Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет2/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
38 
Екінші
 бөлім 
 
МҰНАРА

Бəрі де мұның сол жөткірініп қалғанынан болды. Əйтпесе айналасын 
алыстан шолып келе жатқан қалың нөкер мұның қасына тоқтамайтын 
еді. Не шайтан түрткенін өзі де білмейді, аяқ астынан тамағының 
жыбырлап қоя бергені. 
Қайдағы аяқ астынан болсын... «Əмірші бүгін намазға келеді» деген 
хабарды естігенде-ақ, бұның екі тізесі дірілдеп ала жөнелгенді. Қорыққан 
баладай бірден сыр алдырып алғанына қысылып, қасындағыларға қарап 
еді, біразы қобалжып тұрса керек, əдетте түнеріңкі жүретін қабақтары 
жұмсарып, өңдеріне күлкі де емес, қорқыныш та емес, бір бейжай 
сезімнің табы қонақтапты. Іштеріндегі мосқалдары ғана сыр берген жоқ. 
«Келсе келгені жақсы» дегендей, мұрттарын ширатып қояды, көздерінде 
бір қуақы ұшқын ояныпты. Мұндайда қуану керек екенін, қорқу керек 
екенін анық білмейтін жастау жағы жүздері қуқыл тартып, абыржыған 
қалып таныт-ты. Бұрын анадайдағы медресе үйіне əр таң сайын сары ала 
күйме кеп кіргенде ол осылай абдырап сала беретінді. Ондайда сонау 
етектен төбеге дейінгі шым-шытырық, ағаш тордың ішіндегі жүздеген 
адам бəрі бірден сайрап қоя берген тордағы құстардай: «Əне, өзі келді», – 
деп сыпсың ете қалатын-ды. 
Жүздеген кісінің аузынан бір сəтте, бірдей шыққан үш сөз таңғы ауаны 
тесіп өтіп, күймеден түсіп жатқан Ұлы Əміршінің құлағына жетіп 
барғандай көрінетін оған. Күні бойы медресе жақтан көз алмайтын. 
«Əнекей, өзі қарап отыр...» Сонау көк домалақ күмбездің төбесінде 
жыбырлап жүрген кішкёне ноқаттардың аузынан шыққан осы сөз, 
мұнараның ұшар басында тұрған мұның құлағына ап-анық естіледі. 
Əлдекім Əмірші туралы бірдеңе айта қалса, тура көк желкесінен кеп жебе 
қадала кеткендей, тұла бойы дүр түршігіп, қара шашақты найзаларын 
көкке шаншып, сақшылар қоршап тұрған медресе жаққа жалт қарайтын. 
Бірақ самсап тұрған қарулы сақшылардың ешқайсысы елең етпегенін 
көріп, жүрегі орнына түсетін. Бірақ қашан күн еңкейіп сары ала күйме, 
қара ат мінген қалың нөкерді соңынан ертіп сарайға қайтқанша, медресе 
жаққа елегізіп қайта-қайта қараумен болатын. 
Рамазан айының төрті күні дəл осы арада Əмірші мешіттің ірге тасының 
қалай қаланып жатқанын өз көзімен көріп тұрды. Бірақ бұның анадайда 
көп нөкердің ішінде тұрған Əміршіге бұрылып қарап алуға жігері жет-
педі. Екі кісі алма-кезек алып беріп тұрған қыш кірпішті тұқшыңдап қалай 
берді. Олардың қиюының қалай келіп жатқанына да жөнді зер салған 
жоқ... 
Содан бері төрт ай өтті. Бес жүз кісі тауда тас шығарып жатты. Екі жүз 
кісі оны сол арадан жылтыратып өңдеді. Арба жеккен тоқсан бес піл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет