Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері бөлімі бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:
Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері бөлімі бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:
1. Қазақстан Республикасының заңнамасының әрбір адамға қауіпсіз еңбек жағдайына кепілдік берген. Қызметкердің тазалық пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқығын еліміздің ата заңы – Конституция, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңы жариялап, өзге де нормативтік актілер мен заңға тәуелді деп тапқан.
2. Заң актілерінен көрініс тауып отырған еңбекті қорғау саласындағы ережелер мен нормалар, өкінішке орай көбінесе декларативті сипатқа ие. Сондықтан, қазіргі таңда оларды қозғалысқа келтіретін «қозғаушы күш» керек.
3. ХЕҰ деңгейінде қызметкерлердің еңбегін қорғауға қатысты бірқатар нормативтік құқықтық актілер жасалды. Қазақстан Республикасы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталғандықтан халықаралық құндылықтарды өз заңнамасына енгізуді жолға қоюы керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Адамды адам еткен - еңбек» демекші, адамзат тіршілігінің барысында еңбек оның тіршілігінің негізгі нысаны және дамуының басты механизмі болған және болуда. Адам өзінің саналы ғұмырын рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін еңбектенумен өткізеді. Қазіргі кезде еңбекке және оның негізгі элементі қызметкерге деген көзқарастың өзі мүлде өзгеруде. Еңбек пен денсаулық бір – бірімен тығыз байланысты, өйткені еңбектің негізгі мақсаты адамға игілікті жағдайлар жасау болып табылады. Еңбек қорғау дегеніміз- тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін, оның еңбек қабілеттілігін арттыруға, денсаулығын өндірістік ортаның әсерін қорғауға бағытталған мемлекет, кәсіподақтар, мекемелер, кооператив және қоғамдық бірлестіктермен бірігіп жасалатын ұйымдастыру- экономикалық, психологиялық, эстетикалық, емдеу – профилактикалық, құқықтық және тағы басқа да шаралардың жүйесі болып табылады.
Қоғамымызда мемлекет тарапынан ерекше қорғау мен қолдауды қажет ететін жекелеген санаттағы қызметкерлер бар. Олар өздерінің ағзасының физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты еңбек қызметін жалпы негіздерде атқара алмайды. Бұндай тұлғалардың еңбегін қорғауды қызметкерлердің бәріне бірдей қолданылатын жалпы нормалармен қатар, олардың ағзасының ерекшеліктерін ескеретін ерекше нормаларды белгілеу қажет.
Қоғамның әлеуметтік қорғалмаған топтарына, яғни әйелдер, жасөспірімдер және мүгедектерге қатысты жүргізіліп отырған мемлекеттің саясаты, олардың мүдделерін қорғау мақсатымен қабылдаған шаралары бізідің қоғамымыздың адамгершілігінің, оның өркениетінің көрсеткіші болып табылады. Қазақстан Республикасының өзін әлеуметтік мемлекет ретінде бекітуі оның әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын анықтайды.