Ерікті еңбек адамның өмір сүруі үшін ерекше маңызды роль атқарады, еңбексіз адам өзінің барлық адамдық қасиетінен және барлық құнынан айырылады. Еңбек адамның жетілуі үшін керекті жағдайды жасап қана қоймай, сонымен бірге адамның ар-ұятын өз дәрежесінде сақтап тұруға да көмектеседі. Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адым ілгері баса алмайды, қайта кері кетеді.