнелерін жан-жақты жасауға
мүмкіндік беретін адамдар ретінде көрініп отырады. Екіншіден
дәуір шындығының өзі сол: дені сау, білімі бар азаматтардың
барлығы дерлік қан майданда. Сонымен қатар, романның бірінші
жақтан – Еркіннің сөзімен баяндалатынын естен шығармау
121
керек. Сол жастағы 14-16 жастардағы балаң жігіттің романтик,
арманшыл, арынды болатыны белгілі. Ендеше оның өмірді
түсінуінде, адамды бағалауында әрқашан дөп баса бермеуі де
мүмкін екендігін ескергеніміз дұрыс.
Бұған қарап аз көрінсе де, ұнамды қасиеттерімен есте қалатын
кейіпкерлер тасада қалып қойды деп қауіптену де бекершілік
болар еді. Қорған аудандық партия комитетінің бірінші секретары
Алдажаров, жазушы Мұқан Иманжанов, ғалым Қажым Жұмалиев,
жатақхана коменданты Карпенко оқырманның есінде жақсы
сақталады.
Абайласақ, осы шартты түрде бөлген жағымды немесе
жағымсыз кейіпкерлеріміздің әрекеттері солай атауымызға
немесе аталуларына сәйкес келеді. Мысалы, тиісті білімі бар
мұғалімдердің жетіспей жатқан кезінде педучилище бітірген
Қанышаны қара жұмысқа ауыстырған Нұрәліге кімнің жүрегі
жылымақ? Өлім алдындағы анасынан бөліп, сонау алыс облысқа
жолдама берген министрліктегі кадр бөлімінің бастығын тағы да
жақын тарта алмайсыз. Ал қасиетті ұя – институттан ұшқанына
біраз жыл болып қалса да, көшеде көріп маңдайынан сипап, ақыл-
кеңес берген профессор Қ.Жұмалиевті Еркіннен гөрі сіз жақсы
көргендей боласыз. Сондай-ақ алғашқы көлемді туындысын
лезде талқыға салып, шығармашылығына алғаш сәт-сапар тілеген
адамның М.Иманжанов екенін біліп қуанышын бөліспесіңізге
хақыңыз қалмайды. Міне, осылайша шығармадағы оқиғаларға
қатынасушы кейіпкерлер романның басты қаһарманына әр
қырынан әсер етіп отырады. Өздері де образ ретінде танылады
және Еркіннің өсу белесінде де белгілі дәрежеде із қалдырады.
Шығармадағы образдар туралы сөз қозғасақ, ойымызға алды-
мен Нұрәлі түседі. Романда Нұрәлі характері қайталанбастай
шебер жасалынған. Егер «образ характер дәрежесіне жету үшін
жинақтау мен даралау бір жерден шығуы тиіс» десек, Нұрәлі – әрі
жинақталған, әрі дараланған образ. Оның зымияндығы, түбіне
найза бойламайтын залымдығы да дәйекті дәлелдеулермен толық
ашылған. Жазушы осы бір қиын-қыстау жағдайдағы жиі кездескен
келеңсіз көріністің біразын Нұрәлі бейнесі арқылы шенейді. Жас
жігіттер, ортан қолдай азаматтардың майданға кеткенін пайда-
ланып, жетім-жесірлерге көз алартқан, оп-оңай төсек жаңғыртып,
122
дәулет жинаған, тіпті, байып алғандар болғаны бекер емес.
Бұлардың бәрі де тек соғыс сияқты аса алапат жылдарда ғана
болатын, басқа уақыттарда бас көтеруі мүмкін емес, яғни сол
уақыттың таза өз өнімі деп аталатындай кейіпкерлер. Нұрәлі
бойы нан сондай жандардың жиынтық іс-әрекеті танылғандай.
Осы орайда біз жалпы образ жасаудағы басты факторлардың бірі –
типтендіру, жинақтау принципіне тоқталуымыз керек. Рас, қашан
болмасын, өмірден терең еш нәрсе жоқ. Бірақ көркем шығар маға
сүйек ету үшін құбылыстарды суретші іріктейді, сұрып тайды.
Автор өмірлік материалды сұрыптай отырып, қызықты көркем
образ жасаған.
«Көп асқанға, бір тосқан» дегендей, соғыс аяқталған соң
Нұрәлі қызметінен алынып, ісі заң орындарына тексерілуге бері-
леді. Жамандыққа жаны қас, жақсылыққа жастайынан құштар
реалист жазушы қоғамдағы қара күштер тудырған келеңсіз-
діктерді адамгершілік сотына салуды бір сәт естен шығармайды.
Осы орайда белгілі сыншы С.Әшімбаевтың мына бір пікірі атал-
ған шығармадағы Нұрәлі бейнесіне қатысты айтылған тәрізді.
«Көркем шығарма эстетикалық ләззат, әсемдік әсер берумен
қатар оқушы бойында өмірдегі зұлымдыққа, зымияндыққа,
сұрқиялыққа қарсы ашыну сезімін оятып, ашу-ызасын туғызу да
керек. Жазушы қоғам дамуына өмірдегі ұнамсыз қасиеттердің
бет-пердесін ашу арқылы да көмектесетінін ұмытпаған жөн.
Гуманизмнің өзі жақсылықты айту, адамшылықты қолдау
ғана емес, екінші жағынан адамгершілікке жат әрекеттер мен
мінездерді, ішмерездік, желбуаздық құбылыстарды аяусыз
әшкерелеу екендігі де мәлім.
Сондықтан да шығармашылығында сылап-сипамай, шын-
дықты бетке айтатын мәймөңкесіз реализмі басым, жалтылдақ
көз қарықтыратын әсіре-қызыл бояулары аз – І.Есенберлиннің,
С.Шаймерденовтың, Т.Әлімқұловтың, С.Жүнісовтің, Б.Соқпақ-
баевтың, С.Бақбергеновтың, Ә.Нұршайықовтың, т.б. роман,
повесть, әңгімелерінде замандастардың тыныс-тіршілігіндегі,
әрекет-қарекеттеріндегі, мұрат-мүддесіндегі тоғышарлық психо-
логия, қоғамнан алуға бар да, беруге жоқ қарақан бастың қамын
күйттейтін мінездер әлеуметтік деңгейде әр қырынан жан-жақты
ашылады» /8,96/.
123
Осы ретте Нұрәлі образы орыс халқының ұлы жазушылары
Н.В.Гогольдің, Ф.Достоевскийдің шығармаларындағы бейшара
жандардың қилы-қилы тағдырларын да еске түсіреді. Егер
кейіпкердің ұнамды қасиеттері көбірек көрінсе сүйінеміз, күшті
көркем образ санатына қоса саламыз. Ал ұнамсыз қасиеттері мол
болса, ол жөнінде мықты образ деген сөз айта қоймаймыз. Егер
де іс-әрекеті, құнты-пиғылы теріс, аяр кейіпкерлер кілті табылып
жатса, мықты көркем образға айналады. Міне, осы тұрғыдан
алғанда Нұрәлі – күшті, көркем образдың бірі, соғыс кезіндегі
өмір шындығын танытатын типтік характер.
Ал әрі көңілді, әрі аңқылдақ Дүйсен ше? Ол – таусылмас
халық әзілін жаңғыртушы өкіл. Жарқұлақтағы алтын кеніндегі
жұмысшыларға ешкім естімеген неше түрлі қызықты әңгімелер
ойлап тауып, көңілдерін көтеріп отыру – оның бойындағы тамаша
қасиеттерінің бірі ғана... Үнемі күле жүріп, біреуді іліп-қаға
жүреді. Сөйте жүріп ойлайтыны: «қайтсем басқаға жақсылық
жасасам» деу. Қысылтаяң кезде Еркінге жол ұшын беруі – оның
табиғи қасиеті. Бір-екі эпизодта ғана көрінсе де Дүйсен характері
есте қаларлықтай жарқын да толымды. Бұдан қаламгердің
шығармаларындағы эпизодтардың өзінде-ақ характерлерді кең
таныта алатындығын көреміз. Жазушы халықтың оптимистік
рухын, әзілкеш, қуақылық мінезін ұнатады.
Мінездің іші мен тысын, озығы мен олқысын, табиғи ағысымен
қарапайым әрі күрделі етіп бере білуде Б.Соқпақбаев тәжірибесі
қазақ әдебиетіне өзіндік нақыш, өрнек әкелді дей аламыз.
Қаламгер адам характерін сомдағанда оған психологиялық,
әлеуметтік, ар-ождандық тұрғыдан келіп оларды типтендірген.
Бүгінгі таңдағы суреткер үшін басты нәрсе – характер, адам
мінезіндегі даралық сипат, оның түрлі сезім иірімі, психоло-
гияның көзге шалынбайтын нәзік сәттері болса, Соқпақбаев
туындыларынан аталмыш шарттылықтардың бәрі табылады.
Жазушы негізгі оқиғаға қатысы жоқ жанама кейіпкерлердің
бейнелерін де қызықты жасаған. Жоғарыда айтып өткеніміздей,
роман Еркіннің атынан баяндалатындықтан, кейіпкерлердің өздері
де бас қаһарманның әуенімен бірде көрініп, бірде жоғалып кетіп
жатады. Сөйтсе де, олардың бәрі де – жеке-жеке дараланған, өсу
жолдары айкын, толыққанды бейнелер. Басқа жақтан келгендерді
124
жақ тырмайтын, поезда кездескен кемпір, ру сұрайтын мектеп ди рек-
торы, ленинградтық Маша мен Саша – бұларды ұмытуыңыз қиын.
Егер «характер дегеніміз – іс-әрекеті, күйініш-сүйініші, қуа-
ныш-қайғысы, тұлғалық бірлігі даралық қалпында реалистік бей-
неде суреттелген адам образы» /9/ болса, романдағы өмір ағы -
сының кезең-кезеңдерінде қалып қойып жататын осы кейіп кер-
лердің ішінде неғұрлым анығырақ елес беріп, мінез ретінде таны-
латындары да жоқ емес. Мәселен, живсырьенің агенті Сегіз бай,
пединститут мұғалімі Дәулетбаев, мектеп дирек торы Жақыбаев,
министр Жақыпов... Осылардың кескін-келбеттері, әлеу меттік
орны мен мінез-құлқы қысқа да болса нанымды көрсе тілген.
Мысалы, білімсіз декан, мылжың Дәулетбаевты автор былай
мінездейді:
Біздің факультеттің деканы Дәулетбаев дейтін адам. Жасы
қырықтар шамасында. Сылдыр сөзге су жұқпас шешен. Аудито-
рияға сарнап сөйлеп кіріп, сөйлеп шығады... Не деген шешен,
ақылгөй. Болсаң осындай бол деп ойлайтынбыз.
Жүре бара біз Дәулетбаевтың кім екенін әбден танып білдік,
оның ешқандай мәнсіз-мағынасыз сылдыр сөзін тындаудан
жалығатын болдық. Арзан ақыл, құр ділмәрсу. Күндіз-түні бір
пластинканы ойната берген тәрізді.
Дәулетбаевтың іш нәрсіздігі бірнеше жерде ұтымды көрсе-
тілген және оның кескіні сөйлеген сөздерінен-ақ айқындалып
қалады.
«Мінездеме – кейіпкердің қылықтық психологиясының
қасиет терімен таныстыратын, кейіпкердің ой-өрісімен, жүріс-
тұры сымен, мәдени-рухани жақтарының басқа да түрлерімен
таныс тыратын сипаттама»/10,104/ болса, Б.Соқпақбаев харак-
терді толық елестете алу үшін олардың мінездемесін бірден
түсінікті етіп, сезімталдықпен жеткізе біледі. Демек, мінездемелер
характерді дәл, ылайық етіп жасауға көмектескен.
Тағы бір кейіпкерге кідіріп өтейік. «...Сегізбай живсырьенің
осы төңіректегі бірнеше колхозды қамтитын агент қабылдаушысы.
Киімді қатып киінеді... Кісіге сүзетін бұқа тәрізденіп, иегін
алқымына тығып алып, ежірейе қарап тұрғаны. Амандассаң,
жөнді амандаспайтын тәкаппар. Ернін болар-болмас жыбыр
еткізеді де қояды...».
125
Сегізбайдың мұншама салмақтануының себебін автор көп
ұзамай-ақ анықтайды. Мәселе Сегізбайдың ерекше қызмет
бабына байланысты екен. Жазушы осылайша кейіпкердің жалпы
сипатын, енді бірде портреттік штрихтарын белгілейді. Орталық
қаһармандардың тұлғалары, ой-өрісі, характерлерінің бағыты
осындай тұстарда толыға түседі.
Кейбір сипаттары жөнінен қоймашы Сегізбай характері колхоз
бастығы Нұрәлімен орайлас шыққан. Екеуі – де ауыр уақытта
қара бастарының қамын ойлағандар. Екеуі де есебін тауып,
төсегін жаңартқандар. Нұрәлі озбырлыққа келгенде, Сегізбайдан
да асып түседі. Сегізбай характерінің айырмашылығы – сыртқа
ешқандай сыр шашпайды, арам ниеті суға батқан қара тастай
ішінде жатады. Нұрәліге қарағанда айлалы, есебі молырақ.
Адамдар мінезін талдауда Б.Соқпақбаевтың өмір қабаттарын
тұтас, жанды аумағымен қамтитын тәсілі оны бірталай
кейіпкерлерінің табиғи тұлғасын ашуға көмектескенін көрдік.
Бірақ кейде автор адам бойындағы міндер мен ұсқынсыз
көріністерді тізуге көбірек ойысып кетеді. Мұндай кездерде өмір
құбылысы біржақтылау шыққандай болады. Еркіннің институт
бітіріп, алыс ауданға бір жыл қызмет істеген тұсын көрсеткен
тарау нақ осы айтқанымыздай.
Мәселен жолдамамен ауданға келген Еркін қонақүйдің қыз-
метшісін «...жуан бөксе қара әйел жүк артқан өгізше пы шыл дап
еден жуып жатыр» деп бір қағытып өтеді де, ендігі кездескен
адамдардың тұр-тұлғасынан кісі сүйсінерлік ешнәрсе аңғар-
майды. Ал аудандық оқу бөлімінің бастығы былайша мінезделген:
«Әміров жастау жігіт екен. Сөзі де мінезі де ұшқалақтау кө-
рінді маған. Астынан су шыққандай ұшып-қонып отыр. Саба лақ
елтіріге ұқсайтын бұйра шашын әлсін-әлсін саусағымен тара-
ғыштап, көзін жыпылық-жыпылық еткізіп қояды. Бір сөз айта
бас тасаң, соңына дейін тыңдамай, өз сөзін өзі қызықтап лағып
кетеді».
Бұл тарауда дәлелдеме, жағдай, мінез шытырманының себебі
мен салдары көрінбейді де жалаң хабарлама сияқты болып кетеді.
Мінездер сонылығын жоғалтып алады. Ал «...шығарма мақсаты
– адамның санын көбейтуде емес, мінездердің сонылығын ашу».
Жазушы образдарды сомдауда түрлі суреттеу құралдарын кең
126
қолданған. Портреттер, мінездеулер, диалог, монологтар образды
шебер ойнатады. Әсіресе, портреттік сипаттауға шеберлігін
Соқпақбаев бұл романында да жақсы аңғартқан. Портреттердің
романның баяндау жүйесінде берілу тәсілдері әртүрлі. Жазушы
кейіпкерлерінің кескін-келбетін, мүсін-тұлғасын бірден үйіп-
төгіп бере салмайды. Оның қолдануында портрет кейіпкердің
жан дүниесімен, іс-әрекетімен, мінез-құлқымен астасып жатады.
Мысалы, мектеп директорының портретіне назар аударайық:
«Мектеп директорын кабинетінен таптық. Орта бойлы. Шашы
мықтап сұйылған, шақша бас тарамыс қара сұр кісі жылан
көзіндей кішкене суық көздерімен үңіле қарап қарсы алды».
Сондай-ақ жазушы кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін де,
репликаларын да орнымен, оралымды пайдалана біледі. Тағы да
сол директор Әлібековтың сөздерін мысалға алайық.
«Аудандык оқу бөлімі бұйрығының көшірмесін Әлібеков
басын тұқыртып алып ұзақ оқыды. Сосын маған қарап: Шырақ,
қай рудан боласың?
Мен дәл мұндай сұрақ күтпеген едім. Қазақтың салған жерден
ру-руға сұрасып жатуын жаратпаймын. Сәл бөгелдім де айта
бастадым: – Ұлы жүз боламыз. Ұлы жүз ішінде Албан...
Бетінде ешқандай сезім белгісі білінбей, сөзін тәптіштеп
сөйлеп: – Шырақ, Албанға да, басқаға да бұл мектепте орын жоқ.
Келген іздеріңмен қайта берулеріңе болады.
Мен өз құлағыма өзім сенбегендеймін. Қалжыңы ма, жоқ
шыны ма? ... Қалжыңдайтын түрі байқалмайды. Бұйрықтың ше-
тіне жуан қызыл қарындашпен «отказать» деп жазып, шимай лап
қол қойып жатыр...
– Оу, ақсақал, бұл қалай? Орын жоқ болса, районо бізді неге
жібереді?
– Оны сол жіберген адамның өзінен сұра... Ал, шырақ,
шығыңдар, есік жабам» .
Міне бұл репликалардан Әлібековтың бүкіл бітім – тұлғасын,
омырау мінезімен қоса жершілдігін, рушылдығын аңғармай,
аңдамай қалмайсыз. Осындай сәттерде кейіпкерлердің рухани
келбеті анағұрлым мол да терең ашылып отырады. Сөйтіп, жазушы
диалогтарды образ жасаудағы ең оңтайлы, орайлы тәсілдердің
бірі ретінде қолданады. Осы тұрғыдан келгенде диалог «Өлгендер
127
қайтып келмейді» романының көркемдік тамырларының бірі
десек те болады. Шиеленіс процесінің өрбуінде, оның түрлі
сипатта көрініс табуында да көркемдік тәсілдің осы түрі үлкен
орын алады. Автор мақсатына орай өрілген кейіпкерлер сөзі
қабаттаса келіп, күрделі тартысқа ұласқан шиеленісу процесін
тудырып отырады. Мысал келтіре кетейік.
«Ілиястың ұнжырғасы түсе бастаған.
– Алматыға бәрібір, жете алмаймыз. Одан да Қарағандыға
қайтіп барсақ? – деген сөзді айтады. – Енді барғанымыз ұят емес
пе?
– Несі ұят?
– Ұят түгілі, масқара емес пе? Шешінген судан тайынбайды.
Не көрсек те енді шыдаймыз».
Осы диалогтан-ақ Еркіннің қайсар мінезі ашық көрініп тұр-
ған жоқ па?! Ал, Нұрәліге қатысты диалогты оқып көрейік:
«– Әй, қатын, сорпа әкел, – деді.
Сәуленің атын атамай, «әй, қатын» деп сөйлеуі оның әдеті.
Қаныша Нұрәліге тіксіне қарады:
– Жездеке, бұныңыз қалай? Ол кісінің тамаша аты бар емес
пе? Атын неге атамайсыз? Мал қайырғандай «ей!» дейсіз.
Қысылатын Нұрәлі емес.
– Балдызжан, сен бізді түзей алмайсың. Үйреніп кеткен ауыз
ғой, – дейді».
Міне, екі диалогты салыстыра қарағанда кейіпкерлердің
репликалары арқылы портреттік мінездерінің қарама-қайшы
сипаттарын көруге болады. Яғни, Бердібек Соқпақбаев диалог-
тардың өзін кейіпкер портретін дәл беру үшін, олардың мінез-
деріндегі ерекшеліктерді көрсету мақсатыңда колданады.
Автор қарапайым үлгідегі екі адамның әңгімесінен кейде
диалог арқылы алыста қалған ауыр жылдар елесін, ауылдағы
сауаттылық жайын жып-жинақы түрде шын-сонар баяндаусыз-ақ
көз алдыға елестетеді.
Автор романда көптеген кейіпкерлерді тікелей суреттемейді.
Біз Еркіннің еске алулары, ой-толғаныстары, жүрекжарды сыр-
лары арқылы басқа кейіпкерлердің де образдарымен танысып
отырамын. Сонымен қатар, орталық кейіпкер – Еркіннің тұлғасы,
оның ой-өрісі, парасат биігі осындай тұстарда толыға түседі. Еркін
128
өзінің кемшілігін, ерсі істерін әрқашан дерлік ақыл таразысына
салып, белгілі түйіндерге келіп отырады. Демек, қаһарманның
іштей толғаныстарын, монологтарын көрсету тұлғаны
мүсіндеудің елеулі амалына айналған. Біздің бұл пайымдауымыз
профессор Ж. Дәдебаевтың мынандай пікірімен ұштасады.
«Көркем образ жасау процесінде адамның нақты әрекет арқылы
танылатын ой-сезімдерімен бірге оның психологиясында ғана
болған: тысқа берілмеген ой-сезім сырларын көрсетудің маңызы
да аса зор. Көркем тұлға ретінде адам образы сонда ғана бар ішкі-
сыртқы шындығымен кең таныла алады. Онсыз кейіпкер өмірінің
шындығы жете ашылмайды», – деп тұжырымдайды ғалым.
Жазушы С.Шаймерденов өзінің «Өлгендер шынымен
қайтып келмей ме?» атты мақаласында романның құндылығы –
шынайылығында, жасөспірім жігіттің ішкі жан сарайының шебер
ашылатындығында екенін атап көрсетеді.
Б.Соқпақбаев адам жанының әртүрлі иірімдеріне тереңдеп
барып, жан-жақты көрсету үшін, өз қаһарманының тағдырын
қилы-қилы қиыншылыққа толы ситуациялармен байланыстырып
отырады. Жас жанын талай тау мен тасқа ұрған, өмір деген үлкен
жолдың соқпағын да, жайдағын да көп көрген Еркін Мамырбаев
өмірдің түрлі өткелдерінен өтеді. Адал жанды, кайсар мінезді
Еркін Нұрәлінің жүгенсіз кеткен озбырлықтарына шыдамай,
әділдік үшін күреседі. Құрығы ұзын, айлалы Нұрәлі Еркінді
қуғындауға ұшыратады. Ол алдымен Еркінді алысқа ФЗО-ға
жібертеді. ФЗО-дан қашып шыққан Еркін түрмеге түсіп, бір
басынан асарлық мехнат көреді. Арып-ашып жазасын өтеп келе
жатқан Еркін бетіне шіркеу болатын, еркінен тыс болған бұл
оқиғаға қатты арланады.
«Бір заманда өзім тектес балалардың алды едім. Ұстаздарым
адам болатын бала деп үміт күткенінің бірі едім. Сол үмітті
ақтаған түрім осы ма?» – деген ойлары жанын жегідей жейді.
Оның Нұрәліні тілдеп, таяқ жұмсауы іште бұлқынған көп жылғы
дәрменсіз кектің бір көрінісі еді.
Еркін тағы да аты суық, түсі суық КПЗ тұрғыны. Осы кезеңдегі
Еркіннің жан толғанысы былай берілген.
«Тағы да аты суық, түсі суық КПЗ тұрғынымын. Жасым
жиырмадан аспай жатып, бұл менің осы босағаны екінші рет
129
аттауым. Оу, өмірдегі мен арман еткен жол, тіпті де бұл емес
еді ғой! Басқа еді ғой. Тасбауыр қатал тағдыр адастырып, қайда
әкетіп барады осы мені?
Оу, мен омақасып, неге сүріне берем? Аяғымды алып жүре
алмайтын өзім кінәлімін бе? Жоқ, әлде тағдыр бешенеме бекітіп
жазып койған, ұқыр-шұқырға толы бұралаң өмір жолы кінәлі
ме?»
Ширыққан тебіреніс, драматизмге толы бұл монолог
риториқалық сұрауға негізделген. Герой өзімен-өзі тартысады,
сол арқылы ішкі дүниесі ашыла түседі.
«Толстой, Достоевский, Горький – осынау адам жанынын
сұңғыла білгіштері, – жан қозғалысының, құбылысының нелер
қалтарыс, дірілін қалт еткізбей ұстап, ол жанның талай арпа-
лыстарын, бір тоқтамға келе алмаған қиналыстарын, қайшы лыққа
толы ізденістерін айна-қатесіз көрсете сол арқылы бүткіл бір
дәуірдің кескін – келбетін бар сыр сипатымен суреттеген»/11,279/.
Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып кел мейді» романы туралы
да осыны айтуға болады. Еркіннің ішкі монологтары сурет-
теліп отырған кезең мен дәуір тынысын көрсетудің қолайлы
жолдарының біріне айналған.
Романда кейіпкердің іштей буырқанып, бұрсанған ой-
толғақтарында көңіл түкпіріндегі аңсары мен арманы «мен
мұңдалап» тұрады. «Еһ, Ғалия, Ғалияшым менің. Басқаға
бұйырсаң да, Ғалияшым деуді қоймаймын-ау әлі де. Қайтейін,
қимаймын ғой. Қимаймын. Сені есіме алсам, іші-бауырым
өртеніп кеткендей болады.
Өзіңді көретін күн болар ма екен, Ғалия! Ішімдегімді армансыз
бір ақтарып, сөйлессем...
Менің кінәм бір жылға зым-зия жоғалып кетуім. Ал сенің
кінәң одан гөрі көп те, басым...».
Махаббатын жүрек жылуына бөлей отырып кейіпкер сыр
шертеді. Ғалияның шынайы сүймейтініне көзі жеткен Еркінге
өлуден басқа еш жол қалмаған тәрізденетін кездер де бар/304 б./.
Енді қайда барарын білмеген ол, іштей арпалыс азабын кешеді,
жабырқайды сезімін адал сақтай алмаса да, Еркіннің оған деген
көңілі суымаған. Қызға деген өкпе, қимас наз, іштей айыптау
пікірлері шынайы бейнеленген.
130
«Ішкі монолог деп үлкен бір күйзеліс немесе жанталас тұсында
геройдың өзімен-өзінің сөйлесуін айтсақ»/12/, Еркін толғанысы –
мұндай монологтың тамаша үлгісі! Романда кейіпкердің осындай
күйзелістерін, кезеңдік көңіл-күйін, сезім-сипатын кестелеуде
монологтар молынан пайдаланылады. Тығырықтан, қиындықтан
саңылау тауып шығудың арпалысы, адамгершілік-этикалық
конфликтінің, ізгілік пен зұлымдықтың мәңгі ымыраға келмес
күресі – монологтың бастау көзі, көсілер арнасы екеніне көзіміз
жетеді.
Соқпақбаев монологтары грамматикалық құрылысы жағынан
лепті, риторикалық сұрау формасында беріліп, біреуге қарата
айтылады немесе арнау түрінде көрініс табады.
Шығармада жазушы кейде монологты кейіпкердің өзіндік
көзқарасын, өмір жайлы, адамдар жайлы философиясын, ой-
тұжырымын беру мақсатында қолданады. Бұған өмірдің өткін-
шілігі, алдамшылығы туралы 478 – беттегі кейіпкер толғанысы
дәлел. Осындай монологтар арқылы жазушы өмір талқысын көп
көрген кейіпкер характерін жан-жақты аша түседі. Еркіннің ата-
анаға мейірімділігі, оқуға, еңбекке зеректігі, өмірге құштарлығы
романда әр тараптан-ақ дәлелді, табиғи ашылған. Оның түсінігі,
қиялы арқылы дәуірдің көп шындығы елес беріп өтеді. Алыс
ауылда өскен, жасынан тұрмыс таршылығын көрген жас адамның
бүкіл болмысы орта мен нақтылы жағдайға сәйкес. Мысалы,
романда Еркіннің күнкөріс қамымен Жарқұлақ алтын кенінде
жұмыс жасап, шешесі мен жеңгесіне олжалы оралып келе жатқан
сәтін еске түсірейік. Жұпынылықты, тапшылықты өз үлесім
деп танып, болам деп ұмтылып, әлі бола алмай келе жатқан жас
жігіттің соғыс сияқты қиын кезде еңбек етіп, табыс табуы, оны
шексіз қуанышқа бөлейді. Осы сәттегі Еркіннің жан пернесі
былай бейнеленеді:
«Ау, халайық! Үйлеріңнен неге шықпайсындар? Маған неге
таңырқап қарамайсындар? Менің мынау арт жағымдағы қомақты
бөктерімді көрдіндер ме? Сендер оның ішінде не барын білсеңдер
етті...
Жаңа мәсі, жаңа галошты «алтын кеннен балам әкеп берді»
деп, әлі шешем жарқыратып киіп шыққан кезде, жеңгеме жаңа
салы орамал, көйлек әкелгенімді, өзім де бірсыпыра жаңа
131
киімдер алып кигенімді көргенде, сендер қайтер екенсіндер!».
Жай мақтаншақтық емес, нағыз жасөспірім психологиясы.
Немесе жаңа ер жете бастаған жас азаматтың былайша
қиялдауы мейлінше нанымды.»...Шіркін, не сотқа, не прокурорға
хатшы болсам. Нұрәлінің көзі атыздай болар еді–ау... Ойлап-ойлап
мұғалім болайын дедім. Осы күні кім көрінген мұғалім болып
жатқан жоқ па? Рас, жанғабысқа өте қолайлы жұмыс емес...
Ех, шіркін. колхозға завхоз болсаң! Қойма-қамбалардың
кілтін ұстасаң...».
Қандай қиын жағдайда жүрсе де Еркінді даралап тұратын
ерекшелік – оның жанының, ой-сезімінің табиғи тазалығы.
Автор айналаға кейіпкер көзімен қарайды, көңілімен түйеді.
Шығармадағы монологтар тек қаһарман өмірінен мәлімет беру,
еске алу мақсатында ғана қолданылмайды. Сонымен қатар
ол әр құбылысты бағалау, бағдарлау құралына айналған. Осы
іспетті түрлі мысалдар Б.Соқпақбаевтың шығармашылығында
монологтың елеулі қызмет атқарғанын көрсетеді.
Жазушы шығармаларын оқи отырып, олармен іштей сырласа
отырып, біз қалтқысыз көңілді, бар құпиясын жасырмайтын, ішіне
бүгіп қалатыны жоқ ақкөңіл жандармен жүздесіп, тілдескендей
боламыз. Олардың ішкі сезімдерінің ашылуынан ешқандай
жасандылық таппаймыз. Кейіпкерлер өз ойына шақ сөз сөйлейді,
өз түйсік-түсінігіне шақ ой ойлайды.
Қаламгер монолог құрылымына қаратпа сөздер мен одағай-
ларды енгізу нәтижесінде көріністің психологиялық ширығу
сәтін бейнелейді. «Еһ, қайран, шіркін, о, ау» дейтін көңіл-күй
одағайлары өкініш пен опығуды, шарасыздықты білдіреді, Қа-
ламгер кейіпкер жан дүниесіндегі ең аяулы дірілді дәл басып,
қуанышы мен мұңын, күдігі мен қайшылығын, арманын, өз-
өзімен сырласуын бәрін-бәрін суреттеуге тырысады.
Қысқасы монологтың түр-түрі (монолог-ойлау, монолог-
армандау, монолог еске түсіру т.б.) кейіпкерлерді сөйлетудегі, сол
арқылы олардың характерлерін білдірудегі жазушы қолданған ең
өнімді көркемдік тәсіл деп айтуға болады. Әрине, шеберліктің
ауқымы бір ғана көркемдік құралды жете меңгеріп, тиімді
пайдаланумен шыңдалмайды. Көркемдік құрал, әдіс-тәсіл
атаулының барлығын табиғи түрде тұтастыра білгенде ғана
132
шығармадағы адам характері, оның жан дүниесі жан-жақты,
барынша терең ашыла түспек.
Жазушы ерекшелігін танытатын деректің бірі – сөз
қолданысы. Жоғарыда жазушының «Өлгендер қайтып келмейді»
романы ның тақырып-мұратын, көркем бейнелерін, оқиға желісі
мен құрылымын сөз еттік. Көркем шығарманың толық ашылар
қасие ті оқиғалардың таңдап алынуымен, шебер композициясы-
мен, характерлердің шыншылдығымен ғана шектеле бермейді.
Оқушыға эстетикалық ләззат беру үшін алдымен құнарлы да
көркем тіл керек. Көркем шығарма қашанда тілімен көркем
болатыны мәлім. Енді шеберліктің негізгі өлшемі – жазушының
тілдік қолданысын қарастырып көрейік.
Б.Соқпақбаев бұл романында да оқырманын тілдің көркем-
дік табиғилығымен тартып отырады. Шығармадан қисынымен
келтірілген толып жатқан теңеу, метафораларды кездестіресіз.
Әсіресе, бірер қимыл әрекетін беру арқылы кейіпкердің өзара
сұхбаттасулары да жазушының әр сөзді орнымен, ыждағатты
қолдана білгендігін көрсетеді.
Суреткер шығармаларының тілі туралы жазушы М.Әлімбаев:
«Бердібектің тәңірімен өзі маңдайына жазған бақ-таланты –
сөз зергері болып тууы. Оның тілі жарқылдақ әшекейлі емес,
фейерверктің отындай қызылды-жасылды құбылғыш әлдене
емес, өмірдегідей қарапайым, тартымды, өрнекті, кестелі тіл. Әрі
дәл, дөп сурет тілі»,– дейді.
Жазушының атап көрсеткеніндей, Б.Соқпақбаев шығарма-
ларындағы басты ерекшеліктердің бірі қарапайым тілмен
жазылуы мен сөйлемдерінің жинақы, ұғымға жеңіл болып келуі
деуге болады. Жазушы стилін даралайтын психологиялық сырға
толы мынадай сөйлемдер романда жетерлік. «Талайдан бері хат
жоқ. Өлі ме, тірі ме? Тірі болса, келер. Алдыңғы үйді де жауып,
жұрт қатарлы бірдеңе етіп күн көрер. Ал өлсе ше?». Онда мына үш
баланың күні не болады? Адам жанын күйзелтер қайғы-қасірет,
мұң-мұқтаж, трагедиялық хал, уақыт тынысы жинақты түзілген
шағын сөйлемге сыйып кеткен. Жазушы стилінде құрмалас
сөйлемдер кездесе бермейді. Қаламгер мақал-мәтелдерді,
нақыл сөздерді, тұрақты сөз тіркестерін кеңінен қамтып,
тілдегі бейнелілікті, көркемдікті жарқырата түседі. Соқпақбаев
133
стиліндегі тағы бір ерекшелік – ол жеке бір баяндауыштардан ғана
тұратын сөйлемдердің болуы. Мысалы: жатырмын, отыр, т.б. осы
сынды жазушының өзіндік стилін, шеберлігін байқататын жеке
бір ұғымды түсіндіру үшін мынандай тіркестер де кездеседі:
«Тас көмірдің үстіне де аунадым. Батпаққа да аунадым.
Шаңға да аунадым». Бұл жерде предикат көркемдік тәсіл
ретінде өте үлкен қызмет атқарып тұр. Жазушының қарапайым
тілмен жып-жинақы етіп құрған сөйлемдері әрі тартымды, әрі
қайғылы хал сәтін аса бір шеберлікпен бейнелеген. Суреткердің
бұл шығармасындағы негізгі сипат трагедиялық тұрғыдан
өрістесе, осындай жекелеген детальдардың жиынтығы арқылы
сол трагедиялық ахуалдың негізгі түйіндері ашылып отырады.
Романда полисемиялық ұғымдар, түсінуге ауыр тіркестер аз.
«Тіл неғұрлым қарапайым болса, – дейді А.М. Горький, – ол
соғұрлым тартымды, көркем болады. Соғұрлым оны жақсы ұғына
аламыз»/13/. Б.Соқпақбаев шығармаларының тілі осы талапқа
сай – әрі қарапайым, әрі тартымды, әрі көркем болып келеді.
Енді бірер сөз романның аты жөнінде. Жазушының шығар-
масын неге бұлай атағаны жөнінде кезінде оқырмандар тарапынан
сұраулар қойылған, түрлі пікірлер болған. Бұл кітапта өлетін еш-
кім жоқ қой, жалғыз Сәрсебектен басқасының бәрі дін аман. Керек
десеңіз Сәрсебектің өзі де өлмеген, хабарсыз кеткен деген сияқты.
«Шығарманың аты – кітаптың кілті. Онда идея болсын.
Жазушының сырттан зорлап әкелген идеясы емес, кітаптың
өз мазмұнынан шығатын объективті идея» болғандықтан да
– шығарма «Өлгеңдер қайтып келмейді» деп тегін аталмаған.
Өлетін тек адам ғана ма? Іске аспаған арман, қол жетпеген мақсат,
үзілген үміт... Осының бәрі өлгендікті, өшкендікті білдірмей ме?
Және де автор соғыстан оралмағандардың орнын жоқтатпайтын,
өткен ұрпақтың орнын жалғастыруға лайық Еркіндер ұрпағы
болуға тиіс екенін оқырмандар есіне мықтап ұялатады. Роман
«Өлгендер қайтып келмейді» деп аталғанымен, шығарманың
шарықтау шегі тұсында автордың өзі соған қарама-қарсы ой
тастайды. «Отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын жаны
сірі Еркіндерің есен-аман әлі-ақ қайтып келеді» деген жолдар
арқылы автор дүниедегі жауыздық атаулыға рухы биік идея ғана
қарсы тұра алатынын нұсқағандай. Бір тамашасы сол – жазушы
134
мұндай ашық ақыл айтпайды, романның бүкіл мазмұнымен,
характерлердің қақтығысымен осы идеяны алға тартады.
«Романның құндылығы – Соқпақбаевтың соғыс жылдарын-
дағы ауыл өмірін әсірелеп, бояп-сырламай, кем-кетігі, бар-жоғын
түгел қопарып шын реалист жазушыға тән шеберлікпен суреттей
білгендігінде».
Бердібек Соқпақбаев шығармаларындағы негізгі уақыт –
соғыс кезі болуы заңды құбылыс. Өйткені, жазушы сонау елуінші
жылдарда әдебиет табалдырығын аттаған, Отан соғысының
ауыртпалығын бастан кешіріп, қайсарлық пен қайраттылықты,
сезімталдық пен сергектікті, азаматтық пен адамгершілікті бастан
өткеріп, ерте есейіп, қағілез атанған ұрпақтың өкілі.
Сайып келгенде, Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер
қайтып келмейді» романы дәуір шындығына сәйкес жас
замандастарымыздың толыққанды бейнесін ойдағыдай мүсіндеуі
нәтижесінде қазіргі қазақ әдебиетінің бетке ұстар туындыларының
бірі ретінде жұртшылық көңіліне жылы ұялаған.
Бұл шығарма ғана емес, Ұлы Отан соғысы тұсында тылдағы
әралуан іс-әрекетпен айналысқан замандастарымыз өмірін арқау
еткен басқа да шығармалардың бір қатарының негізінен алғанда
сәтті шығуының объективті мәні бар. Мұның бір себебі, әрине,
жазушыларымыздың өздері суреттеп отырған өмір ағымын
жете білетіндігіне, әсіресе, сол тиянақты түрде жинақтаған мол
материалынан шығарма сюжетін шебер құруға қажеттілерін ғана
іріктеп ала білетіндігіне және соларды бүгінгі күн мәселелерімен
ажырамастай астастыра бейнелеулеріне байланысты. Бұл
айтылған жайттардың барлығы Соқпақбаев романында жаңа
қырынан дамытыла түскен.
Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» пен «Өлгендер
қайтып келмейді» шығармалары – биік талғамның, көркемдік
құнарлы ойдың жемісі. Бұл шығармаларда да жазушының өзінің
талантына ғана тән тапқырлық пен тиянақтылық, суреттеу
құралдарының дәлдігі, кейіпкер әрекетінің табиғилығы, сезім
арпалысының сенімділігі «мен мұндалап» тұр.
Бұл шығармалардың ендігі бір атап айтар үлкен қасиеті –
көркемдік қуатында. Туындылар бірінші жақтан жазылған. Бұл
жазушыдан үлкен психолог болуды талап етеді.
135
Бұл тәсілдің қиындығы – автор реті келген жерде еркіндік
ала алмай, көбіне бас қаһарманың көрінер ортасына қарай ойыса
береді. Романның сюжеттік желісіне арқау болар оқиғаларды
өрбіту, ондағы жасалмақ образдардың нақышын өрнектей түсу,
іс-әрекеттердің ситуацияға сай келіп, жанды бейнелерді жасау
жазушыдан айрықша көркемдік шеберлік шешімін қажет етеді.
Жалпы
Соқпақбаев
шығармалары
түрлі
сюжетке
құрылғанымен, тақырып пен идеялық мақсат тұрғысынан бір-
бірімен іштей сабақтастық тауып, образдар әлемі жағынан
өзара байланысып, тұтастық сипат алып жатады. Бұл, әсіресе,
жазушының «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалық шаққа
саяхат» шығармаларында айқын байқалады. Бұл шығармаларды
ерекше байланыстырып тұрған тақырып, идея және тартыс
көріністері деуге болады. Жазушы кейіпкерлері әр шығармада
әралуан болып келгенімен, әдеби үндесу жағынан бір идеяға
қызмет ететін, бір мақсатты көздейтін көркем бейнелер болып
табылады. Өйткені қаламгердің кейіпкерлері өз кезіндегі
саясат ықпалына бағындырылмаған, тек қана қоғам сипатын
дәріптеу, мадақтау мақсатында емес, адам тағдырына, қандай
қоғамда өмір сүруіне қарамастан, адам тағдырының түрлі
жықпыл-қалтарыстарын ақтара көрсетуге бағыттала сомдалған
кейіпкерлер еді.
Достарыңызбен бөлісу: |