Әбілмәмбет хан Болат ханның үлкен ұлы



жүктеу 89.46 Kb.

Дата30.01.2017
өлшемі89.46 Kb.

Әбілмәмбет хан 

Болат ханның 

үлкен ұлы.

Тәуке ханның 

немересі.

Шыңғыс тұқымының аға тармағы 

Жәдік әулетінен тарайды. 

Абылайдың билікке жетуіне себепші 

болған.

Левшин Алексей Ираклиевич (1798-1879жж.)

Кезінде А.И.Левшин: «Тәуке ханның баласы, 

Әбілмәмбеттің әкесі Болат туралы еш мәлімет таба 

алмадым, соған қарағанда ол атағын шығаратындай 

ештеңе жасамаған сияқты», деген болса,

Мухамеджан Тынышпаев(1879-1937жж.)

тарихшы,ағартушы

А.И.Левшин еңбегімен таныс М.Тынышпаев Болат ханды 

«жігерсіз, жылдам шешім қабылдай алмайтын адам» ретінде 

сипаттайды. Зерттеушілер пікірлері XVIII ғасырдағы «Елім-

ай» дастанындағы: «Сәмеке, Қайып, Болат дәрменсіз боп, 

кездейсоқ ел жағдайы оңа алмады», деген жолдармен де 

толықтырыла түседі. Соған қарамастан, Болат билікке әкесі 

Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік 

жолмен сайланып, ел қолдауына ие болған.

Әбілмәмбет ханға тікелей қатысты 

жазба деректер алғаш рет 1730-шы 

жылдардың басында орыс тіліндегі 

құжаттарда кездесе бастайды.

Ресей Сыртқы істер 

коллегиясының 1730 жылғы 

30 қазанындағы құжатында 

Әбілмәмбеттің есімі алғаш  

рет айтылып, оның 

есімінің жанына "хан" 

лауазымы қосып жазылады.    

Ол дүниеге келген жылдары қазақтың 

ресми ханы Тәуке хан болғандықтан 

Әбілмәмбеттің жас кезінен бастап сол 

кезеңдегі дәстүрге сай жақсы білім мен 

тәрбие алғаны белгілі.

Әрбір хан немесе сұлтан өз әулетінде 

дүниеге келген жас өкілді міндетті 

түрде болашақта елді,  мемлекетті 

басқара алатындай, соғыс өнері мен 

әскер басқаруды жеттік білетіндей 

етіп тәрбиелейді.

(Алексей Иванович) Тевкелев

(1674-1766 жж.) тілмаш



1731 жылы 16 желтоқсанда Бөкенбай батыр орыс 



елшісі А.Тевкелевке: «Орта жүзде екі хан: Сәмеке хан 

мен Күшік хан және екі сұлтан – Барақ сұлтан мен 

Әбілмәмбет сұлтан бар», деп нақты атап өткен.



Әбілмәмбет сұлтан әкесі Болат хан қайтыс 

болғаннан кейін, немере ағасы Сәмеке ханмен 

бірге Түркістанда тұрақтаған.



XVIII ғасырдың 30-жылдары 

Әбілмәмбет сұлтан Күшік 

ханмен де араласты. 



Күшік хан қоңырат руларын 



басқарған Тұрсын ханның ұлы 

болатын. Ал Тұрсын ханның 

өзі жоғарыда аталған Болат, 

Сәмекелермен немере бауыр, 

барлығы атақты Сығай 

ханнан қосылатын. 



Күшік хан 1735 жылы желтоқсан айында 

А.Тевкелевке арнайы хат жолдап, өзара елші 

алмасуға шақырады.

Осы сәтте орыс үкіметі аталған хан, сұлтан, 

батырлардың 1735-1736 жылдардағы 

башқұрттардың азаттық соғысына көзқарасын 

анықтауға күш салады.

Сондай көтерілістің бірі -1735-1737 жылдары өтеді. 

