Әбдісәмет Диана жхм-912 Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар


Ахмет Иүгінекидің « Ақиқат сыйы» атты еңбегінің тәрбиелік мәні



бет4/4
Дата07.01.2022
өлшемі51,33 Kb.
#17392
1   2   3   4
Байланысты:
Әбдісәмет Диана этнопед4

Ахмет Иүгінекидің « Ақиқат сыйы» атты еңбегінің тәрбиелік мәні
Ахмет Иүгінеки (Ахмет Махмұтұлы Жүйнеки) ХІІ ғасырдың аяғы мен ІІІ ғасырдың басынды өмір сүрген өз заманында асқан білімпаз, ғұлама оқымысты болғандықтан “Әдиб Ахмет” (оқымысты, жазушы Ахмет) деп аталған, есімі өз кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне белгілі болған данышпан кісі, яғни ақындардың ақыны, даналардың көш басы.

Ғұлама ақын Сыр бойындағы белгілі қалалардың бірі Жүйнекте (қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданы) туып, өскен. Жасынан зағиптық мехнатын тартқан кісі.

“Гаухардан сөз теретін, одан ешкім озбады” деген халық аузындағы қалған сөз, ақынның асқан дарынды екенін дәріптеуден шыққан. Ақынның біздің заманымызға жеткен “Хибатул – хақайық” (“Ақиқат сыйы”) атты кітабы – тәлім-тәрбие, адамгершілік, білім, кісілік туралы өнегелерді өлең өрнектерімен айтып, ұрпақты ұлағаттылыққа тәрбиелейтін аса құнды, данышпандық ойларға толы даналық мұра. Кітаптың аты араб тілінде қойылғанмен, ондағы өлеңдер орта ғасырдағы түркі тектес халықтардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркілерінің тілінде жазылған. Түрік ғалымы Рашид Арат Рахмат дастанының толық текстін әзірлеп, оны латын әрпімен кітап етіп шығарды. “Ақиқат сыйының ” прозалық және поэтикалық аудармалары қазіргі қазақ тілінде де жарық көрді (Ахмет Иүгнеки. Ақиқат сыйы, Алматы, 1985 ж.).

Бұл даналық шығармада ақын тәлім-тәрбиенің негізі-адам болуға, кісілікке тәрбиелеу екенін баса көрсетіп, ол үшін әрбір адам оқып, білім алу керек деп бастайды.

Айтайын білім жайын, құнты бар бол,

Ей, достым, білімдіге ынтазар бол.

Ашылар білімменен бақыт жолы,

Білім ал жолға түсіп бақыт толы.

Білімді – алтын, нұры ашылатын,

Білімсіз – қара бақыр шашылатын…

Жүрсе де тым шіреніп,

Білімсіз жан – тірі өлік, –


деп, ақын білімсіз, надан адамның адамдық бейнесі болмайтынын басып айтады. Халқымыздың “оқу-инемен құдық қазғандай”, “Оқу – білім қазығы, білім-өмір азығы” деген мақалы осы бір отты қайнар көзінен туындаған болу керек.

Ұстаз ақын халықтық әдепті өмір құбылыстарынан жоғары қояды да, әдептілік сөйлеуден, сөз қолданвстан көрінетінін ескертіп, әдепті сөйлеу үшін тілмен ой сананың жетіктігі керек екендігін уағыздайды:

Әрқашанда әдеппен

Қысқа сөйлеп әдеттен.

Байқап шығар үніңді,

Тарта сөйле тіліңді,– дейді.

Ақын “Оқ жарасы жазылар, тіл жарасы жазылмас” деп, әдепті сөйлемеген адам көңілге қаяу, жүрекке жара салатынын қатаң ескертеді. Халқымыздың “таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді” деген мақалының түп сәулесі осы бір маржан сөз нақысынан туындаған сияқты.

Тілді безеп тасыма,

Тілің дұшпан басыңа,–

деп ақын мылжыңдық, езбелік, мақтаншақтық, бөспелік, қияңқы сөз бен қыршаңқылық адамға зиян екенін ескертеді, оқушысын білімді, қисынды, инабатты, мейірімді–әдепті сөйлеуге үндейді. Сөйтеді де жақсы сөз өлмейтінін, есте қалатынын:

Ахмет Әдиб– атым, үлгі– сөзім,

Қалады мұнда сөзім, кетем өзім,–


деп дәлелдейді. “Ақынның өзі өлсе де сөзі өлмейді” деген халық мақалы. “Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Артында өлмей тұғын сөз қалдырған” деген Абай сөзі Жүйнекидің отты ойларының жалғасы. Ақын тіл туралы айтқанда, сөз өнерін жоғары бағалайды. Сөз өнерінің биік шыңын біз Абайдан көреміз.

Жүйнеки әдептіліктің бір белгісі– жомарттылық деп, жомарттықтың асыл қасиет екенін дәріптейді:

Жұмсармас иілместі жомарт иер,

Мұрат та қол жетпейтін бұған тиер.

Мақтайтын бақылдарды жан бола ма,

Сақыны ағайын, ел бәрі сүйер,–дейді.

Ақын жеке адамдардың мінез-құлқын жақсарту арқылы, оларды жомарт, мейірімді, білімді ету арқылы заманды да жақсартуға болады деп үміттенеді де, тәлім-тәрбиеге, білім беру ісіне ерекше көңіл аударады.

Тағы бір керекті сөз – айтам дастан,

Ұғып ал құлақ салып мендей достан:

Болып ал кішіпейіл өзгерместей

Аластат тәкәппарлық ойды бастан, –

дәл, ол тәкаппар, паң, өркөкірек мінезден аулақ болуды уағыздайды.

Дұшпандықты жоя біл,

Жазықтыны кешіргін:

Ақылға ден қоя біл,

Ашу өртін өшіргін, –

деп, ақын соңғы бір сөзінде жақсы мінезді қалыптастыру үшін әрбір адам өзін-өзі тәрбиелей білу қажет екенін өнеге етеді. Жақсы мінездің қалыптасуы тәрбиеге, жеке адамды тәрбиелеуші оның тегіне (тектілікке) байланысты екенін:

Тегі асыл адамның

Мінезі де сүйкімді,

Тексіз – бұзық наданның

Жоқ болады сүйкімі, –деп тұжырымдайды. Мінез құлықтың ең қасиеттісі – инабаттылық, қайырымдылық екенін қастерлеп ол:

Кемтарларды көңілдендірер ас бер де,

Үлкендердің абыройын қастерле,-дейді. Халқымыздың меймандостық, үлкенді сыйлау дәстүрлері осындай тәлім-тәрбиеден сәуле қабылдап, қасиетімен қалыптасты.

Адамды бақытқа жеткізетін игі-іс әрекеттің нәтижесі – білім деп, сөз басын білімнен бастаған ғұлама, сөз аяғында адамның адамдығын көрсететін асыл қасиет – өнер, өнер оңайлықпен келмейді, ол дарынның көрінісі болумен қатар мехнатты көп еңбкетің жемісі, шын өнерпаз адам өнер үйрену жолындағы қиындықтан қашпайды деп көрсетіп:

Өнерлі жан қиындықты көп көрер,

Өнер қуар, тірліксізді ол жек көрер, –дейді.



Ұлттық тәлім-тәрбиеміздің қайнар көзі болып табылатын ұлағатты ұстаздық ойлардың арғы тегі данышпан Ахмет Жүйнекидің осы бір кітабынан да айқын көрінеді.

Ертедегі данышпан бабаларымыздың мұхиттай мол еңбектерінің шашырандысы іспеттес болса да, “Ақиқат сыйы” кітабы үлы ойшылдардың ұлтық тәлім-тәрбиемізге бұдан былай да зор әсер ететін құнды еңбек екенін бағалай біліп, халықтық педагогикада да жалпы этностық (ұлттық) тәлім-тәрбие де оның алатын орны ерекше екенін көреміз. Тек бағалы дүниені байыптап, пайдалана білу әрбір ойлы, білімді адамның ісі. Ұлағатты ұстаздар бұл баға жетпес асыл дүниені оқыту, тәрбиелеу ісіне шеберлікпен пайдалана білетініне күмән жоқ. Тек халқымыздың ұлттық дәстүріне лайықты деп, бұл еңбекті бөліп қарауға болмайды. Бұл бүкіл адамзаттық тәлімге қажетті дүние. Шығыстың жарқын жұлдыздарының данышпандық ойларын бүкіл адамзат ардақтай білетіні кәміл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет