Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет22/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
58 
барлап шыққанмен, төбеге жеткенше жер реңіне бір рет те зер салған 
жоқ. Жеткесін де, аяғының астындағы топыраққа емес, алыс көкжиекке 
көзі боталап кеп қарады. Ар жағындағысын оның сұқты жанарынан 
жасырғысы келгендей, көкжиек те көз талдыра бұлдырап, мұнартып 
жатыр. Бала мынау шетсіз-шексіз кеңістіктен, оның сілтідей тынған жым-
жырт тыныштығынан, тылсым сабырынан бір түрлі елегізетін тəрізді. 
Бұрын өңі түгілі түсінде көрмеген алып біреумен ойда жоқта бетпе-бет 
оңаша кездесіп қалғандай, жон арқасы мұздап қоя берді. Көк есек те көзі 
жасаурап, жыпылық-жыпылық кірпік қағады. Бала көз ұшында көлкіп 
тұрып алған кекжиектен де, көкжиекке телміре қараған сайын тұнжырай 
түскен əке жанарынан да ештеңе ұға алмады. 
Бірақ бұдан соң ол кішкене қыстақты қусырып алған тар қолат əкпесін 
қысып бара жатқандай, кеңге қашатынды шығарды. Үй іргесіндегі 
алақандай бақшалықта тұқшыңдап жүруге құлқы шамалы; кішкене 
қыстақтың азғантай қозылағын айдап, өріске кетуге құмар. Тар қолаттан 
ұзаңқырап шығады да, қозылағын көкке жайып, шалқасынан түсіп 
аспанға қарап жатады да қояды. Қапелімде құлаққа ұрған танадай тып-
тыныш кеңістікке бағзыдан бері тек осының келуін күтіп жатқандай 
бірте-бірте жан кіре бастайды. Əуелі көлдария көк аспанның əлдебір 
жеріне қадалып ап сайраған торғай үні шығады; оған көктен, жерден көп 
шырыл қосылады; індігеш-індігеш аузынан жон арқасын шуаққа 
тосқан дала тышқандары өн бойларына шымырлап дари түскен күн 
нұрына масаттанып, шықылықтап береді. Көктемгі балауса көкті күрт-
күрт орған қозылақтың тынымсыз тысыры да бала құлағына күйдей 
жағады. Құлағы тола үн, сыбдыр. Көз алдында көк аспан. 
Ерен болмыс, жалпақ əлеммен жапа-жалғыз бетпе-бет қалған бала шуақ 
сорған жылы топырақтың үстінде ұзақ маужырайды. Өзі тілімен 
түсіндіріп бере алмастай бір тұңғиық сырларға алғаш түйсігеді. Айнала-
сындағы абыр-сабырды, асығып-үсігуді білмейтін бей-жай тіршілікке, 
парасатты тыныштыққа тəнті болады. Сонау төбеден төнген көк аспанға, 
соған дейінгі екі арадағы тұнық кеңістікке көзі құныға түседі. Көкжиек-
тен мамырлап көтеріліп, баяу жылжып келе жатқан қаймыжық шарбы 
бұлт осынау ұлан-асыр дүние иесінің «жарық жалғанда не болып жатыр 
екен, 
барып 
біліп 
келші» 
– 
деп, 
жұмсап 
жіберген 
құпия 
шолғыншысындай астындағы көл-көсір алқапты көлеңкесімен тінткілеп 
жүр. Міне, сол қазбауыр мамық бұлттың жер бетін сипап келе жатқан 
майда алақаны –қоңыр салқын көлеңкесі бұған да жетті. 
Бала əлдебір тылсым құдіретке түйсіккендей тұла бойы дүр шімірігеді. 
Артынан қайта күн шығады, шуақ молаяды, баланың балғын тəні 
қайтадан маужырай бастайды. Өмір ызғары қонақтамаған балапан 
көкірегі мынау көктемгі шуақтай тамыз нұрға толады, сан қилы қиялға 
шомады. 
Əлдебір уақытта жамбасы ұйып, арқасы талғанда басын жерден көтереді. 
Төңіректе үн азайған. Күн көзі де баюға бет алыпты. Қиялшыл бала 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет