Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей



Pdf көрінісі
Дата20.10.2023
өлшемі0,52 Mb.
#119887


Бәріміз білетін 
" Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей"
деген өлең шумақтарынан-ақ 
Абайдың еңбекке баулу ниетін көреміз. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бұл шумақтын 
мағынасын біледі . Біле тұра,бұл сөзді жүзеге асырмай, оңай әрі арам жолмен де пайда көргісі 
келетіндер бар. 
"Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар." 
деп 
Абай айтқандай, ұрлық-қарлық, арам жолмен табылған табыстың берекесі болмайды. Кезінде 
үлкендеріміз айтып отырушы еді: "Есектің құйрығын жусаңда, ақшаңды адалынан, өз еңбегіңмен 
тап"- деп. Жалпы Абайдың барлық еңбек туралы нақыл сөздері- еңбек еткен адамның жолы 
болатынын, алдына мақсат қою керек екенін білуге жетелейді. 
Абай еңбек ете алмаған елдің бүгіні бүтін, ертеңі берік емес деп үйретеді. Оның ойынша, еңбектен 
қашып, жұмысты жек көрген адамның өмірі бір-бірін аңдумен, бір-бірін тонаумен өтеді. Абай, егер 
еңбегің елдің қажетіне, жердің қамына жұмсалмаса, ол еңбек те шын еңбек болмақ емес деп білген.
«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамшылықтың қарызына еңбек 
қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», – дейді. 
“Отыз жетінші қара сөзі”
«Әуелі өнер ізделік қолдан келсе, ең болмаса еңбекпен мал табалық» деп өнер іздеуге, адал еңбек 
етуге шақырады. Адал еңбек еткен адамның жолы болатынын, алдына мақсат қою керектігін түсінуге 
жетелейді. “
Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық”
өлеңі 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет