Ең үздік ғылыми жоба «Мәшһүр Жүсіптің көріпкелдігі» Орындаған: Мұқатай А


Мәшһүр Жүсіп бабамыздың философиялық еңбектері жайлы не айтуға болады?



бет7/14
Дата09.05.2022
өлшемі51,67 Kb.
#33160
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Документ Microsoft Word (3)

Мәшһүр Жүсіп бабамыздың философиялық еңбектері жайлы не айтуға болады?

– Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларына қарап отырсаңыз, бәрі философия. Бірақ соның ішінде бөліп алу керек. Мысалы, дін туралы айтылғаны нақты философия, оны ұғыну қиын. Мәшһүр Жүсіпті, Шәкәрім, Абайды оқымайсыңдар, деп балаларға ұрсамыз. Ол заңдылық та. Оны қалай оқу керек? Мысалы, Абайды оқу үшін Абайдың жолымен жүру керек. Қазір Абайдың өлеңдерін оқығанымда кейде қиналамын, кейбірін ұқпайсың. Сол секілді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының дін туралы, пайғамбарымыз туралы кейбір ауыр-ауыр өлеңдерін оқу шынында да өте қиын. Сондықтан, оларды оқу үшін ол кісілердің ізін, кітаптарын қайталау қажет. Осы кісілердің дәрежелерінде болуың керек. Сол кезде ұғынықты болады. Мысалы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы оқуларында дінге қатысты терең-терең ғылыми cөздерде сүрініп жатады. Неге? Өйткені, оның ішінде терминдер, ұғынықсыз сөздер көп. Оның бәрін ұғындыру керек, айту керек. Түсіндірме жұмыстарын жүргізіп барып, оқыту қажет деп ойлаймын. Бір нәрсені жаттау үшін алдымен оның мазмұнын білу керек қой. Және сөз саптаулары, сөйлеу мәнерлері өте терең. Мысалы: «Сүйіспесе қонақ білмейді. Езу тартып күлмейді» дегені бар жазып алғандарында. Сөз саптасы мүлдем бөлек. Ал діни шығармаларының жөні тіптен бөлек. Мәшһүр Жүсіп оқыған оқуды тауысу, ақын білгенді біл деудің өзі астамшылық. Дегенмен, оқырман өзіне лайықтысын тауып, есіне сақтауда. Айталық, Абайдың қарасөздерін менің өзім шыны керек толық меңгерген жоқпын. Ішіндегі араб парсы сөздерімен жазылған қағидаларды меңгеру аса қиын. Сондықтан Мәшһүр Жүсіп те, Абай да, Шәкәрім де сол кездегі өте жоғары дәрежелі білім алған тұлғалар. Абай айтады:

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес.

Менімен менікінің айырылғанын,

Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес, — дейді.

Жауабы басқа өлеңнің ішінде:



Ақыл мен жан — мен өзім, тән — менікі,

«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі.

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі».

Міне, жұмбақ секілді. Ал бірақ осыны таратып оқысаң сұмдық қой.Бұндай өлең шумағы Ахмет Байтұрсынұлында да бар. Абайды оқығаннан соң ол кісі қатты берілген екен.Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мақсаты – елден естіген мұраларды түсіре беру, сақтау болған. Ол кісі өзінің миссиясын орындады. Ал енді соны ары қарай орын-орнына қойып зерттейтін текстология деген үлкен ғылым бар. Сонда 20 томдығына бір-бір кітап шығу керек деп ойлағанбыз. Кемшілігі болмайды емес, болады. Оны зерттеу керек, елеп-екшеу қажет. Демек, «Мәшһүр Жүсіп шығармаларының текстологиясы» деген 50 томдық зерттеулер жинағын шығару мақсаты алда тұр.

Мәшһүр атамыздың бүгінгі ғалым ұрпақтары туралы білгіміз келеді. 1937 жылғы қазақ оқығандарының отбасын түгелдей құртты, бала-шағасын айдау мен қуғын-сүргінге ұшыратты. Әулие атаның ұрпақтарының бұл кесапаттан аман қалуының сырын немен түсіндіруге болады?

– Бұл кісілердің фамилиясындағы Мәшһүр есімі ауыр болған. Сол үшін Жүсіп деп жүрді. Өйткені Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұрпақтары деп қуғындаған.Үлкені Мұхаммедшәрәпиден, кейінгісі Мұхаммедәмен, одан кейінгісі Мұхаммедфазал. Мұхаммедәмен деген ортаншы ұлы кезінде Ғани Мұратбаевпен бірге Ташкентке барып оқыған, өте білімді адам болған. Маған бұл білгенім аздық етті дейді. Кедейлерге болысамын деп қастандықпен жаудың қолынан қаза тапты. Жүсіпбек Аймауытов ол туралы “Ақ жол” газетінде қазанама берді. Мұхаммедпазыл (Пазыл) ағамыз Қуандықтың әкесі. Кезінде Ленин орденіне ие болған. Бірақ сол кезде оларды Мәшһүр Жүсіптің ұрпағы деп өсірмей, оқытпай тежеп қысым жасап келді. Олар 1955-1956 жылдары ақталды. 1960 жылдардан бастап кеңшілік орнап, ұрпақтары оқи бастады. Оған дейін тежеу болды, қуғындалды. Сол кезде Мәшекеңнің моласы бұзылды. Ұрпақтарының басынан өте ауыр жағдай өтті. Мәшһүр Жүсіп «Бір ұлым бар өте туған, бір ұлым бар жете туған, бір ұлым бар кете туған» депті. Бұл сөзінің де астарлы мәні бар. Үш әріп тиіспесін деген сақтық болса керек. Әйтпесе, кете туған ұлдары жоқ қой, бәрі де өте туған.

Мәшһүр атамыз өмірден өтер алдында жаназасын шығартып, зиратын белгілетіп, өсиет қалдырғанын білеміз. Осы жайлы айтсаңыз. Ол кісінің космогониялық құбылыстармен байланысы болғанын қалай сендіруге болады?

– Мәшекең Ескелдідегі биік таудың үстінде жерленгенін қалап, айтып кеткен екен. Бұл таудың аты да жоқ, “Есі келді” (Ум пришел) деп өзі қойған. Басқа кісі болса жазық жерге жерлене салушы еді. Германиядан келген ғалымдардың айтуынша, мына жерге күннің сәулесі тікелей түсіп тұрады екен. Сол жерге космогониялық құбылыстармен күн мен айдың тікелей сәулелері түсіп тұратын болу керек. Салқын, оның мүрдесінің бұзылмай жатуы, өзінің денесін сол жерге қойдырып, қара месін Мұхаммедшәрәпиден (Шәрәпиденге) тапсырған. Мәшһүр Жүсіптің ұстазы Нәжімеден, Қарамариден қажы болса, ұстазы Исабек ишан болса, онда ақынның кім екенін болжай беріңіз. Мәшһүр Жүсіп «Бұхардан» оқудан кеткен де ұстаздары «Жақсы шәкірт кетті» деп налыпты дейді. Мәшһүр Жүсіптің оқуы күшті, дұғаны білген, Құранның бізге беймәлім, ашылмаған сыры әлі көп. Тіпті, ғалымдар Құранның құдіретіне қайран қалуда, таң қалуда. Ал Құранды терең білген адам, он сегіз мың ғаламның тілін біледі. Мана география оқулығын бастағанын айттым. Әлемнің физикалық заңдылығын білген. Жер бедерін, табиғатты таныған адам. Өзінің мәңгілікке жататын орынын жылдар бойы зерттеп білген. Сөйтіп, осы жерге жатсам деген ойда болған. Шынында да Ескелді ерекше тамаша жер. Шөбі шүйгін, бұлағы қасында, жоталары жарысқан, өзі жарасқан жер.

Келіні Ақзейнептің қолында дүниеден өткен. Дәретімді алайын, бәрің шыға тұрыңдар депті. Артынан үлкен ұлы Шәрәпиден келсе, көзінше ұйқыға кеткен дейді. Бұл 1931 жылдың 17 қарашасында болған. Ұйықтап қана кеткендей болып, ешқандай қиналыссыз, ауру-сырқаусыз дүниеден өткен. Ешбір жанға салмағын салмаған. Жақсы адамның өмірден озуы да жеңіл болатын болуы керек. Оның үстіне Құранның аяттарын, сүрелерін жатқа білген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет