Еңбек өнімділігі – бұл кәсіпорын жұмысшыларының еңбегінің экономикалық тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш.
Кәсіпорында еңбек өнімділігінің деңгейін бағалау үшін жалпылама, жеке және көмекші көрсеткіштер жүйесі қолданылады.
Ал жеке көрсеткіш болып 1 адам-күндегі немесе адам-сағаттағы заттай нысандағы өнімнің белгілі бір түрінің еңбек сыйымдылығы табылады. Жеке көрсеткіштерге белгілі бір түрдегі өнім бірлігінің өндірісінің уақыт шығындары жатады. Жалпылама көрсеткіштерге: бір жұмысшының орташа жылдық, орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндіру көлемі, құндық өлшемдегі бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өндіру көлемі жатады. Жалпылама көрсеткіштерге орташа жылдық, орташа күндік, орташа шығатын еңбек өнімділігі жатады. Көмекші көрсеткіштерге: жұмыстың белгіленген бір түрін орындауға кететін уақыт шығындары немесе уақыт бірлігінде орындалған жұмыс көлемі жатады. Көмекші көрсеткіштерге белгілі бір өнім түрін өндіруге кеткен уақыт шығыны жатады.