Еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және қаржыландыру. Еңбекті қорғауға арналған шығыстарды қаржыландыруды жұмыс
беруші өз қаражаты есебінен жүзеге асырады, оны ол өнімнің, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнының құрамында ескеруге тиіс.
Еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралар МСТ 12.2.003 ЕҚСЖ және еңбек
қауіпсіздігі жөніндегі басқа да нормативтік – техникалық құжаттардың
талаптарына сәйкес технологиялық, көтергіш-көлік және басқа да өндірістік
жабдықтарды жаңғыртудан тұрады және өзіне мыналарды қамтиды:
- жұмыс істейтіндердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында
өндірістік жабдықты, технологиялық процестерді, көтергіш және көлік
құрылғыларын автоматты және қашықтықтан басқару жүйелерін енгізу;
- қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың болуы және туындауы
туралы автоматты бақылау және сигнал беру жүйелерін, сондай-ақ
технологиялық және энергетикалық жабдықтың ақауы болған жағдайда оны
авариялық ажыратуды қамтамасыз ететін бұғаттағыш құрылғыларды енгізу;
- ЕҚСЖ мемлекеттік стандарттарының, электр қондырғыларын орнату
ережелерінің және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес
жұмыс істеушілерді электр тогының соғуынан қорғауды қамтамасыз ететін
техникалық құрылғыларды енгізу;
- бу, су, газ, қышқыл және басқа да өндірістік коммуникациялар мен
құрылыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру
және қорғау құралдарын орнату;
- МСТ 12.4.026 ЕҚСЖ талаптарына сәйкес өндірістік жабдықтар мен
коммуникацияларға тану бояуын және қауіпсіздік белгілерін салу;
- санитарлық нормалар мен ережелер талаптарына және басқа да
нормативтік құжаттарға сәйкес жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында өндірістік жабдықтарды орналастыруды қайта жоспарлау;
- өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, үй-жайларды, құрылыс және
өнеркәсіп алаңдарының жұмыс орындарын санитарлық нормалар мен
ережелерге және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес келтіру;
- МЕМСТ 12.0.003 ЕҚСЖ, МЕМСТ 12.3.002 ЕҚСЖ, МЕМСТ 12.1.007
ЕҚСЖ және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жұмыс
істейтіндерге қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін жою
мақсатында технологиялық процестерді жетілдіру;
- қолданыстағы объектілерде жаңа желдеткіш жүйелерін, аспирациялық
және шаң-газ ұстайтын қондырғыларды МЕМСТ 12.1.005 ЕҚСЖ талаптарына
сәйкес орнату және қолданыстағыларын қайта жаңарту;
- өндірісте пайдаланылатын улы, агрессивті, тез тұтанатын және
жанғыш
сұйықтықтарды
құю
және
тасымалдау
процестерін
механикаландыру;
2.
азаматтық қызмет – азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;
2) азаматтық қызметші – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам;
3) айлық жалақының ең төмен мөлшері – біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек жұмыскері осы Кодексте белгіленген қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек міндеттерін орындаған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төмен мөлшері;
4) арнайы киім – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқкиім, баскиім, қолғап, өзге де жеке қорғаныш құралдары;
5) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;
6) ауысымдық жұмыс – тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс;
7) әлеуметтік әріптестік – жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған, тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген өзара қатынастар жүйесі;
3.Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесi (бұдан әрi – Ереже) жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын қызметкерлер еңбек мiндеттерiн атқару процесiнде ұшыраған жазатайым оқиғаларды, кәсiби ауруларды, улану және өзге де денсаулыққа зақым келу оқиғаларын тексерудiң, ресiмдеудiң және тiркеудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.
2. Ереженiң күшi, сондай-ақ мыналарға:
1) кәсiби даярлық алып жүрген, сынақ мерзiмiн өтеп жүрген немесе жұмыс берушiде өзге де жолмен болашақ өндiрiстiк қызметке дайындалып жүрген адамдарға;
2) олар кәсiби тәжiрибеден өту немесе жұмыс берушiнiң жұмысын орындау кезiнде бастауыш кәсiптiк, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындарында оқитын адамдарға;
3) әскери қызметiн өтеумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшiлерге;
4) сот үкiмi бойынша еңбекке тартылатын адамдарға;
5) әскерилендiрiлген авариялық-құтқару бөлiмдерiнiң, әскерилендiрiлген күзеттiң жеке құрамына, авариялардың, дүлей зiлзала салдарларын жою жөнiндегi, адамдардың өмiрi мен мүлкiн құтқару жөнiндегi ерiктi командалардың мүшелеріне қолданылады.
3. Қызметкерлердiң, олардың еңбек қызметiмен байланысты және уақытша бiр және одан да көп күнге немесе тұрақты еңбекке жарамсыздығына не өлiмiне әкелiп соғатын, денсаулығына кез келген зақым келуi өндiрiстегi жазатайым оқиға ретiнде қаралады, ал оның мән-жайы мен себептерi осы Ережеге сәйкес тексеріледi.
4. Себептерiне қарай:
1) жұмыс уақытының басталар алдында немесе соңынан жұмыс орнын, өндiрiстiк жабдықтарды, жеке қорғаныс құралдарын және т.б. әзiрлеу мен тәртiпке келтiру кезiнде;
2) жұмыс уақыты iшiнде жұмыс орнында немесе iссапар уақытында не сол жерде болуы еңбек немесе жұмыс берушiнiң не жұмысты ұйымдастырушының тапсырмасымен байланысты өзге де мiндеттерiн атқарумен байланысты болған басқа жерде;
3) қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуi нәтижесiнде;
4) жұмыс уақытында, iс-әрекетi қызмет көрсететiн объектiлер арасында жүрiп-тұрумен байланысты қызметкердiң жұмыс берушiнiң тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқанда;
5) жұмыс берушiнiң көлiгiнде;
6) жеке көлiгiнде, жұмыс берушiнiң оны қызмет сапарларында пайдалану құқығына жазбаша келiсiмi болса;
7) жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша өзiнiң немесе басқа ұйымның аумағында болу кезеңiндегi, сондай-ақ жұмыс берушiнiң мүлкiн қорғау немесе жұмыс берушiнiң мүддесiне өзiнiң жеке бастамашылығы бойынша өзге де әрекеттер жасау кезiнде;
8) жұмыс орны немесе iссапар уақытында оның денесiне зақым келгенде не еңбек немесе қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердi қасақана өлтiрсе және осындай жағдайларда жарақаттары мен денсаулығына келтiрiлген өзге де зақымдар өндiрiстiк (кәсiби) ретiнде жiктеледi әрi ресiмделедi.
4.
17) жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметi процесінде өзінің еңбек міндеттерiн орындау кездегi тұрақты нeмece уақытша болатын орны;
18) арнаулы киiм - қызметкердi зиянды және қауiптi өндiрiстік факторлардан қорғауға арналған киiм, аяқ киiм, бас киiм, қолғаптар;
19) жеке қорғану құралдары - қызметкердi заңы және (немесе) қауiптi өндiрiстік факторлардың әсерiнен қорғауға арналған құралдар;
20) ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс iстеп жатқан екі немесе одан да көп адамдарды зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен бір мезгiлде қорғауға арналған техникалық құралдар;
21) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi - еңбек жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның мемлекеттiк мекемесiне ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалары;
22) еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган - еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттікті Қазақстан Pecпубликасының заңына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
23) еңбек қауiпсiздiгiнің жағдайлары - еңбек процесінде адамның денсаулығы мен жұмысқа қабiлеттiлiгiне әсер ететiн өндiрiстiк opтa және еңбек процесі факторларының жиынтығы.