Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық қабілеті мен логикалық ойлауын, есте сақтауын, есептеу дағдыларын дамыту.
Міндеттері: Оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге катысты сапаларын дамыту;
Мемлекеттік білім стандарты деңгейді білім, білік және дағдыларын игерту;
Математикалық білімге қызығушылығын арттыру;
Ой-өрісін кеңейту;
Өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту;
Тапқырлыққа тәрбиелеу;
Математиканың өмірмен байланысын көрсету.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар есептерге талдау жасай білу, шығару жоспарын құра білу, қорытынды жасай білуге үйрену керек;
Өмір мен қоғамға аса қажетті мәселелерді математика ғылымына тән жан-жақты талдайды;
Мақсат қоя білу;
Байқағыштыққа,тапқырлыққа берілген есептерді шеше білу;
Логикалық есептерді шеше білу;
Өз бетімен және ұжымда жұмыс істей білу;
Математикалық ой-өрісін кеңейту;
Математикалық білімін толықтыру;
Қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білу;
Есте сақтау қабілеттері дамиды.
Оқушылардың дайындықтарының деңгейіне қойылатын талаптар: Қызықты математика курсын оқытудың нәтижесінде алған білімін тиянақтай алуы;
Арифметикалық амалдармен жаттығуға амалдарды қолдана білуі;
Әзіл есептерді шығара білуі;
Ребустар құрастыра білуі;
Логикалық есептер құрастыра білуі;
Логикалық тұжырымдамалар жасай білуі;
Таразымен қатты денелерді өлшей білуі;
Шырпыға байланысты есептерді шығара білуі;
Есептерді теңдеу құру арқылы шығара білуі.
Зерттеу мақсатына сай күтілетін нәтижелерді бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері: 1. Қызықты математика курсына оқушының қызығуы;
2. Оқушының шығармашылық қабілетінің даму деңгейі;
3. Оқушының өзін - өзі бағалауы.