грек сөзі - Gugieinos – емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым.
Ол адамды сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғайды, қолайлы жылылық жағдай қамтамасыз етеді, теріні ластанудан, механикалық зақымдалудан қорғайды. Пайдаланылуына қарай киімнің бірнеше түрлері болады: тұрмыстық, кәсіптік, спорт, балалар, әскери, ауруханалық киімдер. Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілінуі керек
Аяқ киім гигиенасы
Киімнің алмастырылмайтын бір бөлігі - аяқ киім болып табылады, ол, суық пен жылу, ылғал, механикалық әсерлерден, ластанудан, жәндіктер мен жануарлардың шағуынан қорғайды. Аяқ киімге төмендегідей гигиеналық талаптарға сай болуы қажет:
1. ауа райы мен жұмыс жағдайларына сәйкес, аяқ киім ішіндегі қолайлы ауа алмасу мен температуралық-ылғалдылық режимді қамтамасыз етуі керек; 2. аяқ ұшының анатомо-физиологиялық және жасының ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек; 3. аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы керек, қозғалысты шектеп, аяқтың қан айналымын бұзбауы керек; 4. адамға қолайсыз әсер ететін зиянды химиялық заттар бөлінетін көзі болмауы керек; 5. жұмсақ, жеңіл, ыңғайлы, жеңіл тазартылатын болуы керек; Аяқ киім үшін жоғарыда аталған барлық талаптарға сай келетін, ең жақсы материал - табиғи тері болып табылады. Ол төмен жылу өткізгіштік пен орташа ауа өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады, созылғыш болады, зиянды химиялық заттар бөлмейді.
Қорытынды
Жалпы, тазалық бар жерде — денсаулық бар деп ұққанымыз жөн.
Еліміздегі денсаулық сақтау саласын көтеруді, жетілдіруді ойласақ, оны бірінші кезекте медбикелердің білігі мен білімін көтеруден бастаған жөн дегеніміз орынды. Қазіргі таңда орта медицина мамандарын даярлайтын оқу орындары медбикелердің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды кең көлемде жүргізуге күш салуда. Осыған дейін медбикелер дайындайтын оқу орынын тәмамдаған жастардың көпшілігі дәрігер болу үшін мединститутта білімін ұштайтынды. Қазіргі таңда медбикелерге жалпылама медициналық білім берілетінін білеміз. Көпшілік қауым медбикені науқас адамға дәрігердің жазып берген дәрісін ішкізіп, укол салатын ғана адам деп ойлайды. Болашақта медбике мамандығын меңгеруге ден қойған жастарды медицинаның түрлі саласына бөліп, мамандандырған жөн.