Ресей бұл көтерілісті аяусыз басып, қанға бөктіреді. 

Башқұрттардың өзі екіге бөлініп, бірі орыстарға 

толық бағыныштылығын мойындаса, екінші бөлігі 

қарсылық білдіреді. Жеңілген башқұрттар 

қазақтардан көмек сұрай бастайды, қазақ жеріне 

қашып келіп паналайды. 

Қазақ арасында болған орыс тыңшыларының 

мәліметтеріне қарағанда Орынбор әкімшілігінің 

башқұрт халқына қатысты саясатын Кіші жүз 

билеушілерінің бір тобы қолдаса, Әбілмәмбет 

сұлтанға башқұрт жетекшілері жиі келіп, әскери 

көмек сұрайды.  



1737 жылы жаңа башқұрт көтерілісі 

басталар кезеңде башқұрттар алдын ала 

қазақтармен біраз мәселені талқылай 

бастады. Осы жылы 30 сәуірде Әбілмәмбет 

сұлтанға 40 башқұрт елшісі келіп, «Ресейдің 

қырып-жойып, жастарын соғысқа алып, 

шоқындырып жатқанын» хабарлап, қиын-

қыстау заман туа қалса қазақ иеліктеріне 

көшіп келу мәселесін көтерген. Кездесу 

соңында Әбілмәмбет сұлтан 2000 башқұрт 

түтінін қабылдауға келісімін берген.

1737 жылы Орта жүз ханы Сәмеке қайтыс 

болады да, 1738 жылы, бір деректерде 1739 

жылы Әбілмәмбет сұлтан Орта жүзге хан 

болып сайланады.  Бұрын ол Тобыл мен Есіл 

өзендері бойында көшіп-қонып жүрсе, енді хан 

болып сайланғаннан кейін Түркістан қаласына 

көшіп келеді.  

Орта жүздің ханы ретінде 

Әбілмәмбеттің саяси іс-әрекеттерінің 

шеңбері кеңейді де, ол қазақ-орыс, қазақ-

башқұрт, қазақ-қалмақ, және қазақ-

жоңғар қатынастарына белсене араласа 

бастайды

.



Оған дәлел – ханның 1740 жылғы қазақ-орыс 

келіссөзіне хан ретінде қатысуы, Орынборға өз 

талаптарын ел атынан жеткізуі болды.

Қалдан Серен (1693-1745)

жоңғар хандығының билеушісі.

Әбілмәмбет хан үшін XVIІІ ғасырдың 40-

жылдарындағы басты мәселе – шығыстағы азулы 

көршісі Жоңғариямен сенімді қарым-қатынас 

орнату болатын.

1739-1742 жылдары жоңғар билеушілері қазақ жеріне кең 

ауқымды жаңа жорықтарын жүргізеді .

Қазақ қоғамындағы саяси бірліктің болмауы және билеуші 

топтар  арасындағы араздықтар қазақтардың бірігіп, 

жауға қарсы тойтарыс беруіне кедергілер келтіреді. 

1723-1725 жылғы "Ақтабан шұбырынды" жылдарын-

дағыдай тағы да қарапайым қазақ халқы көп 

тонаушы лықтар мен босқыншылыққа ұшырайды. 

Кейбір тарих шылардың жоғарлардың бұл жорықтарын 

"Екінші ақтабан" деп атаған. Жоңғарлардың екінші 

жойқын жорықтары қазақ билеушілері арасына

өзгерістер тұғызады.    



Жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен ұзаққа созылған келісім-

шарттардан кейін шекара мәселесі бойынша Қытай 

императорымен ортақ мәмілеге келеді де, өзінің бар күшін 

қазақтарға бағыттайды. Қазақ билеушілері арасындағы 

өзара қырқыстар мен араздықтарды жақсы біліп отырған 

ол, Орта жүзді біржолата бағындырмақ оймен бірнеше 

бағытта жорықтар ұйымдастырады. "Екінші 

ақтабанның" алғашқы жорығы 1739 жылы күзде басталып 

1740 жылдың қысына дейін жалғасады. Қыс түсіп, қардың 

қалың болуына байланысты жоңғарлар шабуылдарын 

уақытша тоқтатады да, мол олжамен кері оралады. 

Жоңғарлардың екінші жорығы 1740 жылдың күз айларында 

Орта жүз аумағында қайта басталады.      

Жоңғарлардың осы үшінші 

жорығында  Орта жүз сұлтаны 

Абылай жоңғарларға тұтқынға 

алынды.

Қазақтың бірнеше аты шыққан 

батырлары жоңғарлар қолына 

тұтқынға түседі.Осы үшінші 

жорық барысында Орта жүз 

сұлтаны Барақтың да жасағы 

жеңіліске ұшырайды.  



Абылаймен бірге мыңдаған қазақтар мен ел 

ішіндегі торғауыттар Жоңғарияға әкетіледі. 



Ал жоңғар бағытындағы негізгі күш 



Әбілмәмбет хан төңірегіне топтасады.



Мұның арты өзара келіссөздерге ұласады. 



Алдымен Әбілмәмбет хан иелігінен 1741 

жылы жаз айларында уақ руынан Ақшора 

бастаған елшілік Қалдан-Серенге аттанады. 

1742 жылғы 14 сәуір Қазақтың батыр сұлтанына 

жоңғар билеушісі Қалдан Серен ханнан үш адам елшілік 

келді, аздаған сыйлығы бар, өз хандарынан хат  әкелді. 

Хатты Әбілқайыр ханға тапсырады. 

Қалдан Серен бұйрығы:                 

Әбілмәмбет хан, Батыр сұлтан қазақтың басқа 

да билеушілері мен басшы ел ағалары 

Түркістанға келіп қоныстансын;

Қазақ билеушілері, оның ішінде 

Әбілхайыр хан да бар, ұлдарын аманат 

ретінде, әкеліп тапсырсын;

Орта жүз бен Кіші жүз халқының әр 

түндігінен бір қарсақ терісі есебі мен 

салық жинатып, әкеліп, тапсырсын;



Аманат мәселесі Әбілмәмбет хан елшісі 

Ақшораның жоңғар билеушілерімен болған 

келіссөздерінде де қойылады. Қонтайшы 

Әбілмәмбет ханға «қазақ арасында 

Қонтайшының ұлы Шуна батырмын деп өзін-

өзі жалған атап жүрген Қарасақалды кейін 

қайтарудың маңыздылығын» ескерткен.Ал бұл 

Қарасақал дегеніміз Қалдан –Сереннің туған 

інісі болатын.



Содан көп ұзамай Орта, Кіші жүздегі 1500-ге жуық ел 

игілері жиналып, арнайы кеңес өткізеді. Осы кеңеске 

қатысушылар жауды тоқтатып, тұтқынға түскен 

қазақтарды қайтарып, атамекенді сақтаудың барлық 

жолдарын талқылайды.

Ресей саясаткерлерінің түрлі айла-

шарғыларына қарамастан, Әбілмәмбет хан 

өткен кеңес шешіміне сәйкес тамыз айында 

өзінің екінші ұлы Әбілпейіз сұлтанды Нияз 

батырмен бірге Жоңғарияға аманатқа жібереді.



Осы кезде Әбілмәмбет хан «Өзінің ұлын 



жоңғарға аманатқа емес, інісі Абылайды көріп, 

оны босатып әкелуге, қазақтар мен жоңғарлар 

арасында тыныштық орнатуға, қоныс-

жайылым мәселелерін шешуге жібергені», 

«Галден-Церенге бұрынғы жерлерімізді –

Түркістан қаласын, оған тағы 32 қала қосып 

бермек», – деп ойын ашық айтқанын 

мойындайды.



Әбілмәмбет хан атынан Жоңғарияға барған Жәпек 

батыр бастаған елшілер Абылай сұлтанды 

босатып, 1743 жылы маусым айының соңына 

қарай елге оралған.



Әбілмәмбет хан саясатын жүзеге асыруда 



Малайсары батыр да айтарлықтай көмек 

көрсеткен. Ол Жоңғарияға жіберілген Әбілпейіз 

сұлтанның, Нияз батырдың ұлының жанында 

болып, Абылай мен оның жанындағы қазақтарды 

елге қайтарып, қазақ-жоңғар келіссөзінің сәтті 

аяқталуына барын салады. Сонымен, көптің 

қолдауымен Әбілмәмбет хан Абылайды елге 

қайтарып, қазақ-жоңғар қарым-қатынасы 

тарихының жаңа бетін қалыптастырады



Абылай көптеген жоңғар билеушілерімен 

сенімді байланыс орнатса, алыс-берісте 

жүрген елшілер елді таниды. Дегенмен

Әбілмәмбет хан жоңғар билеушісі сұраған 

Қарасақалды оларға беруді түрлі 

сылтаулармен соза береді. Қарасақалдың өзі 

Башкириядағы 1740 жылғы Ресейге қарсы 

бағытталған ұлт-азаттық қозғалыстың 

басшысы болатын. Күрес жеңіліс тапқан 

соң, 1740 жылы мамыр айында ол Орта 

жүзге өтіп, қазақтардан пана табады. 

Шығай хан 

1744 жылы көктемде кеңес шешіміне сәйкес 

Жоңғариядағы аманаттағы Әбілмәмбеттің ұлы 

Әбілпейіз орнына Барақ ұлы Шығай сұлтан

аттандырылады. 



1744 жылы Әбілмәмбет хан біржолата 

Түркістанға көшеді. Орнына ұлы Болат  

сұлтанды қалдырады.



Сөйтіп, Әбілмәмбет хан ата-бабасының мекені 

Түркістанға орнығып, қазақ елінің оңтүстік-

шығысындағы саяси-экономикалық мәселелерді 

шешуді қолға алады. Осы кезеңде Әбілмәмбет 

қазақтың бас хандығына сайланған. Әбілмәмбет 

Нұралы, Абылай хандар мен өзге де жас 

сұлтандарға бас хан ғана емес, сонымен бірге, 

олардың немере ағалары, хандар әулетіндегі ең 

үлкені, ақылшылары болып қалады.



Әбілмәмбет хан Түркістанда тұрақтағанымен, 



елдің солтүстігіндегі жағдайды өз бақылауынан 

шығармаған.



XVIІІ ғасырдың 50-

жылдары 

Әбілмәмбет 

Абылаймен бірлесе 

Жоңғариядағы 

нойондар саясатына 

ықпал жасай 

бастады. Жоңғар 

тағына таласқан 

нойондар ақыры өз 

мемлекеттерін 

құлатып тынады. 

Абылай хан



Тарих сахнасынан Жоңғарияның кетуі қазақ-қытай 

арасындағы ресми қарым-қатынастың басталуына жол 

ашады. Осындай жағдайда Әбілмәмбет пен Абылай 

шекарадағы қытай әскерлерімен келіссөзді жүргізуді 

Әбілпейіз сұлтанға жүктейді. Бейбіт келісім мен еркін 

сауда-саттықты алға тартқан Әбілпейіз сұлтан 

ұсынысын қабылдаған қытайлықтар өз елшісі Даликаны 

Абылайға жіберген. Елшіні оң қабылдаған Әбілмәмбет 

те, Абылай да, өзге ел игілері де Жоңғарияның келмеске 

кеткенін түсініп, Цин патшасына өз елшілерін жіберу 

қажет деп табады.



1757 жылы 30 тамызда Әбілмәмбет ханның ұлы 

Әбілпейіз бен Абылай хан алғашқы қазақ елшілерін 

Қытайға аттандырады. Қазақ елшілері Цин 

патшасына: «Тарбағатай біздің бұрынғы көшіп-қонып 

жүрген жеріміз еді. Өзіңіздің ілтипатыңызды білдіріп, 

осы жерді бізге берсеңіз», деп шекара мәселесін 

жеткізсе, қытайлықтар Әмірсананы қайтаруды талап 

еткен.



Қытайлықтар Әмірсананы іздеуді сылтауратып, қазақ 



билеушілері туралы ақпарат жинаған. Олар: «1758 

жылы күзде Орта жүзде бір хан болған, ол Есім хан, ал 

оның ұлы Жәңгір хан деп аталады. Жәңгір ханның ұлы 

Тәуке хан. Тәуке ханның ұлы Болат хан болса, Болат 

ханның ұлы Әбілмәмбет хан деп аталады. Қазіргі таңда 

Әбілмәмбет хан билік етіп отыр. Әбілпейіз –

Әбілмәмбеттің ұлы, қазір сұлтан лауазымын 

атқарады. Абылай – Әбілмәмбеттің аталас 

бауырларының ұлы, хан тағына отырмағандықтан 

сұлтан болып табылады, ол армия бастап шекаралық 

аймақта бекінген», деп жазған. 



Сөйтіп, Қазақ елі Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін екі 

алыптың – Ресей мен Қытайдың ортасында қалды. Ресей 

қаншама күш салғанымен Әбілмәмбет пен Абылайдың 

Қытаймен байланысына кедергі жасай алмады. 



Тілмәш М.Араповтың анықтауынша, Әбілмәмбет 



Қытайдың әскери күштерін кері қайтарып, сенімді 

қатынас орнатқан соң Абылайға Ресеймен де байланысты 

үзбей, елші алмасып, қарым-қатынасты жалғастыруды 

тапсырған екен. Мұның өзі тағы да ел игілері арасындағы 

бірлікті көрсетеді. 



Әбілмәмбет хан өзі Түркістан қаласында тұрса да, жаз 



айларында алтай-арғын руына келіп, сонда бірталай 

уақыт болып, Абылай шеше алмайтын мәселелерді шешіп 

отыратын болған. 



1761 жылы Қытай патшасына Әбілмәмбет хан, Кіші жүзден 

Нұралы, Орта жүзден Абылай хандардың елшілері аттанады. 

Қытайлықтар бұл елшілердің мақсаты «сый-сияпат алу» деп 

анықтағанымен, қазақтар үшін басты мәселе ішкі бірлікті 

дәлелдеу, Әбілмәмбет пен Абылайдың сыртқы саясатына қолдау 

көрсету болатын.



Әбілмәмбет хан осы кезеңде тарих сахнасына барша 



мұсылмандарды қорғаушы ретінде көтерілген Ауған шахы 

Ахметпен де байланыс орнатты. Қытайға қарсы көтерілген 

Ахмет қазақты өзіне тартуды көздеп, Әбілмәмбет, Абылай, 

Нұралы хандарға хабар салады. Содан күн тәртібіндегі ауған-

қытай соғысы бола қалса қазақтардың саясатын анықтау 

мақсатында Әбілмәмбет хан Түркістанға барша қазақтың 

игілерін жинауды бұйырады. 



Құлсары батыр 1763 жылы қыркүйекте Түркістанға шамамен 



6000 адам жиналып, болашақ саясатын талқыламақ дегенді 

хабарлайды. Кейін Орыс сұлтаннан белгілі болғандай, қазақтар 

Ахмет шах ұсынысын қолдаған екен. Ахмет шахтың батыл 

саясаты мен оны қолдаушылардың барлығы Қытайдың 

саясатына әсер етсе керек, ол Қазақстанға байланысты 

көзқарастарын біршама тежеген. Мұның өзі Әбілмәмбет пен 

Абылайдың көршілес қырғыздар мен қоқандықтардың елдің 

оңтүстік-шығысындағы шапқыншылық саясатына қарсы ашық 

қимылдауына жол ашқан.



Міне, осындай қилы тарихи оқиғаларда Әбілмәмбет хан 

қазақ үшін, оның ертеңгі болашағы үшін болған шешуші 

тарихи текетіресте – батысы мен шығысындағы, солтүстігі 

мен оңтүстігіндегі маңызды, барлық түйінді мәселелерде 

ойып тұрып өз орнын алды.

Ол XVIІІ ғасырдың 70-жылдарына дейінгі ұлан-байтақ 

территорияны иеленіп, айналадағы Ресей, Иран, Жоңғария, 

Қытай, Ауған елдерімен болған қарым-қатынаста ұлт 

мүддесін жоғары қойып, қазақтың бірлігін сақтауда көзге 

түседі. 



Өз заманында жаулап алушылық саясатты ұстанған елдер 



Әбілмәмбетті Әбілқайыр ханнан кейінгі қазақтың бас ханы 

ретінде таниды. Оның тікелей қатысуымен Жоңғария 

түпкілікті жеңілді, қытай қазақты таныды, оңтүстік 

қалалар, соның ішінде, Түркістан кері қайтарылып, 

қазақтың астанасы ретінде қайта түлейді. 

Ресей, соның ішінде, 

И.И. Неплюев 

Әбілқайырды тарих 

сахнасынан 

кетіргенімен, 

Әбілмәмбет пен 

қазақтың өзге хан, 

сұлтандарының 

арасында арандату 

саясатын жүргізе 

алмайды.



Әбілхайыр хан





И.И.Неплюев

Әбілмәмбет хан 

өмірінің қалған 

жылдарының бәрін 

Түркістан 

қаласында өткізеді 

де, 1771 жылы 

осында, шамамен 

80-нің үстінде 

қайтыс болады. 

Оның денесі 

қаладағы Қожа 

Ахмет Яссауи 

кесенесі маңына 

қойылады.

Әбілмәмбет ханның артында Болат, 

Әбілпейіз, Тәуке және Әбүлтек 

(Бөлтірік) есімді ұлдары қалады.

Үлкен ұлы- Болат арғын тайпасының 

қуандық тармағындағы алтай руын 

басқарады. 

Екінші ұлы Әбілпейіз сұлтан-Орта 

жүздің беделді сұлтандарының бірі 

болып, найманның бір бөлігі мен 

қаракерей руларына сұлтан болған. 

Әбілпейіз Абылайды барынша қолдап, 

1771 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін 

дәстүрлі құқығынан өзі бас тартып, 

Абылайдың хан сайлануын қолдайды. 



Қорыта келгенде, Әбілмәмбет Болатұлы қазақ 

тарихында өзіндік орны бар, қиын-қыстау, 

аласапыран заманда ел алдына шығып, 

халқының амандығын сақтауда өлшеусіз үлес 

қосқан атасы Тәуке, немере бауыры 

Әбілқайырдың азаттық ұранын жалғастырған 

тұлға. 

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі:

1. Кәрібаев Б.Б. Әбілмәмбет хан /Б.Кәрібаев //Мәдени мұра. -

2011. - № 6. - 60-67 б.

2. Қасымбаев Ж. Әбілмәмбет хан /Ж. Қасымбаев //Қазақстан: 

ұлттық энциклопедия. – І том. - Алматы, 1998. – 623 б.

3. Омарбеков Т. Әбілмәмбет хан /Т. Омарбеков //Ана тілі. -

2015. - № 24. - 18-24 б. 

Ғаламтор желісінен:

4. k.k.wikipedia.org/wiki/Әбілмәмбет хан   (қаралған уақыты 

20.09.2014);

5. i-news.kz/news/2012/11/15/6727684-abilmambet-han-turaly-

zhana-paiym.html

(қаралған уақыты 15.11.2014).

Назарларыңызға 

рахмет!




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал