№1 (1341) 5 қаңтар 2017 жыл, бейсенбі „ Жаңа жыл мерекесінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Рио-де-Жанейро қаласында өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллинаның арманын



жүктеу 1.29 Mb.

бет1/12
Дата05.02.2017
өлшемі1.29 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

www.z-taraz.kz

 №1 (1341) 5 қаңтар

 

2017 жыл, бейсенбі



 

„

Жаңа жыл мерекесінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі 



спорт шебері, Рио-де-Жанейро қаласында өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының 

жеңімпазы Зульфия Габидуллинаның арманын орындап, жеке үй салып берді.  



156 күн қалды

 

7-бет.



Еліміздің жоғары табыстары мен жетістіктері, даму келешегінің кемелдігі және 

«Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуы мемлекетіміздің мерейін 

асырып, алдына жан салмай, таза жеңісіне тың түрткі болды.

құрметті 

тараздықтар!

Сіздерді ұлы православие 

мерекесі – Рождество 

күнімен шын жүректен 

құттықтаймын. Біздің 

көп ұлтты мемлекетімізде 

мұсылман мерекесі  Құрбан 

айт, христиандық Рождество, 

шығыстың Жаңа жылы және 

басқа да ұлттық діни мерекелер 

салтанатты түрде аталып 

өтеді. Бұл біздің тәуелсіз 

елімізді мекендеген көптеген 

этностардың арасындағы берік 

достықтың, толеранттықтың 

айқын дәлелі болып табылады.

Православиелік христиандық 

және ислам – біздің 

мемлекетіміздегі негізгі діндердің 

бірі. Екі дін де адамгершілікке, 

еңбексүйгіштікке және 

төзімділікке шақырады. 

Рождество мерекесі күні бір-

біріне сыйлық жасап, ізгілік, 

қайырымдылық үлгі-өнегесін 

тарату дәстүрдің біріне 

айналған. Осынау қастерлі 

мереке күні Сіздерге ізгілік

мықты денсаулық пен бақыт 

тілеймін. Біздің елімізде әрдайым 

өзара түсіністік пен халықтар 

достығының рухы өшпесін!

Нұржан КалеНдеров,

Тараз қаласының әкімі.

армандар орындалады

 

3-бет.

Жаһан ЖастаРының 

Жалыны


 

9-бет.

 

5-бет.

сымбаттылаРға сыйлыҚ 

аРтыҚ етПейді 

 

4-бет.

КәсіПКеРліК Қанат 

ЖайыП Келеді


Қала-ҚаРбалас

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №1 (1341), 5 қаңТар 2017 Жыл  //



Шынболат СеЙдУалИев 

 «Достық» алаңында әсем безендірілген шаһардың 

бас шыршасының жанына жиналған халықтың қарасы 

көп болды. Онда жиналған көпшіліктің назарына 

концерттік бағдарлама ұсынылып, мешін жылының 

бағындырған белесі, шыққан шыңы, алған асуы аз емес 

екендігі айтылды. Келіп жеткен тауық жылы жағымды 

жаңалықтар мен телегей табыстары мол, көркейіп-

көбею, өсіп-өну, мақсат-мұраттарға жету жылы бол-

сын деген ақжарма тілектердің де тиегі ағытылды. 

Сондай-ақ биылғы жылы Алматы қаласында өтетін 

ХХVIII Универсиада, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017»  

халықаралық көрмесі халқымыздың еңселілігі мен 

қонақжайлығын, ұлтымыздың ұлылығын айғақтайтын 

шаралар екендігі сөз болды. 

Өңір  тұрғындарын  Жаңа  жылымен  құттықтау 

үшін  сахна  төріне  көтерілген  облыс  әкімі  Кәрім 

Көкірекбаев барша жамбылдықтарды тауық жылымен 

шын жүректен құттықтап, өткен жылы облысымызда 

атқарылған маңызды шаруаларға тоқтала келіп, елімізге 

бірлік пен татулық тіледі.

- Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Өтіп 

бара жатқан жыл бүкіл Қазақстан халқы үшін мерекелі, 

ерекше жыл болды. Біз бұл жылы Егемендігіміздің 25 

жылдығын атап өттік. 2016 жылы облысымыз өндіріс, 

ауыл  шаруашылық,  мәдениет  салаларында  үлкен 

жетістіктерге қол жеткізді. Оның ішінде спорт саласын 

мақтанып, ауыз толтырып айтсақ болады. Мәселен, 

Бразилияның  Рио-де-Жанейро  қаласында  өткен 

Олимпиада ойындарынан бір күміс, ал Паралимпиада 

ойындарынан бір спортшымыз ел қоржынына тұңғыш 

рет алтын медальді салып берді, - деді аймақ басшысы 

Кәрім Нәсбекұлы. 

Мерекелік  шара  барысында  отшашу  атылып, 

көпшіліктің көңілін көтерді. Сондай-ақ тұрғындарға 

концерттік  бағдарлама  ұсынылып, өңірдің өнерпаздары 

әсем әннен шашу шашты. 

 

„

Жаңа жыл мерекесінде орталық 



«достық» алаңына жиналған 

тараздықтар ерекше көңіл-күйде 

болды. 

арайлым БақыТжаНқызы

Қалалық  мектептен  тыс  және  балалар  шығармашылық 

орталығында мүмкіндігі шектеулі балалар мен жағдайы төмен 

отбасылардың балаларына арналған жаңа жылдық кеш өтті. 30-

дан астам бүлдіршіннің басын қосқан жаңа жылдық кеш Аяз ата 

мен Ақшақардың қатысуымен «Сиқырлы асатаяқ» ертегісімен                                                                                                                                  

басталды. Балақайлар әр елге саяхат жасап, ертегі кейіпкерлерімен 

бірге көңіл көтерді. Ән айтылып, мың бұрала би де биленген кеш-

те бүлдіршіндерге қоржын-қоржын сыйлықтар таратылды. 7-13 

жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың шыршасына 

ата-аналар да қатысып, бүлдіршіндермен бірге ғажайыптар еліне 

саяхат жасады. 

– Шыны керек, Жаңа жыл әрбір бала үшін ерекше мереке. 

Әсіресе, өмірде ғажайыптың болатынына сенетін мүмкіндігі 

шектеулі  жандар  үшін  маңызды.  Олар  көпшілік  ортада, 

адамдармен қарым-қатынасқа түсіп, сыртқы ортаны танып-

білуге құштар. Ал мұндай мерекелік шара олар үшін үлкен 

мүмкіндік. Туылғаннан айықпас дертке шалдыққанын білмейтін 

бүлдіршіндер осындай кештерде көңіл көтеріп, өздерін ғажайып 

ертегілер еліне енгендей сезінеді. Мен де бүгін ұлымды кешке 

алып келдім. Жасы 5-те. Біздің бүлдіршіндерге осындай тамаша 

кешті ұйымдастырған жандарға рахмет, – дейді ата-ана Айнұр 

Шарипова.  

 

„

 Жаңа жыл қарсаңында әрбір бала  ғажайыптың боларына сенеді. дәстүрлі түрде 



жыл сайын өтетін жаңа жылдық шырша осының бір дәлелі іспетті.

Ертегілер еліндегі бір күн

Жаңа Жыл 

Жарылқасын!

Қош келдің, тауық жылы!   суреттерді түсірген н.Тұрғынбек.

Жасыл шырша, жайнашы!   суреттерді түсірген о.макарова.

Сондай-ақ жаңа жылдық кеште көп балалы және аз қамтылған 

отбасылардың балалары да болды. Жаңа жылдық шыршаны қала 

әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімі  ұйымдастырды.  Әрбір  бүлдіршінге  мерекелік  көңіл-

күй сыйлаған кештің соңы Аяз атаның сыйлық таратуымен 

тәмамдалды. Бір жылға ұмытылмас әсер сыйлаған жаңа жылдық 

кеш әр баланың жанында жатталатыны сөзсіз. 



аялы алақан

«Афелья» кафесінде облыстық «Қамқор ана» мүгедек балалары 

бар аналар және жалғызбасты мүгедек әйелдердің ерікті қоғамдық 

бірлестігі Жаңа жылға арнап бүлдіршіндерге дастархан жайды. 

Жалпы «Қамқор ана» қоғамдық бірлестігінде облыс бойын-

ша баланың церебральды салдануы мен онкологиялық ауруға 

шалдыққан  мыңнан  астам  бала  бар.  Шыршаға  «Парасат» 

колледжінің студенттері арнайы дайындықпен келіп, балаларға 

мерекелік көңіл-күй сыйлады. Концерттік бағдарлама бары-

сында Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар 

бүлдіршіндерді ертегілер еліне жетеледі. Ән айтып, шыршаны 

айнала би билеген балақайлардың қуанышында шек болмады. Ал 

шараны ұйымдастырушы «Қамқор ана» қоғамдық бірлестігінің 

президенті Әсия Мамраймова барлық келушілерді құттықтады.

– Біздің бірлестіктегі әрбір бала ерекше назарды қажет етеді. 

Бүгінгі  мерекелік  шара  олар  үшін  бейтаныс  әлемнің  есігін 

ашқанмен бірдей. Аналарымен келген балақайлардың қуанышты 

жүздерін көріп көңілің қуанады. Өткен жыл еліміз үшін, об-

лысымыз үшін берекелі де мерекелі жыл болды. Келіп жеткен 

тауық жылы бүлдіршіндерімізге денсаулық алып келсін! – деді 

Әсия Омарқызы.

Сондай-ақ шыршада облыстық әділет басқармасы, №1 

қалалық  балалар  ауруханасы  мен  Т.Рысқұлов  атындағы 

саябақ және №3 автопарк директоры Айдын Алтай балаларға 

сыйлықтар үйлестірді. Жаңа жылдық кешке барлығы 35-тен 

астам бүлдіршін қатысты. Қалған балақайларға қоғамдық 

бірлестік мүшелері сыйлықтарды үйлеріне жеткізіп берді. 


Жаңа баспана.   суретті түсірген н.Тұрғынбек.

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №1 (1341), 5 қаңТар  2017 Жыл  //

Қала-ҚаРбалас

3

ЭкспорТ көлЕмі 



Елу пайызға арТады

 

„

«Жамбылгипс» ақ базасында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының 



аясында гипс және микрокальцит өндіретін екі жаңа цех ашылды. осылайша, Жамбыл өңірі 

өнеркәсіптік ауқымда микрокальцит өндіру жобасын қазақстан бойынша алғашқылардың бірі болып 

іске асырды.

Шынболат СеЙдУалИев

2016  жылдың  7-8  қыркүйек 

аралығында  Бразилияның  Рио-де-

Жанейро қаласында өткен XV жазғы 

Паралимпиада  ойындарында  100 

метр қашықтыққа еркін жүзуден әлем 

рекордын жаңартып, ел тариxында 

тұңғыш рет Паралимпиада чемпио-

ны атанған Зульфия Габидуллинаға 

облыс  басшылығы  мен  «Бином» 

ЖШС  демеушілік  жасап,  жер  үй 

салып  берді.  Чемпионның  жаңа 

үйі  Айша  бибі  көшесі  бойынан, 

нақтырақ айтқанда, «Тараз-Арена» 

спорт кешені маңайынан орын тепкен. 

Бас-аяғы 20 млн. теңге жұмсалған 

үйде мүмкіндігі шектеулі жандарға 

барлық  жағдай  жасалған,  кең  әрі 

жарық 5 бөлмесі бар. 

Зульфия  Габидуллинаның  өзі 

жерін таңдап, жобасын жасаған үй 

ірі  панельді  арнайы  Германияның 

теxнологиясымен  бой  көтерген. 

Сондай-ақ бөлмелеріне жылы еден 

де  төселген.  Тіпті,  бір  бөлмесі 

жаттығу жасайтын құрылғылармен 

жабдықталған.  Сонымен  қатар 

чемпионға «Қазақстан Халық банкі» 

облыстық  филиалының  директоры 

Нұрлыбек Сейдаxмет мырза сыйлаған 

3 млн. теңгеге үйге қажетті жиһаздар 

орналастырылған. 

31  желтоқсан  күні  Жамбыл 

облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев 

пен Тараз қаласының әкімі Нұржан 

Календеров үйдің кілтін салтанатты 

түрде табыс етті. Аймақ басшысы чем-

пионды құттықтап, алдағы уақытта 

болатын байрақты бәсекелерде жеңіс 

туын желбірете беруін тіледі.

- Зульфия Габидуллина Бразилияда 

өткен XV жазғы Паралимпиада ойын-

дарында 100 метр қашықтыққа еркін 

жүзуден әлем рекордын жаңартып, ел 

тариxында тұңғыш рет Паралимпиада 

чемпионы атанып, туған жерге келген 

оны біз әуежайдан күтіп алған кезде 

«жер  үйім  болса»  деген  арманын 

айтқан болатын. Ал ол үйі «Тараз-

Арена» спорт кешеніне жақын болса 

деген ниетін де жеткізген еді. Міне, 

бүгін  жеңімпазымыздың  арманы 

орындалып,  спорт  кешенінің  тура 

жанынан баспаналы болды. Мұнымен 

Зульфияның арман-мақсаты тоқтап 

қалған жоқ. Алдағы уақытта болатын 

келесі  Паралимпиада  ойындарына  

қатысам деген жоспары да бар. Ол 

бәсекеде де топ жаратынына сеніміміз 

мол, - деді Кәрім Нәсбекұлы. Сондай-

ақ  өңір  атқамінерлері  Зульфия 

 

„

облыс әкімі кәрім көкірекбаев паралимпиада 



ойындарының жеңімпазы зульфия Габидуллинаға жеке үй 

салып берді.

армандар орындалады

тың бастама, қуатты қадам.   суреттерді түсірген В.Барбаш.



Нұржан СерІКХаНҰлы

Бұған қоса, зауыт санаулы уақытта 

перлит шығару цехын да іске қоспақ. 

Ал әртүрлі химиялық кәсіпорындарға 

арналған шикізаттың бірегейі санала-

тын микрокальцит бұған дейін Алматы 

облысында ғана шағын партиялармен 

шығарылып келген екен. Іске қосылған 

цехтардың  жалпы  құны  2500  млн. 

теңгені құрайды. Олардың жобалық 

қуаттылығы - 270 мың тонна өнім.  

Қазірдің өзінде дайын өнімді жеткізуге 

қазақстандықтардан    40-тан  астам 

тапсырыс келіп түсіпті.  Игі бастаманы 

қолдап, жаңа өндірістің жұмысына 

бел шеше кіріскен еңбек ұжымының 

қуанышымен  бөлісу  салтанатына  

облыс әкімінің орынбасары Тимур 

Жанке  бастаған  бір  топ  атқамінер 

азаматтар қатысты. Алғашқы сөзді 

тізгіндеген  Тимур  Амантайұлы 

Индустриалды-инновациялық даму 

мемлекеттік бағдарламасы аясында 

облыста жүзеге асып отырған жүйелі 

жоспарлар мен инвестициялық жоба-

ларды тілге тиек етіп, ел аумағында 

бұрын-соңды  болмаған  өнімдерді 

шығаруға мықтап бекінген өндіріс 

басшысы мен еңбек ұжымына алғыс 

айтып, олардың тың бастамасы мен 

қуатты қадамына табыс тіледі. 

-  Индустриалды-инновациялық 

мемлекеттік бағдарламасы аясында 

төрт өндірістің екеуін іске қостық. 

Бірінші өндірістің жылдық қуаты - 50 

мың тонна. Бұл - Қазақстанда бірінші 

және ең ірі болып бой көтерген за-

уыт. Екінші гипс өндіретін цехтың 

жылдық  қуаты  -  170  мың  тонна. 

Зауыттың  барлық  технологиясы 

толығымен  автоматтандырылған. 

Шығатын тауарлардың сапасы жоғары, 

экологиялық  таза,  экономикаға  да 

пайдасы орасан. Қалған екі цехтың 

бірі - перлит өндірісі. Ол өнім елімізде 

бірінші рет шығайын деп отыр. Бұған 

дейін еліміздің құрылыс саласының 

мамандары  бұл  өнімді  Түркиядан 

әкелетін.  Енді  өзімізде  өндіріледі. 

Одан кейінгі өндіріс құрғақ құрылыс 

қоспаларын  дайындайды.  Оның 

жылдық қуаты - 100 мың тонна. Соңғы 

екі аталған өндірісті 2017 жылдың 

ақпан айында іске қосамыз. Жалпы 

цехтардың жұмысы толығымен ақпан 

айында басталады. Перлит цехы бірінші 

құрғақ құрылыс қоспаларын жасауға 

және тұрғын жайлар мен ғимараттар 

қапталатын жылытқыш ретінде, ауыл 

шаруашылығы  жылыжайларында 

ылғалдықты сақтауға  қолданылады. 

Микрокальцит лак бояғыштары мен су 

эмульцияларын өндіреді. Дағдарысқа 

дейін  біз  өніміміздің  25  пайызын 

Ресей, Қырғызстан, Түркіменстанға 

экспорттап келдік. Енді экспорттық 

өнімдердің көлемі елу пайызға дейін 

артады.  Жаңа  зауытқа  елу  жоғары 

білімді  маман  жұмысқа  алынады. 

Бұрын 60 жылдық тарихы бар біздің 

зауытта 750 адам жұмыс жасап, осы-

дан бес есе кем өнім өндірсе, қазір 

елу адамның өзі өнімді бес есе көп 

шығарады. Себебі негізгі жұмысты       

Еуропадан алынған сапалы құрылғылар 

атқарады.  Жоба  құны  -  2  млрд.                                                                                  

600 мың  теңге. Оның 1 млрд. теңгесін  

Халық банкінен  жеке несиеге алдық. 

800 млн. теңгеге аппаратураға  лизинг 

ретінде мемлекеттік бағдарламалар 

арқылы қол жеткіздік. Ал 700 млн. 

теңгесі зауыттың өз қаржысына іске 

асырылды, - дейді «Жамбылгипс» АҚ 

президенті Қайнарбек Құсайнов.

 Айта кетсек, бүгінгі күні өңірде 

512 млрд. теңгеге 34 индустриалды-

инновациялық жоба іске асырылып, 5 

жарым мыңға жуық жаңа жұмыс орны 

ашылған. Ал 2016 жылдың қаңтар-

қараша аралығындағы кезеңде облыс 

кәсіпорындары 308643,4 млн. теңгеге 

өнім өндірсе, оның 70 пайыздан аста-

мын жаңа өндірістер ашылып жатқан 

өңдеу өнеркәсібі құрап отыр.   

Габидуллинаның  шаңырағында 

қонақ болып, дәмнен ауыз тиді.

Армандаған  баспанасына  қол 

жеткізген  чемпионның  өзі  мұндай 

дәрежеге жетуінің сырын армандай 

білумен, сол аласармас арманға жету 

жолында келеңсіздіктерге мойымау-

мен түсіндірді.

-Адамдар  армандай  білуі  керек. 

Түбінде ол арман орындалады. Ол 

үшін аянбай еңбек ету басты шарт. 

Мен де армандадым. «Тараз-Арена» 

спорт кешенінің бассейнінде жаттығу 

жасап жүріп, нақ осы жерде өзімнің 

үйім  болса  деп  қиялдайтынмын. 

Бүгін  сол  қиялым  іс  жүзіне  асып, 

дәл  сол  жерден  үйлі  болып  отыр-

мын. Ол үшін облыс басшылығына 

алғысым зор. Бүгінде облысымызда 

спортшыларға жақсы жағдай жаса-

лып жатыр. Сондықтан менің жеткен 

жеңісім – ортақ жеңіс, баршамыздың 

жеңісіміз. Осыншалықты дәрежеге 

жетуіме  үлкен  еңбек  етіп  жүрген 

жаттықтырушым,  ҚР  Еңбек  сіңір-

ген  жаттықтырушысы  Саттар 

Бейсенбаевқа айтар алғысым шексіз,- 

дейді Зульфия Габидуллина. Спорт-

пен шұғылданып жүргеніне 25 жыл 

болған  ол  баспаналы  болатынын, 

оның  өзі  армандаған  жерінен  бой 

көтеретінін  естігенде  бастапқыда 

сенбеген екен. 

- Нақ осы жерден үй соғылатынын 

естігенде, сенбестен басымды төмен 

салып  тұра  бердім.  Көзіме  еріксіз 

жас та келді. Өйткені мен сенбедім. 

Жаттықтырушым «басыңды көтер» 

деді. Сөйтіп барлығының шын екенін 

айтып құттықтады. Бастысы, қызым 

қатты қуанды, - дейді чемпион.  

Ал үйге қажетті көркейтулер бой-

ынша  жұмыстарды  2017  жылдың 

көктем  айларында  «Бином»  ЖШС 

жалғастырады екен.


Қоғам

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №1 (1341), 5 қаңТар  2017 Жыл  //



Шынболат СеЙдУалИев

Журналистермен  болған  басқосуда  әуелі 

Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш 

Аралбекова  мекеменің жыл барысында жүзеге 

асырған жұмыстары туралы баяндап берді. Оның 

айтуынша, отандық тауар өндірушілерді қолдау 

бағытында нәтижелі жұмыстар қолға алынған. 

Атап айтқанда, палата жанынан жергілікті тауар 

өндірушілерді қолдау мақсатында облыс әкімінің 

орынбасары Тимур Жанке төрағалық ететін арнайы 

комиссия құрылып, жұмыс істеуде. Нәтижесінде, 

үстіміздегі жылы отандық тауар өндірушілердің 

тауарлары  мен  қызметтерін  пайдалану  көлемі 

30,7 пайызға артқан. Жергілікті тауар өндірушілер 

бас мердігерлермен жалпы сомасы 945 668 408 

теңге болатын 8 келісімшартқа қол қойған. Бұл 

жыл басынан бері құрылыс саласында жасалған 

келісімшарттардың 15,7 пайызын құрайды. Ал бас 

мердігерлер мен отандық жеткізуші компаниялар 100 

пайыз жамбылдықтар екен. 

-  Кәсіпкерлікті  дамыту  картасы  өңірдің 

экономикалық ерекшелігін айқындап берген. Бұл 

шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы шешуші 

қадамдардың бірі болды деп айтсақ та болады. Бүгінгі 

таңда аталмыш картаға туризм, агроөнеркәсіп кешені, 

қызмет көрсету салалары бойынша жалпы сомасы 

12,4 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба кіріп отыр, - 

дейді Қ.Аралбекова. 

Жиында Карлығаш Әмірқызы ауыл кәсіпкерлерінің 

сауаттылық деңгейін арттыру бағытында атқарылған 

жұмыстарға  да  тоқталды.  Жамбыл  облыстық 

кәсіпкерлер палатасы үстіміздегі жылдың шілде-

қараша айлары аралығында агроөнеркәсіп кешенінің 

13 басым бағыты бойынша 55 оқыту семинарын 

өткізген. Бұл семинарларға отандық және шетелдік 

білікті мамандар шақыртылған. Сонымен қатар, 

үстіміздегі жылдың шілде айында Жамбыл облыстық 

кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігінің қаржы 

баскармасының бірлескен жарғылық капиталы 

негізінде «Атамекен Тараз» шағын несие ұйымы өз 

жұмысын бастапты. Бүгінгі таңда несие алу бойын-

ша келіп түскен 34 өтініштің несие комитеті 26-сын 

қанағаттандырған. 

Палата мамандары прокуратура органдарымен 

бірлесіп те жемісті жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, 

облыс прокуратурасы жанынан құрылған жедел 

топтың құрамында 6 шақыртуға қатысып, оның 

2-інде заң бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар 

қабылданыпты. 

Адами капиталды дамыту бағытында дуальды 

оқыту жүйесінің жол картасына 31 колледж енген. 

197  кәсіпорынмен  27  мамандық  бойынша  992 

келісімшарт жасалып, 2530 оқушы қамтылған. 

Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен бір колледж 

ұжымдық басқаруға берілсе, екі кәсіпорында оқу 

орталықтары, орта мектептерде 46 кәсіптік бағдар 

кабинеті ашылған. Сондай-ақ тауар экспорты бойын-

ша 154 кәсіпкерге қызмет көрсетіліп, отандық тауар 

өндірушілерге жергілікті маңызды қамту бағытында 

180 сертификат берілген. 

Баспасөз  жиынында  Жамбыл  облыстық 

кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын 

қорғау жөніндегі кеңесінің жұмысы туралы кеңес 

мүшесі,  облыс  прокурорының  көмекшісі  Абай 

Алтаев  баяндады.  Оның  мәлімдеуінше,  есепті 

мерзімде кеңестің 5 отырысы өтіп, онда 11 өзекті 

мәселе қаралған болса, оның 7-і лайықты шешімін 

тауып, 1 мәселе әлі прокуратура қарауында екен. Ал 

3 өтініш қанағаттандырусыз қалған. Мұнымен қоса, 

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік 

кеңесінің атқарған жұмысы туралы Өңірлік кеңес 

мүшесі, «Жамбыл Жарық Сауда-2030» ЖШС ди-

ректоры Жұмағали Сабалақов баяндады. Жұмағали 

Бекенұлының айтуынша, Өңірлік кеңес 2013 жылдың 

7 қарашасында құрылған, құрамына 25 кәсіпкер 

кіретін кеңеске «Қазфосфат» ЖШС бас директоры 

Мұқаш Ескендіров төрағалық етеді. Үстіміздегі 

жылы кеңестің 9 отырысы өтіп, онда өңір экономи-

касы, агроөнеркәсіп кешені, туризм салаларының 

өзекті мәселелері қарастырылып, шешу жолдары 

ұсынылған. Сондай-ақ Жамбыл облысы кәсіпкерлер 

палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің жұмысы 

жайлы кеңес мүшесі, «Дана-дель» ательесінің ди-

ректоры Бақыткүл Тоқтыбаева мәлімдеді. Ол Іскер 

әйелдер кеңесінің жыл ішінде жасаған жұмыстары 

туралы кең көлемді ақпарат берді.



 

„

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы, өңірлік кеңес, кәсіпкерлер  құқығын 



қорғау жөніндегі кеңесі және іскер әйелдер кеңесі 2016 жылы атқарған жұмыстарын 

қорытындылады. 

ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің 2016 жылы 29 наурыздағы 

хаттамалық тапсырмасына сәйкес Жамбыл политехникалық колледжінде 

«Есептеу  техникасы  және  бағдарламалық  қамтамасыздандыру»  және 

«Ақпараттық  жүйелер»  мамандықтары  бойынша  ағылшын  тілінде 

эксперименттік оқыту  басталды. Осы мақсатта 2016-2017 оқу жылына 

аталған мамандықтар бойынша ІТ-мамандарын даярлауға  мемлекеттік 

білім беру тапсырысы бөлініп, 9-сынып негізінде 100 талапкер қабылданды. 

Колледжде үш тілде білім беруді жүзеге асыру мақсатында 1-курста ин-

форматика пәні ағылшын тілінде оқытылуда. 

«Білімді  маман  –  Мәңгілік  Елдің  болашағы»  тақырыбындағы 

«Ақпараттық жүйелер»  циклдік комиссиясының онкүндік аясында 24 

қараша  күні  тілдерді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасын  кеңінен 

насихаттауға және Мемлекет басшысының «100 нақты қадам: баршаға 

арналған қазіргі мемлекет» Ұлт жоспарында ұсынылған үш тілде білім 

беру  саясатын  ілгерілету  мақсатында    «IT-мамандықтары  бойынша 

студенттердің  үштілділік  құзыреттілігін  қалыптастыру»  тақырыбында 

дөңгелек  үстел  ұйымдастырылды.    Дөңгелек  үстелде  арнайы  пән 

оқытушыларының «ІТ-мамандықтары бойынша студенттердің үштілділік 

құзыреттілігін  қалыптастыру»  тақырыбындағы  жобасы  талқыланды. 

Жоба  ІТ-мамандарының кәсіби мамандандырылуын оқытуды және кәсіби-

бағытталған лексиканы игеруді қамтиды. Жоба дайындық, эксперименттік-

тәжірибе,  қорытындылау    кезеңдерінен  тұрады.    Дайындық  кезеңінде   

қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, информатика пәні оқытушыларынан 

эксперименттік-шығармашылық топ құрылды.  «Тіл дамыту орталығы», 

«Кәсіпқор» Холдингінің  ұйымдастыруымен  арнайы пән  оқытушылары  

ағылшын тілі  бойынша біліктілікті көтеру курстарынан өткенін мәлімдеді. 

Сонымен  қатар  информатика  және  ағылшын  тілін  біріктіріп  оқытуға 

бағытталған әдістерге көп көңіл бөлінді. «Кәсіпқор» Холдингінің  штат-

тан тыс тренері А.Ильяс  «Сабақты ағылшын тілінде өткізудің белсенді 

әдістері», информатика пәнінің оқытушысы А.Умбетова «Информатика 

пәнін оқытуда CLIL әдісін қолдану», арнайы пән оқытушысы  Т.Ашимова 

«Командалық оқыту әдісі «Team TEACHING»  тақырыптарындағы баянда-

малары қызықты  әрі маңызды болды. Дөңгелек үстелге Тараз мемлекеттік 

университетінің «Ақпараттық жүйелер»  кафедрасының  ғалым-ұстаздары 

қатысып, үш тілде білім беру мәселелері туралы ойларын ортаға салды. 

Үш тілде дайындалған информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендері 

көрмеге қойылды. Сондай-ақ «Информатика ағылшын тілінде»  пәндік 

олимпиада ұйымдастырылды. 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал