Ең үздік ғылыми жоба «Мәшһүр Жүсіптің көріпкелдігі» Орындаған: Мұқатай А


Жаңа айтып өткеніңіздей насихаттау керек деп жатырсыз. Осыған байланысты Мәшекең туралы көркем фильм түсіру жоспарда бар ма?



бет12/14
Дата09.05.2022
өлшемі51,67 Kb.
#33160
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Жаңа айтып өткеніңіздей насихаттау керек деп жатырсыз. Осыған байланысты Мәшекең туралы көркем фильм түсіру жоспарда бар ма?

– Әрине. “Құнанбай” фильмі түсірілді, сол сияқты Мәшһүр Жүсіп туралы көркем фильм түсіру керек. Ол үшін Мәшекеңнің жүрген ізін, кітаптарын оқу қажет деп ойлаймын. Ат үсті түсірген болмас. Бәрін зерттеп, мәшһүртану ғалымдарынан кеңес алып көркем фильм түсірілу қажет. Қанша жыл өтті. Неге жоқ?! Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы оған лайық тұлға!

20-томдығына сұраныс көп. Мақал-мәтелдер, фольклористика, Ер Тарғын, Қозы Көрпеш, Қыз Жібек, одан кейін келеді дағы Жиренше, хандық дәуір, Кенсары, Едіге, Абылай хан… Кім жоқ?! Таң қаласың! Бәрін жеке-жеке қарастырады… Дінді бөлек қарастырады. Орыс әдебиетінен хабардар және олардың мақал-мәтелдері, жұмбақтары мен жаңылтпаштарын зерттеген. Одан кейін өзінің бала-шағасына байланысты, ата-бабалары, жүрген жері, оңтүстікке, Орта Азия сапары.. бәрін сипаттап отырған. Осылардың барлығын зерттеп, оқып, ізденіп барып кино түсіру керек деп ойлаймын. Әйтпесе, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің тұлғасы шықпайды. Ол бүкіл тарихымызды жинап кеткен тұлға. Қалмақтар туралы да деректері жетерлік. Сондай-ақ, жер-су атауларын жинап, қай қала қалай аталған, Ресейдегі, Еуропадағы жер-су атауларын, Гималай тауларының биіктігін, өзен-суларға дейін зерттеген. Одан кейін араб грамматикасын жазған. Осы айтып отырғаныма қарап Мәшекеңнің қандай ғұлама екенін ойлай беріңіз. Мәшһүр Жүсіптің келбетін, бейнесін шығару үшін оның 20 томдық еңбегін оқу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет